В помощь педагогу.
Понедельник, 24.01.2022, 17:16
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 217
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 217
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » Физкультура

    ӨНЕР УЧИЛИЩЕСІ МЕН МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ҰЙІМДАСТЫРУ ӘДІСНАМАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
    ӨНЕР УЧИЛИЩЕСІ МЕН МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ҰЙІМДАСТЫРУ ӘДІСНАМАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
    Омарова Рая Мадыгалымовна - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі» КМҚК дене шынықтыру пәні оқытушысы

    Дене тәрбиесін ұйымдастыруда Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің басқа білім беру ұйымдарына қарағанда көп ерекшелігі бар, өйткені орындаушылық қасиеттерімен, шығармашылық мамандықта білім алушылардың - 80% арнайы бағдарламаны талап етеді. Дене жаттығулары - бұл саналы түрде орындалатын қимылдар және қозғалыс әрекеттері, сондықтан, дене тәрбиесі әдістері қол бұлшықеттердің шамадан тыс ауытпалықты болдырмау үшін және бұлшықеттің сезімталдығын сактау үшін- негізгі жұмыс болып табылады. Осы мүмкіндікке негізделген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес, училищеде дене шынықтыру сабағы оқушыларға лайықталған жұмыс бағдарламасы әзірленген. Дене шынықтыру сабағы аптасына 2 сағат 1-4 курс студенттері үшін, мектеп оқушыларына аптасына - 3 сағат өтеді. Студенттер үшін мұндай шағын көлемдегі МЖМББС талаптарына сай шығармашылық мамандықта білім алатын студенттерге 2 сағаттық дене шынықтыру пәні міндетті түрде тағайындалған, сонымен қатар студенттер спорттық секцияларға қатысады.
    Оқу жүйесінде дене шынықтыру пәні 3 бөлімге бөлінген, олар:
    - негізгі бөлім,
    - теориялық және практикалық бөлім,
    - шеберлік дағдыларын қалыптастыратын бөлім.
    Сыныптан тыс факультативтік сабақтар оқушыларға дене белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді, спорттық секцияға қатысқан кезде дене тәрбиесіне қызығушылықтарын арттырады. Дене шынықтыру пәні оқушылардың денсаулығына және дәрігерлік нұсқау бойынша денсаулығына аса күш түсіруге болмайтын көрсетілімдері бар оқушыларға арнайы бағдарлама жасалады.
    Оқушыларға денсаулықтарында дене тәрбиесін белсенді ұстауға шектеу болған жағдайда ұлттық ойындарды ойнауға кеңес беріледі, яғни, тоғызқұмалақ ойыны, дойбы, шахмат.
    Оқу үрдісіндегі бағдарлама бөлімінің тағы бір ерекшелігі «Спорттық ойындар». Ойын балалар өмірінде үлкен орын алады. Дене тәрбиесінде қозғалыс ойындары пайдаланылады. Оқушылардың бұлшықеттеріне күш түсірмеу мақсатында волейбол, баскетбол ойындары теннис және бадминтон ойындарымен алмастырылған. Аталған спорттық ойындар оқушылардың белсенделігін арттырып, кіші топтарда сабақтың өз мақсатына жетіп, оқушының дене шынықтыру сабағына кездесетін жарақаттардың алдын алады.
    Оқу жылы көлемінде оқушылар оқу жылы соңында тапсырылатын Президенттік сынамаларға дайындық өткізіледі. Мамыр айының екінші онкүндігінде Президенттік сынамалар Президенттік көпсайыс түрінде ұйымдастырылуда. Сайыс бағдарламасы 5 түрге бөлінген: 100 метрге жүгіру, граната лақтыру, орыннан ұзындыққа секіру, кросс, күш гимнастикасы. Аталған сайысты ұйымдастырудың бір артықшылығы оқушылардың Президенттік сынамаларды тапсыруға деген қызығушылығын оятып, оқу жаттығудың сайыс түрінде өтуіне ықпеал етеді. Оқу жылының аяғында Президенттік сынамалар жеңімпаздары мен жарыс жеңімпаздары студенттік кәсіподақ комитеті атынан мадақтамалармен және сыйлықтармен марапатталады.
    Оқушылардың тұлғалық қалыптасуында сыныптан тыс шараларлардың ролі зор. Осы орайда училищеде 3 түрлі сыныптан тыс шаралар ұйымдастырылады, олар: жалпы дамыту жаттығулары, волейбол, үстел теннисі. Аталған спорт түрлері оқушылар арасында жоғары сұранысқа ие, себебі, күн ұзақ интеллектуалдық шығармашылықпен айналысып, күн соңында оқушылардың дене қимылдарын жетілдіруі оқушылардың белсенділігін арттырады. 2019-2020 оқу жылында спорттық секцияға студенттердің жалпы саны 80 адам қатысты. Мұны жақсы нәтиже деп санауға болады, себебі студенттердің жүктемесіне орай олар спорттық секцияларға, БЖСМ және ақылы сауықтыру бағытындағы спорттық үйірмелерге қатыса алмайды.
    Білім басқармасы және түрлі қоғамдық ұйымдардың салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған қала және облыс деңгейінде ұйымдастырылатын жарыстарына өнер училищесінің құрама командасы белсене қатысады. Өнер училищесінің студенттері қала және облыс деңгейінде ұйымдастырылатын барлық спорт шараларының белседі қатысушылары, алайда оларға басқа білім беру ұйыдарында оқитын спорт мектептерінің түлектерімен бәсекеге түсу оңай емес, сол себебі біздің негізгі қағидамыз «Бастысы жеңіс емес, жарысқа қатысу!». Спорттағы жетістіктеріміз де айтарлықтай, жарыстар барысында: қыздар арасында өткен үстел теннисі жарысында қыздар командасы 2 орынға ие болса, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған «Көңілді старт» жарысында училище командасы 1 орынға ие болды, Шығыс Қазақстан облысының ішкі істер департаментінің есірткімен күрес басқармасы атынан «Біз салауатты өмір салты үшін!» атты «Көңілді старт» жарысында училище құрама командалары 1 және 2 орынға ие болды.
    Осылайша, өнер училищесінің білім беруде басқа білім беру ордаларымен салыстыруға келмейтін өзіндік ерекшеліктері болғандықтар, өнер училищесінің педагогикалық ұжымы білім беру стандартын негізге ала отырып алдына қойған мақсаттарға тиімді түрде қол жеткізуде.

    Қолданылған әдебиеттер.
    1.Конник Г. А.,Темченко В. А.,Усова Т. Е. Учебные занятия по видам спорта как средство формирования мотивации к здоровому образу жизни у студентов высших учебных заведении//Физическое воспитание студентов творческих специальностей: сборник научных трудов под рек.проф. Ермакова С. С.,-Харьков ХГАДИ (ХХПИ,) 2006-№4,-С.108-114.
    2. Е. Қ. Уанбаев. Дене мәдениеті және спорттың ілімі мен әдіснамасы: оқу құралы,-3-ші басылым,өңделіп толтырылған - Өскемен: Либриус баспасы,2010
    Категория: Физкультура | Добавил: raya (12.03.2020) | Автор: Омарова Рая Мадыгалымовна E
    Просмотров: 110 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2022