Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың қысқы тіршілігі. Сабақтың мақсаты: Балаларды жануарлардың қысқы тіршілігімен таныстыру. Үй жануарлары мен жабайы аңдар тіршілігі жайлы айту. Оқушылардың тілдерін дамыту. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Туған өлкенің жануарларын қорғау. Үй және жабайы жануарларын қамқорлыққа алу, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Әдіс – тәсілі: түсіндіру, сұрақ – жауап. Көрнекілігі: тақырып мазмұнына байланысты суреттер, үй жануарлары мен жабайы жануарлардың суреттері. Сабақ барысы: Мотивациялық – қозғаушы - Балалар, мен сендерге өлең жолдарын оқып бергім келіп тұр. Шанамен зырғып желетін, Коньки, шаңғы тебетін, Аққала жасап ойнайтын, Қай мезгіл деп ойлайсың ? - Қыс мезгілі. - Әрине, бұл қыс мезгілі. - Жарайсыңдар , қыс мезгілінің белгілерін білеміз бе? Қар жауады, аяз болып, боран соғады, т.б. - Табиғаттта қандай өзгерістер болады? - Адамдар неге жылы киінеді? - Қалай ойлайсыңдар, жануарлар қыстан қалай қорғанады? Ойын: «Жануарларды топтастырайық ( Оқушыларға жануарлардың суреттері таратылып беріледі.) - Балалар, мен сендердің алдарыңа жануарлардың суретін таратып бердім. Суреттерді мұхият қарап шығыңдар. - Қане, кімде үй жануарларының суреті бар екен? - Үй жануарларының адамға қандай пайдасы бар? Кім айтады? Дұрыс айтасыңдар. Малды адамдар тұрмыс жағдайына пайдалану үшін асырайды. Олардың пайдасы өте көп. Малдың сүті, еті, жүні, терісі бізге көп пайда әкеледі. - Қане, жабайы жануарлар кімде екен? - Сен қолыңдағы жануарлар туралы не айтасың? Қасқыр. Қасқыр далада, орманда жүреді. Ол малдарды, түлкі, қояндарды жеп қояды. Аңшылар оны атады.Мынау – қоңыр аю. Қоңыр аю орманда болады. Ол балды жақсы көреді. Ақ аюлар да болады. Олар суға шомылғанды жақсы көреді. Суық жақта өмір сүреді. Түлкі. Мынау - түлкі. Ол өте қу аң. Түлкі туралы ертегі, мультфильмдер көп. Қоян. Қоян - қорқақ. Ол өте сүйкімді. Сондықтан қоянды үйде де асырайды. - Қалай ойласыңдар, қыста жануарлар не істейді? - Суықтан қалай қорғанады? - Қылышын сүйретіп қыс келді. Қылышын сүйретіп келді дейтін себебіміз, өзімен бірге қалың қарын, үскірік боранын, қақаған аязын ала келеді. Қыстан қысылмай шығу үшін біз көмір, ағаш отынымызды, тамағымызды дайындаймыз.
Ал, балалар, үй жануарларының бізге көп пайдасы бар. Сондықтан бізде оларға қысқы аязда қамқорлық жасауымыз керек. Суретке назар аударайықшы. Үй жануарларына қысқы азық, жем, шөп дайындап, қорасын жылытып қоямыз. Үй жануарларына қыста ересек адамдар қамқорлық көрсетеді. Қолдан шөп, жем, су беріп асырайды. Ал, жабайы аңдар қыстан, суықтан қалай қорғанады? - Аңдар да қысқа өзінше дайындалады екен. Күзде қысқы азықтарын әзірлеп, өздеріне жылы мекен дайындайды. Мысалы, аю қыста апанына жатып, қысқы ұйқыға кетеді. Ол қыс бойы ұйықтап жатады. Қасқыр үңгіріне, түлкі ініне, тиін ағаш дінінің қуысынан өзіне ұя жасап, ұясын жаңғаққа толтырады. Олар өздеріне азық іздеп, орманды, даланы кезіп жүреді. Қоян жауынан қорғану үшін тонын өзгертіп отырады. Сергіту сәті. - Алихан, сен қоян туралы ән білесің бе? - Онда әніңді айтып берші.Сендер де Алиханмен бірге орындаңдар. Еркін әңгіме құрастыру. «Тиін мен қоянның қысқы тіршілігі». Балалар тақырыпқа сай еркін әңгіме құрастырады. - Мына аңдар да қысқы азық іздеп, жорыққа шыққан екен. Енді өз мекендерін таба алмай адасып қалыпты. Көмектесіп олардың мекенін тауып берейік. Ойын. «Мекенін тауып бер».
Шығармашылық жұмыс: 1 - топ «Ормандағы қызықты оқиға» тақырыбында сурет салу. 2 - топ «Қысқы ойындар» тақырыбына түсті қағазбен жұмыс. Топтық жұмыстарды талдау. Қорытынды бөлім. Сұрақ –жауап әдісі арқылы балалардың білімін қорыту. - Қазір қандай мезгіл? - Қыс мезгілінің айларын атаңдаршы? - Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады? - Қыстан жануарлар мен аңдар қалай қорғанады? - Адамдар оларға қандай көмек көрсете алады? Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау.
Сабақта үй және жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі және күтіп-баптау жолдары қарастырылған.Оқушылар жануарлардың қысқы тіршілігі туралы мол мәліметтермен танысады.
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]