В помощь педагогу.
Вторник, 16.04.2024, 21:20
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [3]
Казахский язык и литература [20]
История и обществоведение [8]
Английский и немецкий языки [4]
Физика [2]
Химия [1]
Уроки музыки [0]
Классному руководителю [0]
Начальная школа [11]
НВП, ОБЖ [1]
Новые технологии [1]
География [4]
Гуманитарий [0]
Школьная библиотека [0]
Школьный лагерь [0]
Школьный психолог [0]
Физкультура [3]
Внеклассные мероприятия [8]
Поделимся опытом в работе [0]
Про компютеры и не только. [0]
Разное [4]
О трудностях нашей работы [0]
Опыт и советы [1]
Директору и завучам [0]
Дошколёнок [3]
Самопознание [2]
Стихи и проза [0]
Мастер класс [0]
Математика и геометрия [7]
Театр и сцена [0]
Творческие работы [1]
Биология [0]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Оцените мой сайт
    Всего ответов: 79
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог файлов
    Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

    сыныптан тыс жұмыс "Қос тапқыр"
    [ Скачать с сервера (17.4 Kb) ] 24.11.2014, 22:08
    Тақырыбы:« Қос тапқыр» сайысы.
    Мақсаты: ана тілінің қадір-қасиетін ұға білуге, сезінуге, ана тілімізді сүюге, оны өшпес мұра етіп сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге тәрбиелеу, тілдің мәртебесін көтеруге үйрету, танымдық қабілеттерін арттыру. Әр баланың бойындағы қасиеттерін ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.
    Армысыздар ағайын, құрбы – құрдас
    Бармысыздар жанкүйер, әз - қауымдас!
    Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық
    Сайыста көңілменен қол соғайық.
    Біздерде ойын - сауық басталады,
    Тамаша күй тартылып, ән салады.
    Қошеметтеп, қол соғып отырайық
    Ұмыттырар күн бойғы шаршағанды.
    Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Қос тапқыр» сайысына қош келдіңіздер!
    Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,
    Әр үйде ататұғын жаңа таңбыз.
    Жан мен тән сұлулығын тепе - тең ғып,
    Бар елді өзімізге қаратамыз.
    Ортаға қатысушы жұптарды шақырамыз.(музыканың сүйемелдеуімен ортаға қатысушы жұптар шақырылады)
    Ерке өсіп, ең жайланған ұл мен қыз,
    Асыға сәлем жолдап, жүректен біз.
    Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
    Сіздерге тарту етіп келіп тұрмыз.
    Көп сөйлеп жан жобадан аспайық біз,
    Қандай сайыс болса да қашпайық біз.
    Ал, енді сіздер рұқсат етсеңіздер
    Қанеки, жұптар сайысын бастайық біз.
    Сайыс бағдарламасы 5 кезеңнен тұрады.
    1. «Кел, танысайық» (өздерін таныстыруы)
    2. «Викторина» (сұрақ - жауап)
    3. «тақырып бойынша сұхбаттасу»(берілген мәтінді оқып,5 сұрақ дайындау керек)
    4. Шығармашылық жұмыс (салт- дәстүрінен көрініс)
    Әділ қазылар алқасымен таныстыру (әр кезеңдердің арасында музыкалық сәлемдеме) Сайысымызды бастамас бұрын бүгінгі сайысқа қазылық ететін әділқазылар алқасы мүшелерімен таныс болайық.(Әділқазылар алқасының мүшелері сайланады)
    Деген екен қазақ халқы «Сәлем - сөздің анасы»,
    Біледі оны еңкейген қарт, еңбектеген баласы.
    Амандасу - ізгіліктің, сыпайылықтың белгісі,
    Сәлем достар? Амансың ба? Қалайсың? – дегендей.
    1 - кезең «Кел, танысайық» кезеңін бастаймыз Шарты: әр қатысушы жұптар өздерін таныстырып шығады. Ортаға бірінші жұпты шақырамыз.
    2 - кезең Сұрақ - жауап.
    Шарты: сұрақтарға тез жауап беру керек. Барлық жұпты ортаға шақырамыз.
    сұрақтар
    1.Қазақ тілінде Неше сөз табы баржәне оларды атап бер? (9 з,с,с,ес,ет,үстеу,еліктеу сөз,шылау,одағай.)
    2. «Қараңғы қазақ көгіне
    Өрмелеп шығып күн болам!» - деген жолдардың авторы кім?(Сұлтанмахмұт Торайғыров)
    3. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер қалай аталады? (антоним)
    1.Абай ҚҰнанбаев қай жылы туды және неше қара сөзі бар?(1845,45)
    2.Құрмалас сөйлемнің түрлерін ата. (Салалас,сабақтас,аралас)
    3. Қырық мысал», «Маса» жинақтарының авторын белгілеңіз. (Ахмет Байтұрсынов)
    1.Ата заңы қай жылы қабылданды?(1995)
    2. Жүз жасаған ақын? (Жамбыл Жабаев)
    3. Киіз үйдің негізі.( кереге)
    1.Қазақтың ұлттық ойындарын атап бер.
    2.Синоним дегеніміз не? (мағыналары бірдей сөздер)
    3.Оқшау сөздің түрлері қандай? (қаратпа,қыстырма,одағай)
    3 - кезең «тақырып бойынша сұхбаттасу»
    Шарты: берілген тақырыпқа байланысты сұхбаттасу.Әр жұп бір мәтін алады, сол мәтінге 3 минут ішінде диалог құрулары керек.
    Ал, енді сайыскерлеріміз дайын болғанша көрермендермен мақал жалғастырайық.
    Мақал жалғастыру.--- . Жүзігің алтын болғанша… (жүзің жарқын болсын)
    1. Ұлға отыз үйден тию… (қызға қырық үйден тыйым)
    2. Атаңның баласы болма… (адамның баласы бол)
    3. .Білекті бірді жығар…. (білімді мыңды жығар)
    4. . Шешен сөз бастар… (батыр қол бастар)
    5. Әке көрген оқ жонар… (шеше көрген тон пішер)
    6. Жақсы байқап сөйлейді… (жаман шайқап сөйлейді)
    7. . Әдепті бала – арлы бала… (әдепсіз бала – сорлы бала)
    8. Жақсыдан үйрен… (жаманнан жирен)
    9. .Балапан ұяда не көрсе,.. ( ұшқанда соны алады)
    11. Қына тасқа бітеді,.. (ақыл басқа бітеді)
    12.Ата – бәйтерек,.. ( бала – жапырақ)
    жақсы рахмет. 3 кезеңімізді жалғастырайық. Ортаға екінші жұпты шақырамыз. (3,4,1жұп)
    Ал, қазір алдарыңызда қазақ биі қарсы алыңыздар.
    4 - кезең «Шығармашылық жұмыс»
    Шарты: әр жұп дайындап келген қазақтың салт- дәстүрін көрсетеді.Ортаға үшінші жұпты шақырамыз, қарсы алайық. (4,2,1.)
    Ал енді әділқазы алқасы дайын болғанша би өнерін тамашалайық, содан кейін сіздерге сөз береміз.
    Ал енді әділқазы алқасына сөз береміз.(Марапаттау.)
    Жеңіс пенен жеңілістен тұратын,
    Өмір - күрес, жеткізе ме мұратың.
    Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,
    Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң оны ұғатын
    «Қош» дейміз, әлі талай сайыстар бар,
    Өнерлерің шыңдала берсін, қалыспаңдар.
    Көрермендер көбейсін күннен - күнге
    Келе берсін қонақтар ғарыштан да - деп «Қос тапқыр» сайысын аяқтаймыз.
    Категория: Казахский язык и литература | Добавил: kalasovaaltin
    Просмотров: 669 | Загрузок: 5 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024