В помощь педагогу.
Пятница, 26.04.2024, 00:55
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Оцените мой сайт
    Всего ответов: 79
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » Начальная школа

    9 саны және цифры
    Мақсаты: Оқушыларды 9 санымен және цифрымен таныстыру. Бір таңбалы сандар, олардың шығарылып алынуәдістері жайындағы білімді бекіту, математикалық терминалогиямен символиканы қолдану, салыстыруды орындау, логикалық есептрді шешу, 9 цифрын жазуға үйрету.
    Дамытушылық: Балаларды ойлау, есте сақтау, логикалық қабілеттерін арттыру. Таза, көркем, ауызша, жазбаша есептеуге дағдыландыру.
    Тәрбиелік: Өз беттерімен шешім қабылдауға, ұжымдылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
    Сабақтың түрі: аралас сабақ
    Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
    Көрнекілігі: Интерактивті тақта, оқулық дәптер, «Ерке» журналы.
    Сабақ барысы.
    Ұйымдастыру кезеңі.
    Психологиалық дайындық.
    Математика толған тамаша заңдылық сән,
    Математика толған тәртіп, мағына мән.
    Математика толып жатқан терең сыр,
    Шетсіз, шексіз дариядай бейне бір.

    - Қайырлы таң достым
    Қайырлы күн болсын
    Сәрсенбінің сәті
    Сәттілік толсын
    Біздің алар бағамыз
    Кілең бестік болсын!
    Бір-бірімізге сәттілік тілей отырып, бүгінгі сабақты бастайық. Қазір бізде математика сабағы.Бүгінгі сабақта біз 9 саны және цифрымен танысамыз. Сонымен қатар ойын ойнаймыз, өрнек құрамыз, есеп шығарамыз. Ал сабақ бойы белсене қатысып отырған балалар, сабақ соңында сыйлықтар алады.
    - Ауызша есеп
    0 ден 8-ге дейін санау
    Тура,кері
    Ойын «Көршілерді ата», «Шашылған сандар».

    - Өткен сабақты қайталау.
    8 санының құрамын қайталау.
    Суретке қарап өрнектер құрастыру.
    - Сергіту сәті (қоянға сипаттама беру) .

    Жаңа сабақ
    1+7 3+5
    2+6 4+4
    Сурет бойынша есеп құрастыру.
    Аулада 8 балапан жүрді, оларға тағы бір балапан қосылды. Барлығы неше балапан болды? Қалай білдік?
    8+1= 9 кері есеп құрғызу.
    Аулада 9 балапан болды, біреуі кетіп қалды, неше балапан қалды? Неге? Қалай білдік?
    9-1=8
    Лақтарды санау.
    9 саны
    9 цифрын жазып көрсету.


    - Дәптердің ішінде жұмыс.
    9 цифрын әдемі етіп жазу.
    Дұрыс отыру ережесін еске түсіру
    Өз беттерімен жұмыс
    б 54 № 3
    Қалып қойған сандарды ата
    0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9,
    0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9
    Сан қатарын дәптерге жазу
    № 4. Теңдіктер құру.
    Қандай екі санды бір-біріне қосқанда 8 шығады?
    4+4= 8 8-4= 4 (тақтаға жазу).
    - Логикалық есептер шешу.
    Екі жылқы, екі арыстан,
    Қалмай есек үш барыстан
    Тұрды сапқа тәуекел деп,
    Озған талай сан жарыстан
    Бәрі нешеу бәс тігіскен-
    Жабайы аңдар, мал жарысқан?

    - Сабақты бекіту.
    Биыл Қазақстан Республикамыздың тәуелсіздігіне 20 жыл. Қандай жетістіктерге қол жеткізді. Қазақстан осы жылдардың ішінде? Қазақ азаматтары ғарышқа ұшты. Астана қаласы салынды. Балабақшалар ашылды.
    Қандай үлесін қоса алды осы тәуелсіздіктің 20 жылдығына сендер сияқты балалар?

    Қорытындылау.
    Категория: Начальная школа | Добавил: -ДиНаРа- (13.03.2014) | Автор: Идришева Гульмира E
    Просмотров: 1683 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 1
    1 жаксы  
    Сабақ жоспары өте тартымды құрылған. Бастауыш сынып оқушысының логикалық ойлауын арттырады.

    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024