В помощь педагогу.
Пятница, 26.04.2024, 01:36
Форма входа

Категории раздела
Предметы и уроки [492]
Мои статьи [20]
Опыт и советы [60]
Разное [28]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Мои статьи

    Тәттімбеттің күйлерімен танысу
    Тәтгімбет Қазанғапұлы 1815 ж. Қарқаралы өңірінің Мыржық тауының етегійдегі 1 Қызылжар қыстауында дүниеге кедген. Күйніінің әкесі Қазанғап орта дәулетті, ел-жүртына сыйлы, өнерге шын ықыласпен берілген адам болған.Тәттімбеттің дембырыға қүштарлығы от басынан басталады. Әкесінің інісі Әлі асқан күйші болмағанымен, өз тоңірегінің назарына іліккен домбырышы еді. Тәттімбетке домбыраны бала кезінде осы Әлі үйретеді. Домбырашылық өнерден әкесі Қазанғап та қүралақан емес. Бұл үйден ән
    мен күй үзілмеіді. Белгіді Биттен, Шитен деген сөзге шешен, шебер дембырашы-қүйшілер Қазанғап үшінің үнемі еыйлы қонақтары болатын. Тәттімбеттің анасы Ақбөпеле баласының үлгіалып, салардың, өнерін үйренуіне жол ашады. Осылайша Тәттімбеттің өнері ұштала бастайды. Сол кезде атасы Мөшеке қасына ертеді ол немересінің болашағына зор үміт артын, жастайынан көкірек қозі ашық, зерделі болып өсуіне ықпал жасайды да, өзі араласатын топты корсетеді.
    Тәттімбет ел өмірінің қыр-сырына, шешендердің тіл өнеріне, сөз сапта сына ден қояды.Сайыстарға қатысады.Халық мүддесін қорғайды.Сүйінішінде, күйінішінде қос ішекті домбыра үнінетүсіреді.
    Сөйтіп бір күйден сон бір күй туады. Бұл күйлер өзіндік сарынымен , өзгеше үнімен елді елең еткізеді. Тәттімбет күйлерінің барлығы өмір қүбы- лыстарымен байланысты, әрқайсысының өзіндік тарихы бар.
    Ақын Ілияс Жансүгіров «Күй» мен «Күйші» поэмаларында Төтгімбет куйлерінің әсерін, маңызы мен мәнін сүйсіне жырлайды:
    Беу, шіркін, таудың күйі, тастың күйі,
    Қүмартқан бір нәрсеге мастың күйі.
    «Сылқылдақ» мына бір қүй тым тәттіеке.
    Қосылып қызықтағаң жастың кұйі.
    Тоттімбет шығармаларын алғаш рет қағазға түсіріп, музыка әлеміне танытқан А.В.Затаевич еді «Былқылдақ», «Қосбасар» күйлерін түңғыш нотаға түсіріп, «Қазақ халқының 1000 әні «және «Қазақ халқьшың 500 әні- күйі» кітаптарында жариялады. Тәттімбет күйлері республикамыздың музыка мектептері мен училищелерінің, консерваторияның, педагогика институттарындағы муз. факультеттері домбыра кластарының оқу программасына енді.
    «Сарыжайлау», «Сылқылдақ», «Қос басар» күйлері Қүрманғазы ат.Қаз.мем. академиялық халық аспаптары оркестрінің түрақты репертуарына айналды. Ахмет Жубанов: «Тәттімбет шығармалары советтік музыканың үлкен үйіне кірпіш болып қалануда, коммунизм шыңына қарай аттаған рухани керуенің жорық әні болып шырқалуда»,-деп атап көрсетті.
    Тәттімбет мұрагерлері: Әбікен Хасенов -Қаз.ССР-інің еңбек сіңірген артісі, күйші. Қарт күйші Бағаналы Сайтелеков, Мағауия Хамзин, Әпике Әбенова, Жақсылық Омашев, Трған Түсіпбеков.
    Төттімбеттің күй тарту өдісін мирас еткен күйшілер: Саймақ, Тоқа, Баубек, Қыздарбек, Дайрабай, Әбді, Мақаш, Ақмолда, Итаяқ.
    Арқа күйшілерінің шығармаларын ауызға аламыз. Терең ойға, философиялық толғамға толы шертпе күйлердің үздік үлгісі Тәттімбет туындылары болып саналады.
    Тартылу дәстүрі, шертілу әдісі бөлек шертпе күйлер көбіне асықпай баяу, баппен орындауды, домбырадағы қос ішекті алма - кезек даралап шертуді, пернедегі вибрациялық толқынды кажет етеді. Тек осы айтылған төсілде орындалса, ғана үғымға жеңіл, жүрекке жылы, көңілге қонымды болып шығады. Тәттімбет күйлері шертпе күй үйренудің өз алдына бөлек мектебі болып табылады. Оның күйлерін өз нақысында шертіп, тыңдаушысын баули алған домбырашы қазақтың шертпе күйлерінің қандай да болсын түп нұскаларын орындай алатын шеберлікке қол жеткізеді. Шертпе күйлер домбыраның екі ішегін әр түрлі қағыстармен қуа тартуды көтермейді. Егер ондай әдіспен орындалса, күй өз мазмүн- қасиетінен, сарын - сазынан айрылып, авторлық қолтаңбаны жоғалтады.
    Тәттшіел күйлері көбіне жеке ішекте шерту төсілімен орындалады. Оның шығармалары домбырада оң бүрауда да/ кварта- «ре - соль»/, теріс бүрауда да/ квинта — «до - соль»/ кезігіп ошрады. Мысалы, «Сарыжайлау», «Сылқылдақ», «Көкейкесті», «Қосбасар», күйлері оң бүрауда шертіледі. Ал «Азамат», «Алшағыр», «Бес төре» күйлері теріс бұрауда орындалады. Бұл екі бұрауда да шерту тәсілін қолданбаса күйдің мән — мазмұны ашылмайды.
    Арқа жерінде Тәттімбеттен басқа шыққан халық композиторлары Саймақ, Тоқа, Дайрабай, Баубек, Қыздарбек, Әбді, Мақаш, Ақмолдалардың күйлеріде орындалу дөстүрі, сарыны жағынан Тәттімбет туындыларының жалғасы болып саналады. Оның себебі, олар алғаш күй шерту, домбырашылық өнерін үйренгенде Төттімбет күйлерін шертуге машықтанудан бастаған. Төттімбет күйлерінің орындалу төсілі Қаратау өңірінде өмір сүрген Сүгір күйлерінде, бүгінгі күйші Төлеген Мамбеков шығармаларында да кезігеді. «Сылкылдақ» Тәттімбеттің жүрек жарды қуанышынан, жүрегін кернеген отты сезім, шалқыған шалқар шабытынан туған.
    «Сылқылдақ» күйінін қүрылысы да өзгеше. Домбырада «Мажор» тональдығында (оң бүрауда) орындалагын төрт болімге күрылған шертпе күй. Күйдің алғашқы бөлімінде лирикалық ойнақы сарын көңілді шалқыта тербей жөңеледі. Одан кейін сағаға түспей, басталған тұсына қайта оралады. Бұл көтеріңкі көңілдің сыр ашуға ыңғайланғанын бейнелейді. Келесі бөлімге көшкенде ойнақы сарын жеке ішектің дыбысына ауысады. Бұл сарын перне бойлап, ең соңғы сағаға дейін барады. Да, біріне - бірі жарасыммен ұласқан сұлу дыбыстар аркылы ойға шомдырады. Үшінші бөлімінде күй сазының ортақ өзектестігі, дыбыс, әуен ұқсастығы біріне - бірі ұласып, сағаны толық қамтитын ұзақ арынмен шарықтайды. Сағадан қайтатын қайырымындағы шерту тәеілі де өзгеше. Шертпе әдіспен кезектесіп отыратын қос дыбыстан сықылықтаған күлкі, ерке наз естілгендей өсер қалдырады. Төртінші бөлімде күй сүлу ырғағын үзбей көңілді тербеп, шалқып барып аяқталады.
    Тәттімбет күйлеріне тән сұлу ырғақ көз алдымызға небір ғажайып суреттерді елестетеді. Мүны «Сарыжайлау», «Былқылдақ», «Қосбасар», «Азамат Қожа», «Алшағыр» күйлерінен де сезінуге болады.
    Күйші шығармаларының тақырыбы сан алуан. Күйші щығармаларының өзегінде өмір шындығы, қоғамдық тартыс, сұлулыққа қүмарлык, үміт пен арман, сағыныш жатады. «Сары өзен», «Сары қамыс», «Шайыр қалды», «Былқылдақ» күйлері туған жердің сүлу табиғатын бейнелесе, «Алшағыр», «Бозайғыр», «Ерке атан», «Керкиік», «Қаражорға», «Саолқоңыр»,
    «Бозторғай» күйлері жануарлар дүниесінің сипатын ашады. Тәттімбеттің қоғамдық құбылысты, ел тарихын, өлеуметтік өмірді толғайтын күйлері де бар. «Бес төре», «Ноғай - қазақ», «Қашқан Қалмақ», «Азамат Қлжа» күйлері ел өмірінде болып өткен оқиғаларға арналған. Күйші бұл шығармаларында халықтың мұң - мүддесін, арман - үмітін күй тілімен бейнелейді. Тәттімбет күйлерінде ойшылдық терең толғаныс, тебіренген қиял, сырлы сезім мол, күй арқылы адам жанымен сырласып, мүңдасады. Қос ішектен шыққан дыбыс перне басқан сайын құлпырып, адамды терең ойға шомылдырады. «Сылқылдақ», «Көш жанаған», «Жетім қыз», «Балбырауын», күйлері лирикалық нәзік үнмен, ал «Көкейкесті», «Қос басар», «Азына»,
    «Сарыжайлау», «Терісқақпай», күйлері философиялық сарынымен дараланады.
    Тәттімбет - шертпе күйлердің негізін қалаған композитор. Қазақ аспапты музыкасында шертпе күйлер ең көп тараған дәстүрлі күй мектебіне жатады. Олар, Алтай - Тарбағатай, Ұлытау, Шыңғыс тауы өңіріңен бастап, Жетісу, Қаратау, Сыр бойына дейінгі елге кең таралаған.
    Категория: Мои статьи | Добавил: примбетов (29.12.2015) | Автор: Примбетов Нокисбай Бердирахманович E
    Просмотров: 1791 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024