В помощь педагогу.
Суббота, 20.04.2024, 02:44
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » Дошколёнок

    Сабақтың тақырыбы: «Ержүрек батыр – Бауыржан ата»
    Қазақстан Республикасы
    Білім және ғылым министрлігі
    Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы
    Бударин орта жалпы білім беретін
    мектеп-балабақшасы

    /флипчарт сабақ/

    Орындаған: мектепалды даярлық тобы
    жетекшісі Ихсанова Қ.Қ.

    2015 жыл
    Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
    Білім беру саласы: «Қатынас» «Әлеуметтік орта»
    Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қоршаған ортамен танысу.
    Тақырыбы: Ержүрек батыр – Бауыржан ата
    Мақсаты: Балаларға Ұлы Отан соғысы туралы мағлұмат беру, соғыста ерлік көрсеткен батырлар туралы әңгімелеу. Отансүйгіштікке тәрбиелеу. Соғысқа қатысқан ардагерлерге құрмет көрсету.
    Билингвизм: Батыр-герой, Отан-Родина.
    Әдіс-тәсілдер:Әңгімелесу, сұрақ-жауап.
    Көрнекілігі: Демонстрациялық материалдар. АКТ. Оқулық. Шығармашылық тапсырмалар. Видео-ресурс. Интернет ресурстар. http://erketai.kz/ustazdarga/ustazdar-enbegi/jumbaktar-jauabimen/

    Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті

    Мотивациялық қозғаушы

    Ізденуші-ұйымдастырушы.

    Шаттық шеңбері:

    Енді, балалар, мына жұмбақты бәріміз шешіп көрелік.
    Жұмбақ:

    Тәрбиеші:
    -Балалар, сендер барлығың да бір-бір үйдің жұлдызысыңдар.
    Ата-аналарың сендерді жұлдызға балайды. Олай болса жұлдыздарың жана берсін деп бүгінгі күнімізді бастаймыз.
    Қазақстан туралы мәлімет беру.
    1. Біз қай елде тұрамыз?
    2. Біздің президентіміз кім?
    3. Осы күнге ризасыз ба?

    -Балалар, осыдан 70 жыл бұрын Кеңес Одағы кезінде елімізге тұтқиылдан жау шауып, жерімізді тартып алғысы келді. Осылайша Отан үшін, жер үшін, ел үшін шайқас басталып, 4 жыл соғысып, 9 мамырда жеңіске жетті. Сол шайқаста қазақ ұлтының ішінен көптеген батыр ағалар мен апалар болды. Олар біздің бейбіт өміріміз үшін жандарын қиды. Олардың бірі- Ержүрек батыр –Бауыржан ата.

    Бауыржан ата-қазақтың біртуар батыр ұлы.
    Сондықтан да біз оларға өмір бойы қарыздармыз.
    Олардың есімдері мәңгі есімізде сақталады. Қанеки сол батыр аға, апаларымызға арналған тақпақтарымызды айтайық.
    Ендеше сергіту сәтін кірпімен бірге жасайық!
    Ерлік мәңгі есте.
    Е.Елубай.

    өлең жолдарын тәрбиешімен бірге қимыл арқылы қайталайды.

    шешуін балалар табады. Шешуі Жұлдыз


    -Сәлем,Жұлдызша-
    Сабина!
    -Сәлем,жұлдызша-Әдемі!
    -Сәлем,жұлдызша-Саян!
    т.с. жалғаса береді.
    1. Қазақстанда
    2. Нұрсұлтан Әбішұлы
    3. Иә
    Балалар әңгімені тыңдайды.

    Нұртілеу
    Жерден,көлден,аспаннан
    Соқты жауды ел күнде
    Берлинде алғаш басталған
    Бітті соғыс Берлинде.

    Толқын
    Жеңіс келді қалама
    Жеңіс келді далама
    Жеңіс келді әке боп
    Елдегі бар балаға

    Айдарбек
    Жеңіс келді ән болып,
    Келді ауылға сән көрік
    Жеңіс келді алақай,
    Тоя жейтін нан болып.
    Балалар өлең жолдарын жаттайды.

    Ерлік мәңгі есте.
    Е.Елубай.
    Әлия,Мәншүк апамыз,
    Бауыржандай атамыз.
    Фашистерден Отанды
    Қорғап батыр атанды.
    Біз еліктеп өсеміз
    Батырларың десекім:
    -Әлия, Мәншүк анамыз,
    Бауыржан-біздің атамыз.

    Видео-ресурс бойынша кірпімен бірге «Қаражорға» биін билейді
    Сергіту сәті


    Сергіту сәті:
    Әрқашан күн сөнбесін,
    Басымнан түн төнбесін
    Қасымда болсын мамам
    Болайын мен де аман Балалар тәрбиешімен бірге сергіту жаттығуын жасайды.
    Әрқашан күн сөнбесін,
    Басымнан түн төнбесін
    Қасымда болсын мамам
    Болайын мен де аман

    Балалар енді мына суретке назар аударыңыздар.

    Батыр ағаларымыз бен апаларымыз кейінгі ұрпақ бақытты, еркін өмір сүру үшін өз өмірлерін қиды. Осы аға, апаларымыздың арқасында біз бақытты күн кешудеміз.
    Терек басын шұлғиды
    Жүгіреді бал бұлақ.
    Тарлан таулар мүлгиді,
    Дала жатыр маужырап,
    Шат күлеміз жайраңдап,
    Біз ойнаймыз асыр сап
    Туған елде сайраңдап.
    Міне балалар, біздің суреттен көріп отырған аға, апаларымыз осы өзіміз тұратын Бударин ауылының тұрғындары, жерлесіміз. Біз оларды ұпытпаймыз, мәңгі есімізде сақтаймыз.



    Жетекші- жөндеуші

    Сергіту сәті

    http://erketai.kz/ustazdarga/ustazdar-enbegi/jumbaktar-jauabimen/ интернет-ресурсы негізінде жұмбақтарға жауап беру

    Тәрбиеші балаларға сұрақтар қою арқылы бүгін не үйренгендері туралы сұрап, оқу іс-әрекетін қорытындылайды.
    Балалардың шығармашылық жұмысы.
    Қорытынды: Ер есімі, ел есінде.
    Отан үшін жан қиған батырлардың ерліктері ешқашан да ұмытылмайды. Балалар сұрақтарға жауап беріп, батырлар туралы үлкен мағлұмат алады.
    Батырларға деген құрмет пен сыйластық сезімдері оянады.

    Сурет салу (күннің суретін салу)

    Күтілетін нәтиже:
    1.Білуі: Соғыс пен бейбіт өмір туралы біледі.
    2.Меңгеруі: Батырлардың ерліктері туралы
    3.Жасай алуы: Рухтарына бас иеді
    Категория: Дошколёнок | Добавил: nursaginov (10.02.2016) | Автор: Ихсанова Камария Құсайынқызы E
    Просмотров: 906 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024