В помощь педагогу.
Пятница, 29.03.2024, 01:56
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [3]
Казахский язык и литература [20]
История и обществоведение [8]
Английский и немецкий языки [4]
Физика [2]
Химия [1]
Уроки музыки [0]
Классному руководителю [0]
Начальная школа [11]
НВП, ОБЖ [1]
Новые технологии [1]
География [4]
Гуманитарий [0]
Школьная библиотека [0]
Школьный лагерь [0]
Школьный психолог [0]
Физкультура [3]
Внеклассные мероприятия [8]
Поделимся опытом в работе [0]
Про компютеры и не только. [0]
Разное [4]
О трудностях нашей работы [0]
Опыт и советы [1]
Директору и завучам [0]
Дошколёнок [3]
Самопознание [2]
Стихи и проза [0]
Мастер класс [0]
Математика и геометрия [7]
Театр и сцена [0]
Творческие работы [1]
Биология [0]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 226
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 226
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог файлов
    Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

    Келісемін\келіспеймін Оқушылардың демалысы
    [ Скачать с сервера (18.6 Kb) ] 23.11.2017, 22:46
    Қазақ тілі 5-сынып
    Сабақтың тақырыбы Келісемін\келіспеймін
    Оқушылардың демалысы
    Жалпы мақсаты Оқушылардың сын есім, сын есімнің шырайлары туралы түсініктерін жетілдіру. Мәтін ішінен сын есімдерді тауып, сындық қасиеттерін ашуға жағдай жасау. Тілін дамыту. Сөздік қорын байыту.
    Оқу нәтижелері Сөйлем ішінен сын есімді анықтай алады, сын есімнің шырай жұрнақтарын таба алады.
    Топта бірігіп жұмыс істей алады, бірін-бірі формативті бағалай алады.
    Түйінді идея

    Сын есімнің сұрақтары: қандай? қай? Салыстырмалы шырайдың жұрнақтары: -лау, -леу, -дау, -дау, -тау, -теу, -рақ, -рек, -ырақ, -ірек; күшейтпелі шырай 1) күшейткіш буын арқылы,
    2) өте, тым, аса, ең, тіпті сөздері арқылы жасалады.
    Дереккөздер Оқулық, әдістемелік құрал, ғаламтор материалдары, сөздіктер.
    Құрал-
    жабдықтар Презентация, суреттер, аудио мәтін, мақал-мәтелдер.
    Тапсырмалар мен жаттығулар
    Ұйымдастыру кезеңі:
    1. Сәлемдесу
    2. Психологиялық дайындық.
    - Бүгін қандай керемет күн! Балалар, кәне бәріміз бір-бірімізге жылуымызды сыйлайық.
    Кел, жаныма, тұр сыныптас.
    Өз алақаныңды маған аш.
    Міне, менің қолым бос,
    Жылуыма жылу қос!
    Үй тапсырмасын тексеру:
    Оқушылардың сұхбаттарын тыңдау.
    «Кел, ойнайық» ойыны арқылы сын есім жайлы оқушылардың өткен сабақта алған білімдерін тексеру. Ойынның шарты: Мұғалім бір оқушыға сұрақ қояды. Ал оқушы жауап береді. Дұрыс жауапқа мұғалім жұлдызша ұсынады.
    - ............., бүгін ауа райы қандай?
    - Сын есім дегеніміз не?
    - Сын есімнің сұрағын ата?
    -Сын есімнің қандай шырайларын өттік?
    - Салыстырмалы шырайдың жұрнақтары қандай?
    - Күшейтпелі шырайға мысал келтір.
    Жаңа сабақ.
    Мотивациялық-қызығушылық кезеңі:
    1) Демалыстар туралы слайд көрсету.
    Оқушылар төрт топқа бөлінген. Конверт таңдайды.
    - Қандай тақырып таңдадыңдар?
    Әр топ алған тапсырмасы бойынша сурет салады, қорғайды. Қорғағанда сын есім шырайларын қолданады.
    1-тапсырма. Жұптық жұмыс.
    Сергіту сәті.
    Тапсырма:
    3) Әңгімені тыңда, сұрақтарға жауап бер.
    Оқу жылы да аяқталды. Жазғы демалыс басталды. Арман оқуды жақсы бітіргендіктен ата-анасы оны «Балдәурен» лагеріне демалуға жіберді. Ян Дробышев «Ясная поляна» лагерінде демалды. Олардың отрядтарының атаулары да әртүрлі болды. Әйгерімнің отряды «Жеті керемет» деп аталды. Лагерде балаларды күніне төрт рет тамақтандырды. Арман аспазшыларға рахмет айтты. Кешке таман балаларға арналған дискотекалар болды. Әйгерімге дискотека қатты ұнады. Балалар лагерде суға түсті, би биледі, байқаулар мен жарыстарға қатысты. Ян лагерде сабақ оқыды. Барлық ісшаралардан Арманның отряды бірінші болды.
    Білімді бекіту кезеңі:
    Тапсырма: Жазылған мақал-мәтелдерден сын есімді тауып, аудармасын айту.
    1.Ақ шашты ана:
    «Жастығым - балам» дейді.
    Ақылды бала:
    «Ай күнім - ана»дейді.
    2. Атадан жақсы ұл туса,
    Есіктегі басын төрге сүйрер.
    Атадан жаман ұл туса,
    Төрдегі басын жерге сүйрер.
    З. Таза сабаның қымызын іш,
    Мейірбан ананың қызын ал.
    4. Ащы сұраққа
    Тұщы жауап күтпе.
    5.Отансыз адам,
    Ормансыз бұлбұл.
    Қорытынды кезең:
    Рефлексия: «Бағдаршам» әдісі арқылы қорытындылаймын. Қажетті түрлі-түсті қағаздарды таратамын. Оқушылар сабақты жақсы меңгерсе жасыл, жартылай білсе сары, білмесе қызыл түсті стикерлерді жабыстырады.

    Үйге тапсырма «Менің арманымдағы лагерь» тақырыбына әңгіме жазып келіңдер.
    Бағалау Оқушыларды бағалау.
    Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Нурик3871
    Просмотров: 497 | Загрузок: 12 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024