В помощь педагогу.
Суббота, 20.04.2024, 15:16
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » Дошколёнок

    Күз көрмесіне саяхат
    Күз көрмесіне саяхат.
    Жүргізуші.
    Құрметті қонақтар, балалар! Ел байлығын арттырған берекелі, мерекелі күз мезгілі келді.
    Терістіктен желдетіп,
    Жаңбырлатып, селдетіп,
    Шаттандырып біздерді,
    Шат –шадыман күз келді.
    Шатыр тікті сары алтын.

    1-ші бала
    Көк майсалы көрікті
    Алқаптағы көп егін
    Бұл күндері киіпті
    Сары жібек көйлегін
    2-ші бала
    Алтын сары қызыл көк,
    Алуан – алуан жапырақ,
    Күзгі бақта күлімдеп,
    Көз тартады жапырлап.
    Әні «Күзгі әуен»
    3-ші бала 4-ші бала
    Ұшты талдан жапырақ Шартараптың бәрі алтын
    Сары көбелек секілді Шатыр тікті сары алтын
    Аспанда жай шатырлап Астық жеміс береке
    Тамшы жерде секірді Алып келді мереке

    5-ші бала
    Сап сары ғып даланы
    Бояпты ғой күз деген
    Құстар қанат қағады
    Қоштасқандай бізбенен

    Жүргізуші.
    Расында да, балалар, күзді суретші деп атасақ болады: ол барлық түстерді аса шеберлікпен араластырды, айналадағының барлығын үйлестіре білді. Біз сіздермен бірге күз көрмесіне дәл түскендейміз. Бірақ, күздің сыйын көрсетуге бізге кім көмектеседі?
    ( Көңілді музыка ойнап тұр, залға Суретші кіреді.)

    Жүргізуші. Неткен керемет әуен! Кешіріңіз, сіз Суретшісіз бе?
    Суретші. Әрине! Мен суретшімін!
    Палитра мен мольберт – менің достарым,
    Нағыз адал, көп жылғы достарым!
    Мен Алтын күздің әсемдігін қағаз бетіне суреттеп салып жатқан кезде, сендердің әсем дауыстарыңды естіп келіп қалдым.
    Жүргізуші. Келгеніңіз қандай жақсы болды. Біз де күз көрмесіне экскурсияға барайын деп жатыр едік. Сіз бізге күз көрмесіне экскурсия жасауымызға көмектеспейсіз бе?
    Суретші. Әрине... мен сендерді күз көрмесімен қуана – қуана таныстырамын. Бірақ менің бір құпиям бар: көрмедегі барлық суреттердің өзіндік ерекшелігі бар. Мен өзімнің сиқырлы қылқаламымды сермесем болды, оларға бірден жан бітеді!
    (Суретші жаңбырдың, қолшатырдың суретін мольбертке орнатады да қылқаламымен сілтейді)
    6-шы бала
    Күзім-ау,күзім- ау
    Мінезің бұзық- ау
    Жаңбырың сіркіреп
    Келгенің қызық- ау

    7-ші бала
    Жаңбыр жаңбыр төгіп өт
    Жайқалтып кет бағымды
    Бір мәз болсын төңірек
    Естіп сенің әніңді
    Жүргізуші: Біздің қыздардың орындауында «Қолшатыр биін»
    тамашалаңыздар.

    Жүргізуші: Жаңбыр бәрін су қылды, күн де салқындады.
    Суретші: Бұл ештеңе емес! Енді мен балалармен бір ойын ойнағым келіп тұр.
    Жүргізуші: Қандай ойын ,айнала су ғой?
    Суретші: Бұл ойын «Көңілді галоштар» деп аталады.
    Жүргізуші: Суретші сіз біздің балалардың күз мерекесіне арналған тақпақтарымен өлеңін тыңдаңыз.
    8-ші бала
    Күзде жауын. Бұлт. Тұман
    Сары жапырақ жауады
    Сары құйын ұйытқан
    Сапырады ауаны
    9-ші бала
    Қайтқан құсты көрдің бе,
    Қаптай ұшқан әуелеп
    Күткен күзім келдің бе,
    Сыңсып бағың мәуелеп

    «Күз келгенде әні»
    Суретші: Жарайсыңдар балалар! Міне, тағы бір керемет сурет. Енді осыны қарастырайық. (Суретші ертегінің суретін алып көрсетеді.)
    Жүргізуші:
    Ағылшынша ертегі қойылымы: «Теремок»
    10-шы бала
    Жемісі мол теретін
    Күз дос екен бізбенен
    Бәрін тауып беретін
    Жомарт екен күз деген
    11-шы бала
    Күздің салқын самалы
    Аймалайды маңдайдан
    Алып қашып барады
    Жапырақты сарғайған
    Жүргізуші: Суретші біздің балалар шеттерінен өнерлі, енді ер балаларымыздың дайындаған «Қара жорға» биін тамашалаңыздар.
    12-ші бала
    Жел тынымсыз гуілдеп
    Болып кетті тым бұзық
    Шуылдайды тал терек
    Жапырағын жұлғызып

    13-ші бала
    Үркіп үйрек қаздары
    Шулайды көл қоғалы
    Дәурен өтіп жаздағы
    Күздің желі соғады
    «Осень» әні
    Суретші: Балалар, маған сендермен саяхат жасау өте қатты ұнап қалды. Сендер өте көңілді, мейірімді балалар екенсіңдер. Бірақ, қоштасатын уақыт та келді. Келесі көрмеде кездескенше, сау болыңдар!
    Жүргізуші: Суретші күз көрмесін аралатқаныңыз үшін сізге рахмет! Сау болыңыз!
    Ал біздің мерекеміз жалғасуда.

    14-ші бала
    Тапталады табанға
    Судыр судыр жапырақ
    Өрттей сары бояуға
    Малынғандай атырап

    15-ші бала
    Қарашы күз келді, күз келді,
    Сары алтын жауыпты іздерді
    Құс біткен керуен тізеді
    Көңілсіз еткен күз енді

    «Обший танец»

    16-шы бала
    Көктемде егін егетін
    Күзде жиып беретін
    Біздің дала бай дала
    Алтын астық айнала

    17-ші бала
    Күншуаққа маужырап
    Жатыр еді атырап
    Ағаштардан жамырап
    Ұшты кенет жапырақ

    Жүргізуші: Осылайша біздің мерекеміз де аяқталды. Көрермендер назарларыңызға көп рахмет. Балалар, Алтын күзді әнмен шығарып салайық.
    «Алтын күз» әні.

    «Арман» балабақшасының тәрбиешісі Малмасова Қаламқас Айдарханқызы
    Категория: Дошколёнок | Добавил: Каламкас (22.11.2014) | Автор: Малмасова Каламкас Айдархановна E
    Просмотров: 988 | Теги: Айдархановна, Каламкас, Малмасова | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024