В помощь педагогу.
Среда, 24.04.2024, 12:33
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [3]
Казахский язык и литература [20]
История и обществоведение [8]
Английский и немецкий языки [4]
Физика [2]
Химия [1]
Уроки музыки [0]
Классному руководителю [0]
Начальная школа [11]
НВП, ОБЖ [1]
Новые технологии [1]
География [4]
Гуманитарий [0]
Школьная библиотека [0]
Школьный лагерь [0]
Школьный психолог [0]
Физкультура [3]
Внеклассные мероприятия [8]
Поделимся опытом в работе [0]
Про компютеры и не только. [0]
Разное [4]
О трудностях нашей работы [0]
Опыт и советы [1]
Директору и завучам [0]
Дошколёнок [3]
Самопознание [2]
Стихи и проза [0]
Мастер класс [0]
Математика и геометрия [7]
Театр и сцена [0]
Творческие работы [1]
Биология [0]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог файлов
    Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

    Әдеп пен тәртіптің негізі - тіл.
    22.09.2015, 10:19
    Есенберлина Айнұр Ермекбайқызы -
    қазақ тілі мен қазақ әдебиет пәнінің мұғалімі
    «Жезқазған қаласының № 4 орта мектебі» КММ

    Тақырыбы: Әдеп пен тәртіптің басы – тіл.
    Сыныбы: 1 «В»
    Мақсаттары:
    Білімділік : ағылшын, орыс тілдері әлемдік тілдер қатарына жататындықтан жас шәкірттерге олардың маңыздылығын сезіндіру, ана тілінің қадір қасиетіне, болашағына қамқор болып, дамыту үшін өз үлестерін қосуы керек екендігін ұғындыру. Дамытушылық:оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
    Тәрбиелік: оқушылардың ана тілін біліп өзге тілдерді құрметтеуге шақыру. өзге елдің тілін , мәдениетін, әдебиетін білетін дара тұлға даярлау;
    Сабақтың түрі: нәтиже сабағы
    Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, жұптық жұмыс, топтық жұмыс,ойын , суретпен жұымс.
    Пәнаралық байланыс:орыс, ағылшын тілдері.
    Көрнекілігі: сабақтың тақырыбы жазылған плакат, сабақ барысында қолданылатын көрнекі құралдар, қиынды қағаздар, «жұлдызша», оқу құралдары бейнеленген суреттер:
    1. Кітап
    2. Қалам
    3. Қарындаш
    4. Күнделік
    5.Дәптер
    Барысы:
    І .Ұйымдастыру кезеңі
    -Сәлеметсіздер ме бүгінгі мерекенің қадірлі қонақтары! Бәріміз осы жерде дүниеге келіп, бәріміз осы таңғажайып Қазақстан мемлекетінде тұрамыз, әр алуан тілде сөйлейміз. Себебі Қазақстан көпұлтты мемлекет. Бүгінгі мейрам - тілдер күні!
    Здравствуйте, дорогие гости нашего праздника! Жители необъятного Казахстана! Все мы родились в этой прекрасной земле, а говорим на разных языках. И все потом, что Казахстан – многонациональное государство. Сегодня мы празднуем День языков.қош келдіңіздер!
    ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
    «Жұлдыз жолы» ойыны арқылы мен сіздерден үйге берілген сөздікті сұрап шығамын, дұрыс жауап берген оқушыға «жұлдызша» беремін.4 оқушы әр қатардың артына барып тұрсын, дұрыс жауап берген жағдайда бір қадым алға басып отырады.
    Привет, пока, школа, ручка, мальчик, девочка, учитель, как тебя зовут?, ученик, один, пять, досвидания, книга, меня зовут - , стерка.
    1.Тақтамен жұмыс:
    Тақтада ұл,қыз баланың суреті және әже мен мұғалімнің суреті бейнеленген оқушы қалай амандасып- қоштасатынын айтады.
    2. Жұптық жұмыс :
    Екі оқушы өзара диалог құрып сөйлеседі:
    -Сәлем!
    -Сәлем!
    -Сенің атың кім?
    -Менің атым – Игорь.Ал сенің атың кім?
    -Менің атым- Аня. Сен неше жастасың?
    -Мен алты жастамын. Сен ше?
    -Мен де алты жастамын.
    -Сен қайда барасың?
    -Мен мектепке барамын.
    -Сау бол!
    -Сау бол , Аня!
    ІІІ. Сергіту сәті:
    Тербеледі ағаштар,
    Алдымнан жел еседі,
    Кіп – кішкентай балалар,
    Үп- үлкен боп өседі.
    3. Жалпылама жұмыс:
    Мұғалім оқушылармен оқу құралдарын бірге қайталап еске түсіреді де , өзі көрсете отырып оқушылардан жалпылама көрсете қайталауды тыңдайды.
    Қарындаш, қалам, кітап, дәптер, өшіргіш, сызғыш.
    4.«Тіл білгірі» сайысы оқушылар үйге берілген тақпақтарын айтады:
    Мен мектепке барамын.
    Қолыма гүл аламын,
    Дайын дәптер қаламым.
    Мен мектепке барамын.

    Мен қазақтың тілімін!
    Мен қазақтың тілімін!
    Беретін көп білімім,
    Достасатын сендермен
    Жаңа пәннің бірімін.

    Тілім барда мақтанам.
    Тілім менің аппақ ән,
    Бірлігімді бүгінгі
    Ана тілім сақтаған.
    5. «Бәйге» сайысы:
    Еліміз көп ұлтты болғандықтан еліміздің әр тұрғыны үш тілді бірдей меңгеретіні анық. Сайысымызды бастамас бұрын тіл құдіретін қастерлей білетін оқушыларымызды шақырамыз.Мұнда қазақ, орыс ағылшын тілдері бойынша сұрақтар беріледі. Берілген сұрақтарға тез, шапшаң жауап беру керек. Белгі картасын бірінші көтерген оқушы жауап береді, жауап дұрыс болмаған жағдайда келесі көтерген ойыншы жауап беруге болады.
    «Бәйге» Сұрақтар:
    1. «Тіл» сөзі қалай аударылады?
    Жауабы: тіл,язык,language
    2. Сендер қайда келдіңдер?
    Жауабы: мектепке, в школу, school
    3. Сенің атың кім?
    Жауабы: Менің атым - . My name is, меня зовут-.
    4. Мынау не?
    Жауабы: қалам, ручка, pen
    5. Онға дейін сана қазақша, орысша, ағылшынша.
    Жауабы: бір,екі, үш, төрт, бес, алты, жеті,сегіз, тоғыз, он.Один, два, три, четыре, пять, шесть, семь, восемь, девять, десять. Оne ,two, three, four, five. six, seven, eight. nine, ten.
    6. Суретпен жұмыс:
    Тақтада суреттер берілген соларды ашып, орысша – қазақшасын айтады;
    Кітап, қалам, қарындаш, өшіргіш, сызғыш.
    ІҮ. Сабақты бекіту:
    1. Топпен жұмыс : әр қатарға «қиынды қағаз» беріледі олар оны құрастырып, аудармасын айтады. Олар: мұғалім, қыз бала, ұл бала.
    Сұрақ мұғаліммен, ұл баламен, қыз баламен қалай амандасамыз?
    Жауабы: Сәлеметсіз бе, мұғалім!
    Сәлем, Антон!
    Сәлем, Оля!
    2. Сұрақ – жауап жүргізу:
    Мынау не?
    Мынау – қалам, күнделік, қарындаш, өшіргіш.
    Мынау кім?
    Мынау – мұғалім, оқушы, ұл бала, қыз бала.

    Ү. Бағалау.
    Оқушылырдың сабақ бойында көрсеткен ынта – жігеріне, біліміне қарай тиісті бағасын қою.
    Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Есенберлина
    Просмотров: 693 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024