"Ерте орта ғасырлардағы славяндар" дүниежүзі тарихы пәнінен 7 сыныпқа арналған сабақ жоспары. Мақсаты - Білімділік: Батыс және оңтүстік славяндар, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы туралы білім беру. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Тарихи-танымдық ізденіс, зерттеушілікке, ғылымға құштарлығын ояту. Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Сабақтың типі: Жаңа білім беру. Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру,жеке тапсырмалар орындау, тест ойыны. Жаңа сабақта оқушылар негізінен кесте толтырып, мәтінді оқиды және өздігінен жұмыс атқарады. Сабақ барысында тест жұмысы, сұрақ-жауап арқылы өтеді.