В помощь педагогу.
Суббота, 20.04.2024, 21:34
Форма входа

Категории раздела
Предметы и уроки [492]
Мои статьи [20]
Опыт и советы [60]
Разное [28]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Оцените мой сайт
    Всего ответов: 79
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Мои статьи

    КҮЙ АТЫСЫ

    Сарыарқа шілденің тас қайнатқан ыстығында астында ауыздығымен алысқан құла қасқа ат, үстінде шиделі күпі, бүтында жарғақ шалбар, басында ақ жалған-тыс, өткір көзді, маңдайы кере қарыс бір адам келе жатты. Бір нәрсесі түсіп қалғандай мезғіл- мезғіл артына қарап, біресе шоқытып алады. Алдынан соққан ат жүрісінің лебі оның ұзын сақалын екі айырып, кей кездерде шығынан асырып жібереді. Ердің қасындағы киіз қапты домбыра мен шығындағы ақауыз мьілтық оның қорғану құралы мен өнер қүралын бірдей ала жүргенінен хабар береді.
    Жолаушының өкше ізі Сарыарқада, маңцайы Сырдың бойы сияқты. Жүрісіне қарағанда жай жеғжатшылап бара жатқан адамға, не жоқ іздеғен жоқшыға үқсамайды. Даланың қожасы тап өзі сияқтанып жортып келеді. Күн төбеден ауып « қатын бесін » болған кезде біздің жолаушымыз біз көгалға келіп тоқтады да, ауыздығын алып, Қүлақасқаны отқа жіберді. Өзі келген жағына қарап біраз түрып, атының қасына барып домбырасын алды. Оң қолдың шынтағымен домбыраның түбін қолтығына қысып түрды да, бірнеше қағып-қағып жіберіп, сол қолдың салалы саусақтарын домбыраның мойнын қуалай жүгіртіп алды. Одан кейін көп тартпай, домбырасын қабына қайта салып, ерінің қасына іліп қойды. Биік аспаннан жер бетін молған қырандай, әрі-бері оң қолдың алақаның мандайына қойып, алдыңғы жаққа көз жіберіп түрды да, бір уақытта көк бетегені орақпен орғандай етіп, айналасын жылан жалағандай тақырлап, тойып алған Қүлақасқаның айыл-тартпасын қаттырақ тартып, ауыздығын салып алып, жүріп кетті. Енді бүрьшғыдай артына аландап қараған да жоқ , шаңын-шаңына қосып, бүлаң-қүйрыққа салып, « Сыр қайдасың?» дегендей тартты. Қүлақасқа да басын сүзе ауыздығын шайнай жер апшысын қуырып барады. Иесінің алған бағытын сезгендей жүрген желісті үдете түсті. Қүлақасқа аттың тымақты алшы кигізгендей әсем жүрісі жолаушының қасында жол қысқартып, қаңғыр-күңгір әңгіменің жоғын да білдірмеді. Кешке жақын соққан самал жел де атқа, адамға дем беріп, « жол болсын!» айтып түрғандай. Ол жолаушының бетінен сипап, ананың жылы қолындай сезім береді. Кең шалқыған дала да өзінің хош иісін шашып, туған баласына айтатын ең мейірбанды сөздерді айтқандай. « Қазақтың жері кең, оған кім сыймайды, мүнда кім болмады, бүдан кім өтпеді?
    Қобызын арқалап, адам басына ажал деген сөздің келмейтін жерін іздеген Қорқытта, көз жасымен қара тасты еріткен» Асан Қайғы да,
    Қозы Көрпештен қорқып малын айдап қашқан қаніпезер Қарабай да, елін жаудан қорғауда қолын ертіп жорыққа аттанған Қобыланды да - бэрі өткен бұл арадан. Солардың бэрі де ел аузында ертегі болып қалған. Біреулерін халық сүйіп, мадақтап айтады, біреулерін қарғыс ашумен эңгіме етеді. Сен де қаласың ел аузында.
    Жалғызбын деме. Бұл арада сенің домбыраңның үнін естітетін ел болмаса, жел оны адамға жеткізетін. Сенің домбыраңнын үні сиқырлы үн. Ол кедергіні білмейді. Ол көз жетпес мидай жазық даламен де, аспанмен тірескен таудың басымен де, сылдырап аққан су бойымен де, ызындаған желмен де жүре береді. Оның үнін Шыңғыстың үлы Жошы да, шайтанмен байланысты деп жүртты алдаған молданың шариғаты да отқа жағып сындырам деген адыр болыс та өшіре алмаған!» - деп жолаушының құлағына сыбырлағандай болды. Кеш болған сайын, салқын түсе келе Құлақасқа да екі құлақты қайшылап, басын шұлғып, жүрісті үлғайта берді. Бүл келе жатқан жолаушы- қазақтың ұлы композиторы, дарынды күйші Қүрманғазы еді. Оның мезгіл- мезгіл артына қарап, елсізде жалғыз жолбарыстай жортып келе жатқаны, алыс сапардан, сонау Үркіттен қайтып, Сарыарқаны басып, Алатаудың ақ басын көріп, туған жерінің шөбіне де, желіне де риза болып, еркіндік жырындай етіп домбырасын алып күй шерткен еді. Ол күй еңкейғен кэрі мен еңбектеген балаға шейін білетін атақты « Сарыарқа» болатын. Көпке белгілі Құрманғазының « Ақсақ киік» күиі де осы сапардан шығыпты деген аңыз бар. Төремұрат, Нарынбай ауылында жүріп киік атуға шыққан да үшінші киікке оқталарда Құрманғазы: « киіктің қай жеріне тигізейін ?»- деп сұрапты дейді. Сонда батырдың жолдастарының біреуі осы тигізе қояр деймісің дегендей: « Аяғынан»,- дей салыпты. Сонда Құрманғазы киіктің артқы аяғына тигізіп, киік үш аяқтап ақсаңдап, қаша жөнелсе керек. Қожаңдап қуамын деген жігіттерге Құрманғазы ұлықсат етпейді. Өзі домбырасын алып сол арада бір күй шертеді. Құрманғазының сырына әбден қанған Төремұрат күйшінің ешкімді жібермей, әбден домбырасын аяқтап болғанда ғана өзі барып: « Жиенжан бұл арада тағы бір нәрсе туып қалды білем, атын қойдың ба?»- деп сұрайды. Сонда Құрманғазы біраз кідіріп, қуанған емес, күйінгендей келбетпен: « Нағашыеке,жаралының бэрі жаралы, жанның бәрі бірдей, өмір үшін күресте кімге оқ дарымайды? Біздің тұсымызда жаралы жан жалғыз киік пе? Жазықсыздық, қарусыздық тек онда ма? Талай жандар жазықсыз жараланып, ақсақ- тоқсақ болып қалмай жатыр ма? Атпайынақ деп едім, сіздің мына бір жігіттеріңіздің қыздырма сөзімен аттым. Анау ақсап кеткен киіктей жаралыларға арнадым бұл күйімді. Аты- « Ақсақ киік» болсын»,- депті дейді.
    Құрманғазы жолаушылап келе жатып бір Адайдың (бұл арада ру аты) үйіне түседі. Үй ішінде шал мен кемпір болады. Қай жерден, қай елден келе жатқанын толық аты жөнін Қүрманғазы ашық айтып бере қоймай, қазақ әдетіндегі « сүйрей салмамен жүрген жерін34 иттен- қүстан амандығын, басқа « алды- салдының» естілмегеін, ат- көлігінің аман екендігін, «қүдайы қоноқ» екендігін айтумен тоқталады. Бір кезек үй иелері шаруалары болып, далаға шығып кетеді. Осы кезде қүрманғазының көзі керегенің басында ілулі іүрган үкілі сары домбыраға түседі. Домбыраның үкісі- оның иеінің не қыз, не сал мен серінің бірі екенін ескертеді. Қаншама үзақ жол жүріп келгенімен, домбыраны көргесін, оны үстап қарағысы келіп, қолына алып, бір- екі қағып, әдейі «теріс бүрап» (қазақта квинта бұрауды осылай дейді, А.Ж), қайтацан бүрынғы орныны іліп қояды. Біраз уақыт өткеннен кейін кемпір мен шал, он жеті- он сегіз шамасындағы қыз кіреді. Қыздың аты Ақмаңдай екен. Ол келісімен - ақ, төрде отырған көзінің қырында салмай, бірден керегенің басындағы домбырасын алып, тартуға айналады. Бір-екі қаққасын- ақ, домбырасынынң бүрауынын өзгергенін сезіп мынаған кім тиген?- деп әке- шешесіне қарайды. Олар не дерін білмей,-жазықты осы болар-ау дегендей, төр алдындағы күйшіге қарайды. Ақмаңдай енді қйталап сүрамай, домбырасын бүрынғы өз бұрауына түсіріп, бір күйге кірісіп кетеді. Ақмандай күйдің аяғына шыққан кезде, Қүрмангазы қызға қарап: Шырағым, күйдің шогын тартпай боғын тарттың ғой. Домбыраны бері берші- дейді. Күтпеген жердан мұндай эңгіме есіткен Ақмандай, екі көзі күйшіде болып, домбырасын Құрманғазыға қалай ұсынганын сезбей де қалады. Кемпір мен шал аң- таң болып, бұл өреде Ақмаңдайдың домбыра тартысы жөнінде ешкім бір ауыз сөз айтып көрген жоқ еді, бұл « жер астынан екі құлағы тік шыққан -қандай жік» екен дегендей, біріне- бірі сыбырлап, бұрын -соңды бұл айналада Ақмаңдайды домбырадан сүріндірмей келгендерден емес-ау, тартыс шоқтығы тым биік екен дегендей, бір жағынан жұмбақ қонақты шырамытқандай, баяғы ашудан тыс жылы шыраймен күле қарап:
    Шырағым, домбыра тартысың біздің бұл араның тартысына ұқсамайды. Қызылқұрт Құрманғазы деген бар деп еді, сен соның өзі емеспісің, « аяқ алысың» әлей екен тым,- дейді. Құрманғазы мұртынан күліп: Болсақ, болармыз,- деген екен. Енді үй іші болып қолқалап, Құрманғазыға қайтадан домбыра тарттырып, бірнеше күн жатқызып қонақ етіп, сый- құрметпен аттандырады. Сондағы қыздың тартқан күиі « Адай» да, Құрманғазының тартқаны «Серпер» күиі екен дейді. Бұл әңгімені 1937 жылдың күзінде Алматыға бірінші келгенде марқұм Дина айтқан болатын. Ал осы кезде граммафон пластинкасында жазылып( пластинкаға орындап берген Лұқпан Мұхитов А.Ж.),халық арасына кең тарап кеткен «Адай» күиін бірінші бізге орындап, оркестірге берген домбырашы Қали Жантілеуов күйдің қандай жағдайда шыққаны жөнінде дәлдеп еш нәрсе айтқан жоқ. Жоғарыда аты аталған Охаб Қалиғожин болса, ол: «Адай» Құрманғазы күиі, Ақмаң дай тартқан емес, Адай қызымен кездесу үстінде шыққан күй болғасын халық арасына солай тараған болуы мүмкін,- дейтін.
    Құрманғазы Қашағанның Каспий теңізінің бір кезде жағадан шығып кетіп, жақын отырған еңбекші елді аптқа ұшыратқанын желіге алып, бұқара халықтың налог, басқа алым- салықтың, айта қалғандай еңбек етудің апатына ұшырағанын суреттеген «Көбік шашқан» атты поэмасын тындай жүре сол поэманың программасын алып күй шыгаруға бел байлады. Құрманғазы поэманы негізге алып, сонда көрсетілген суреттерді одан да гөрі музыканың жан- жақы, жанның бэріне түсінікті тілімен байыта отырып жаңа бір нәрсені дүниеге келтіреді. Күйдің аты «Көбік шашқан» болады. Құрманғазы Махамбетке арнап «Жалын» деген күй шығарса керек. Әл» біздің қолымызға жетпей жүр. Айтушылар «Жалын» десе жалын еді дейді. Күйдің шығу себебі Құрманғазы Махамбеттің бір әңгімесін айтамын деп «төре» айналасының бір адамдарын өкпелетіп алса керек. Бір күні Махамбет Жэңгірдің он екі биімен бірге далада келе жатса керек. Сонда астындағы Қарақасқа аты алды аяндап, арты желіп билердің алдында оқ бойы озып отырыпты. Сонда бір би тұрып: « Ей Махамбет! Қазақта атты адамдар қатар жүреді, Сен немене, тазы итке ұқсап жұртгың алдын бермейсің!»- десе керек. Сонда Махамбет артына қарап, екі бүктеп ұстаған бұзау тіс он алты өрме бөкейлік қамшысын тақымына тіреп, бір жағына қисайыңқырап отырып: « Е, неменесі бар, мен қарғылы қара тазы болып, алдарфңда оқ бойы шығып отырсам, артымнан он екі төбет дүңкілдеп ере алмай келе жатса, дүниенің қызығы сол емес пе!» - деп билердің жағын қарыстырған екен дейді. Құрманғазы, «Қайран от ауызды, орақ тісті ақыным-ай»,- деп, сол арада: Исатай мен Махамбет,өкіне ме екен «өлдім» деп!- деген жолдармен басталатын өлеңін жайлап термелеп айтып келіп, аяғында бір күй тартып жіберғен екен дейді. Күйдің аты «Жалын» болмасын «От жалын» болсын деп отырғандыр түзетіпті- мыс.

    Категория: Мои статьи | Добавил: kurumbaeva (13.01.2015) | Автор: Курумбаева Кенжегуль Сембаевна E
    Просмотров: 958 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 2
    2 Серикбеккызы  
    Баяндамаңыз мазмұны ұғыныңқы, тілі жатық, табыс тілеймін.

    1 КАРЛЫГАШ  
    Баяндамаңыз өте жақсы жазылған. Маған ұнады. Шығармашылық табыс тілеймін.

    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024