В помощь педагогу.
Пятница, 26.04.2024, 05:44
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Оцените мой сайт
    Всего ответов: 79
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » Начальная школа

    "Қаныш Сатпаев" дүниетану сабағы
    Сабақтың мақсаты:
    Білімділігі: Жезқазған өңірінің өнеркәсібі өркендеген аймаққа айналуы, Қ.И.Сәтбаев есімімен тығыз байланыстылығы жайлы оқушыларға түсінік беру.Туған өлке табиғатын, байлығын, оқып білу. Әңгімені мәнерлі де мазмұнды етіп оқыту, сөздікпен жұмыс жүргізу, әңгіме мазмұнын аша білуге үйрету.
    Дамытушылығы: шығарманы дұрыс түсіну, ең негізгі ойын, идеясын ұғыну, сол шығармада айтылғандарды жүрекпен сезіну, көз алдына елестету, өзі меңгерген түсінігін тыңдаушысына жеткізу арқылы әрбір оқиға, әрбір суреттеу, әрбір фактіні дұрыс түсініп дұрыс бағалауын камтамасыз ету, дамыту.
    Тәрбиелігі: адамгершілік касиеттерді бойына калыптастыру, халқына қызмет етуге, үлкенді сыйлап, кішіге үлгі болуға тәрбиелеу.
    Көрнекілігі: ҚР картасы, тақырыпка арналған альбом, суреттер, пайдалы қазба түрлері (мыс, кемір, болат, т.б.), тірек схемасы, интерактивті тақта.
    Пәнаралық байланыс:дүниетану, тарих, география, математика, бейнелеу өнері.
    Түрі:аралас сабақ (жаңа білімді енгізу және саяхат сабақ)
    Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі.
    Оқушылар назарын сабаққа аудару. Бүгінгі сабақтың мақсатын хабарлау.
    - Бүгінгі сабакта Әнуар Жапаровтың «Қазына көтерген бала» атты мәтінімен танысамыз.
    Бұл мәтінде Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш президенті кен-геология саласындағы көрнекті маман, академик, Жезқазған өңіріне аты әйгілі Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың балалык шағынан үзінді берілген.
    Мен бүгінгі сабақта сіздерге ғалым атамыз туралы, ол кісінің енбек жолдарымен қоса, қосымша деректермен таныстырамын.
    Сапалы білім алуға дайындық.
    Кодоскоп арқылы ҚР картасына сәйкес елді мекендерді белгілейміз де көрсетеміз. Оқушылар өздері дайьшдап келген картаға белгілеп отырады.
    а) Еліміздін Батыс (Б), Шығыс (Ш), Оңтүстік (0), Солтүстік (С) деп бөліктерін белгілейді.
    б) Жобаның шығысында Баянауыл, Павлодар, орталығында Карсақбай, Жезқазған, оңтүстікте Алматы, солтүстікте Атбасар, Қостанай белгіленеді.
    Жаңа сабақты түсіндіру. Тақтаға тірек схемасы ілінген. Осы схема бойынша мұғалімнің түсіндірмесі.
    1899 жыл, 12 сәуір.
    — Бр нешінші ғасыр? (19-шы)
    — Ғасыр аяқталуға неше жыл калды? (1 жыл)
    — Казір нешінші ғасыр? (21 -ші ғасыр)
    Айырық сайының биік жағасында өз ата кыстауында, сұлу өлке Баянауылда Қаныш Имантайұлы Сәтбаев дүниеге келді (сурет көрсетіледі). Әкесі Имантай момын, ақылды, терең ойлайтын адам болған. Қаныштан үлкен Әбікей, Ғазиз атты ұлдары болған. (Суреті).
    1905-1911 жылдары 6 жасар Қаныш ауыл мектебінде оқиды.
    Қаныш кішкентайынан көп білуге кұмартқан.
    1912-1914 жылдары Павлодарға келіп 2 жылдық училищеде оқиды.
    1914-1918 жылдары Семейде семинарияда оқып білім алады.
    Бұл қазіргі педагогикалық институт көлемінде білім береді. Семинарияда М.О.Әуезовпен бірге оқиды.
    1918 жылы Ресейдің Томск технологиялық институтына түседі.
    1926-1929 жылдары Атбасар (Қостанай) түсті металл комбинатында, 1921- 1941 жылдары Карсақбай комбинатында барлау бөлімінің бастығы бас геологы (картадан Қ. И. Сәтбаев еңбек жолдарын сызықпен бағыттап белгілеп отырады.)

    Осы жылдарда Қарсақбайда мыс, Жездіде, Жезқазғанда жез, Қарағанды, Байқоңырда көмір кендерін ашады (картадан көрсету). Жезқазған кенін зерттеу және Орталық Қазақстанның металлогендік болжам картасын жасауда көп еңбек сіңірді. Жезказған кенінің дүние жүзіндегі ірі кендердің бірі екендігін дәледдеу, осыған байланысты қазіргі Жезказған өңірінің өнеркәсібі өркендеген аймакка айналуы Қаныш
    Сәтбаев есімімен тығыз байланысты.
    — Қ.И.Сәтбаев аты бізге несімен таныс?
    — Қаныш ата атында кала, көше,мұражай, үлкен кен металлургия комбинаты, ескерткіш орнатылды, кеншілер алаңы осы кісі атымен аталады. Қаламыздағы №7 орта мектебі Қаныш ата атымен аталады. Кодоскоп арқылы шахтадан кеннің алынуы, онын вагонмен байыту фабрикасына келіп балқытылуы және мыстан алынған заттар суреті көрсетіледі.
    Металдар коллекциясынан мыс,болат, шойын, жез, көмір –антрацит көру.
    1941 -1964 жылдары ғылыми жұмыстар жүргізеді. Қазақстан Ғылым Академия-
    сының президенті болып тағайындалды. 1964 жылы 31 кантарда Москвада ауырып кайтыс болады. Денесі Алматыға жерленген.
    Қаныш Имантайұлы 1925 жылы Мұхтар Әуезовпен бірге Абай ауылына
    барады. Сонда Тұрағұл Абайұлы: «Мен бұл қыр өңірінде Имантайдын баласы
    озық талант иесі дер едім, бүгінде одан озатын ешкім жоқ» деген екен.
    Кітаппен жұмыс.
    1. Балалар, қазына деген не? (оқушылардың жауабы).
    — Енді Ә. Жапаровтың «Қазынакөтерген бала» мәтінін тыңдайык.
    2. Оқыту. (түсінікті окитын окушығамәнерлеп оқыту).
    3. Сөздікпен жұмыс.
    Қазына - байлык
    Өндіріс — үлкен кен орындары, зауыт, фабриканы айтады
    Ботаник - өсімдік зерттеуші
    4. Бөлімге бөле окытьш, жоспаркұру
    а) Оқудың алғашкы күндері
    ә) Жұмбак капшық
    б) Сурет
    в) Қаныштың жауабы
    г) Қаныш жөнінде ұлы ғалым әңгімесі.
    5. Жеке оқушылармен шығармашылық жұмыс. Пәнаралык байланыс.
    Табиғатағы сипаттаған жері. «Ақбеттің биік құзы, қос сұңқар қалықтай ұшып келеді. Ит тұмсығы өтпейтін қарағай орман. Төменде Жасыбай көлі. Көз алдыма
    Баянауыл елестеді».
    (Тақтаға 3 бала осы көріністі салады.)
    Осы үзіндіден жалқы есімді тап.
    - Ақбет, Жасыбай, Баянауыл.
    - Екінші азат жолдан ең ұзақ сөйлемді оқы.
    «Дабырлап тұрған балалардың бірінің көзі партаның астына көрінбесін дегендей
    қалтарысқа тығып қойған қапшыққа түспесі бар ма ?»
    6. Сұраққа жауап алу.
    а) Балалар қапшықта не бар деп ойлады?
    ә) Қаныш достарынын сұрағына не деп жауап берді?
    б) Қазына деген не?
    в) Әнгіме неліктен бұлай аталған?
    Бекіту.
    1. Әңгімені басқаша калай атауға болады? «Болашақ ғалым Қ.Сәтбаев».
    2. Осы әңгімеге сәйкес келетін мақал-мәтелдерді айту.
    а) Ердің атын еңбек шығарады.
    ә) Шыдамды еңбек, алғыр ой – анық досыңбіліп қой.
    б) Еңбегің қатгы болеа – татқаның тәтті болар.
    Оқушыларға тапсырма. Ұстазының шәкірті туралы: «Ол жасынан өзгеше тұрпатты жан еді. Ағайын арасында, досжарандар, ұстаздар арасында Қаныш асқан білікті танылатын», Николай Ермилович Алексеев.
    Ұстазы айтқан пікірге және әңгімедегі оқиғаларға сүйеніп, окушылар Қанышқа мінездеме береді.
    «Қаныш білімді, әр нәрсені білуге кұштар, талапты ілтипатты, әдепті бала».
    — Тақтадағы тірек схемасына қарап мына сөзжұмбақты шешейік.
    Көлденеңінен: 1. 1929-1941 жылдары Қ.Сәтбаевқай жерде қызмет істеді?
    3. 1926-1929 жылдары ше? З.Туған өлкесі. 4. 1941-1964 жылдары қызмет еткен жері. 5. Павлодар, Семей қай тұста?
    Тігінен шыққан қарамен қоршалған сөзді оқимыз — Қ А Н Ы Ш.
    Бұл есім бүгінгі сабағымызға аркау болған ры адам есімі.
    Қорытындылау.
    қ А Р с А қ Б А Й
    А Т Б А С А р
    Б А Я Н А У ы Л
    А | Л М А Т Ы
    Ш Ы Ғ ы С

    Білемін Білдім Білгім келеді
    Сәтбаев
    ғалым,
    академик Қаныш ата атындағы қала, мектеп, көше, алаң бар Жезқазған жері несімен қызыктырады екен?

    Оқып үйрен ғалым бол, Ең керегі адам бол. Үйге тапсырма: а) Әңгімені оқып, жоспар бойынша мазмұндау. ә) Қаныш ата туралы суреттер, мағлұматтар жинап, альбом жасау.
    Категория: Начальная школа | Добавил: IgembaevaGK (26.02.2014) | Автор: Игембаева Гульнара Картаевна
    Просмотров: 1579 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 2
    2 жаксы  
    Сабағыңыз маған ұнады. Балаларды шығармашылыққа баулиды.Маржан

    1 verser  
    Не плохая статья

    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024