В помощь педагогу.
Вторник, 16.04.2024, 21:59
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » НВП, ОБЖ

    статья о потреотическом воспитании подрастающего поколения
    Семей қаласы. № 21 жалпы орта білім беретін мектебінің
    АӘД пәні оқытушы- ұйымдастырушы Б.Құрманов
    Бүгінгі таңдағы мемлекеттің өзекті мәселелерінің бірі Қазақстан Республикасының азаматтарының патриоттық рухын көтеру болып табылады. Елбасы Н. Назарбаев жылдағы Жолдауында патриоттық тәрбиеге көп көңіл бөледі.
    Ал осы бағытта № 21 жалпы орта білім беретін мектебінде патриоттық тәрбие алға қойылған мақсаттардың бірі болып табылады.
    Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің өзектілігі қоғамның рухани әлеуетін нығайту қажеттілігіне негізделген. Әрбір азаматтың жауапкершілік сезімін, Отансүйгіштік қасиетін арттыру. Қазіргі кезде егемендікке қол жеткізіп, алға қарай нық басқан, экономикасы берік Қазақстанның гүлденуіне үлес қосатын әр жас ұрпақтың патриоттық сезімі болуы қажет.
    Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз – қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азамат өзін - өзі айқын билеуін қалыптастырады» деп нақты көрсетті. Бүгінгі күні жеке тұлғаны қазақстандық патриотизм мен отансүйгіштік рухта тәрбиелеу барысында Қазақстанның білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде де «Қазақстан азаматтарының отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғары оқу орындарына дейінгі орталықтарда, барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады.
    Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу – мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы» – деп анық айтқан болатын.
    Елбасының салиқалы саясатын қолдай отырып, № 21 жалпы орта білім беретін мектебінің ұжымы әскери-патриоттық тәрбие беруде жұмыс жоспарына сәйкес төмендегідей іс-шаралар өткізеді:
    Ұлы Отан соғысының және Ауған соғысының ардагерлерімен кездесулер, мұражайларды аралау, әскери - спорттық жарыстар өткізіледі, сап және ән байқауы, жастардың Қарулы Күштерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында әскери бөлімдерді аралау.
    Қалалық және мектепішілік жарыстарға қатысу, сияқты іс-шаралар оқушылардың бойындағы шыдамдылық, батылдық, топпен бірге жұмыс істеу, спортқа деген сүйіспеншілік, рәміздерге, ел тарихына деген құрмет сезімдерін оятады.
    Осы іс - шаралардың бәрі әрқашан жастардың патриоттық рухтары жоғары болып, Отанын сүюге және оның тарихын білуге, туған тілі мен дінін құрметтеп, қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында жүргізіледі.
    Қазақстанның баянды болашағы өскелең ұрпақтың қолында. Демек, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу отбасынан басталып барлық оқу орындарының, барлық пәндердің соның ішінде айрықша алғашқы әскери дайындық пәнінің алдында тұрған басты міндеті болып табылады.
    «Алғашқы әскери дайындық» пәнін Кеңестер Одағы тараған соң, орта оқу орындарынан алып тастау – жастарға әскери патриоттық тәрбие беру, оларды әскер қатарында қызмет етуге дайындау ісіне едәуір зиянын тигізіп, жалпы білім беру деңгейіне де әсер етіп, Қарулы Күштерінің жеке құрамының моральдық - адамгершілік сипатынан да көрініс тапты. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы №1340 «Алғашқы әскери дайындық туралы» қаулысы бойынша «Алғашқы әскери дайындық» пәні жалпы орта білім беретін мектептер мен бастапқы және орта кәсіптік білім беретін ұйымдарда 1996 - 1997 оқу жылынан бастап қайта енгізілді.
    «Алғашқы әскери дайындық» пәні оқу бағдарламасының негізгі мақсаты: Қарулы Күштер ҚР егемендігінің күзетінде,ҚР Қарулы Күштерінің әскери жарғылары,саптық, тактикалық, атыс, медициналық дайындық, топография, азаматтық қорғаныс бойынша оқушылардың білімдерін қалыптастыру, Отансүйгіштікке, ел жандылыққа тәрбиелеу, алған білімдерін практика жүзінде көрсетуге ықпал жасау.
    № 21 жалпы орта білім беретін мектебінің ұжымы білімді, жігерлі, жасөспірімдерді тәрбиелеуде әр түрлі ұлттардың, халықтардың мәдениетін қабылдау жағдайында ғылыми көзқарасты, саяси сана-сезімді, қазақстандық патриотизмді, ұлттық келісімді қалыптастыра отырып, әрқашан қажырлы еңбек етеді.
    Категория: НВП, ОБЖ | Добавил: kan (13.03.2014)
    Просмотров: 824 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 1
    1 тюльпан  
    Патриотическое воспитание детей дошкольного возраста является необходимым и безусловным условием гармонического развития нашего общества. Патриотизм всегда занимал ведущее место как в духовной, так и в культурной, политической, экономической, военной и других сферах жизни общества.
    В условия грандиозных духовных, экономических и политических изменений в жизни нашего общества необходимым направлением работы воспитателя детского сада становится патриотическая работа, основным направлением которой, на мой взгляд, является воспитание любви к своей семье, к детскому саду, к родным местам, родной стране. Спасибо за сочень содержательную статью

    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024