В помощь педагогу.
Четверг, 18.04.2024, 10:16
Форма входа

Категории раздела
Предметы и уроки [492]
Мои статьи [20]
Опыт и советы [60]
Разное [28]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Оцените мой сайт
    Всего ответов: 79
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Мои статьи

    Салыстыра оқыту пайдасы
    САЛЫСТЫРА ОҚЫТУ ПАЙДАСЫ

    Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде зат есімді салыстыра оқытудың маңызы өте зор. Салыстыра оқыту барысында оқушылар грамматикалық категорияларды тез әрі оңай меңгереді. Көптеген ғалымдар салыстыра оқытуды қолдап отыр. Мұғалім қандай жағдайларда салыстыру пайдалы екенін ескеріп және салыстыру кезінде қателіктерді жібермеуге аса мән беру қажет. Екі тілдегі фактілерді салыстыру жолы қысқа әрі үнемді болған жағдайда ғана жетістіктерге жеткізеді. Қазақ және орыс тілдерінде айырмашылықтар да, ұқсастықтар да бар. Жұмыс табысты болуы үшін мұғалім мына жағдайды ескереді: қазақ тілін меңгеру оқушыларға қиын болады. Себебі: қазақ тілі оқушылардың ана тілінен басқаша. Осы жағдайды мұғалім сабақ барысында үнемі қадағалап отыру керек. Қазақ тілінің мұғалімі орыс тілінің грамматикалық құрылысындағы ерекшеліктерді білуі шарт. Салыстыра оқыту кезінде орыс тілінен шығу керек пе, әлде қазақ тілінен шығу керек пе деген сұрақ туындайды. Кейбір әдіскерлер қазақ тілінен шығу керек десе, біразы қарсы пікірде. Бұл сұраққа жауапты кесіп айту мүмкін емес. Кейбір грамматикалық категорияларды оқытқанда орыс тілінен шығу тиімді болса, ал кейбір грамматикалық категориялармен таныстырғанда қазақ тілінен шығу дұрыс. Бұл мәселені мұғалім түсіндірілетін тақырыпқа байланысты шешеді.
    Қазақ тілінде род категориясы жоқ. Орыс тілінде 3 түрлі род категориясы бар: мужской род, средний род, женский род. Қазақ тілінде орыс тілінің әсерінен кісі аттарына “ова, ева, ов, ев” суффиксі қосылып, родтық мағына береді. Қазақ тілінде де, орыс тілінде де зат есімдер жекеше, көпше түрде қолданылады. Қазақ тілінде зат есімнің көптік, жіктік, тәуелдік және септік жалғаулары бар. Зат есімге (түбірге) - лар, лер, дар, дер, тар, тер жалғаулары жалғанып көптік мағына береді.
    Заттың жекеше және көпше түрі жайындағы мәлімет жеңілдетіліп, сұрақтары суретті сөздік арқылы түсіндіріледі. Сонымен қатар мұғалім заттың жекеше және көпше түріне байланысты кесте дайындайды. Оған оқушыларға таные сөздер ғана жазылады.
    Орыс тілінде а, я, и, ы, е жалғаулары түбірге жалғану арқылы көптік мағына береді. Мысалы: снег (қар), снега, день (күн), дни (күндер), волос (шаш), волосы (шаштар).
    Қазақ тілінде “май, сүт, ет, сұлулық, су” деген сөздерге көптік жалғау жалғанбайды. Ал, орыс тілінде “су - вода, чай - шай, мясо - ет, сахар - қант, алтын - золото” деген сөздерге көптік жалғау жалғанбайды.
    Зат есімнің жекеше, көпше түрде келуі екі тілде де кездеседі. Бірақ олар өте аз, мысалы: бір (бір адамдар деп айтпаймыз), один человек, екі адам (екі адамдар емес), два человека, бір кітап (одна книга), т.б.
    Орыс тілінде жекеше түрде келетін бірқатар сөздер бар, мысалы: глубина (тереңдік), терпение (шыдамдық, төзім), здоровье (денсаулық). Қазақ тілінде жекеше келетін зат есімдер де кездеседі мысалы: жаңбыр (дождь), қызылша (корь), қар (снег).
    Септік категориясы қазақ және орыс тілдерінде де бар. Септік жалғауларының септелу жүйесінде бірсыпыра айырмашылықтар кездеседі. Септік жалғауларының екі тілдегі ұқсастық және өзгешелік жақтарын оқушылар жақсы біле бермейді. Сондықтан, зат есімнің септік категорияларын екі тілде салыстыра оқытудың әдістемелік жағынан үлкен мәні бар.
    Орыс тілінде зат есімнің септік категориясы қазақ тіліне қарағанда күрделі деп айтуға болады. Өйткені, орыс тілінде ол род (тек), сан және сөзжасам категорияларымен байланысты.
    Орыс тілінде зат есім тек категориясына байланысты 3 түрлі септелуде (склонениеде) қолданылады. Орыс тілінде 6 септік, септелудің бірінші (I), екінші (II), үшінші (III) және ерекше септелуі бар. Бұлар бір-бірінен септік жалғаулары жекеше түрінде ажыратылады. Көпше түрінде аздаған айырмашылықтар бар.
    Септелудің бірде ашық, бірде жасырын түрде келетіні бар. Сөздің көбірек қолданылатын жеңіл формасының өзі де салыстыру әдісімен үйретілуге тиіс. Өйткені бір тілді әбден меңгеріп алғанға дейін сол тілде айтылған ұғымды өз тіліне аударып барып айқын ұғынады. Мысалы, сөздің жатыс септеу тұлғасын үйреткенде: а) сөздің осы тұлғасын көбірек келтіріп, әңгіме өткізіледі; ә) сұрақ-жауаптар арқылы жаттығу жұмысы жүргізіледі; б) сұрауы көрсетіледі; в) септік жалғауының жолдары түсіндіріліп, мәні бір екені айтылады; г) аяғында салыстыру жұмысы істеледі. Салыстырғанда да ең әуелі ұқсас келетіндері (кітап сөмкеде - книга в сумке, т.б.), ұқсас келмейтін реттері (Сәлім үйде - Салим дома, т.б.).
    Қазақ тілінде септік жалғауларының бәрі де дауыссыз дыбыстан басталып жалғанады - ның, - ға, - ты, - нан, - мен.
    Орыс тілінде зат есім род категориясы, сан (число), сөз тудырумен (словообразование) байланысты септеледі.
    Категория: Мои статьи | Добавил: Aldabergenova (30.11.2014) | Автор: Анар E
    Просмотров: 788 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 1
    1 карла  
    Сабағыңыздың құрылымы өте жақсы құрылған. Маған өте қатты ұнады. Рахмет!

    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024