В помощь педагогу.
Четверг, 25.04.2024, 12:42
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Оцените мой сайт
    Всего ответов: 79
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » Дошколёнок

    Балабақшада қазақ тілін үйрену-балалар болашағының кепілі
    «Қазақстанның болашағы –қазақ тілінде».
    Нұрсұлтан Назарбаев

    Кіріспе
    Балалар мен жастар әрбір кезеңнің, дәуірдің жемісі. Олардың іс-әрекетіндегі көріністер өз заманының дәстүрі. Еліміз, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арман тілегі-тәуелсіздігін алып, қоғамның демократиялық жолымен дамуы білім тәрбие мазмұнын заман талабына сай жаңартуға мүмкіндік туғызды.
    Заман талабы: ел болашағы-жас ұрпақты мектепке дейінгі мекемеден бастап ана тіліне оқыту, Отанын, туған жерін, елін сүйетін, ана тілін ардақтайтын, салт-дәстүрлерді қастерлейтін, бойында ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, қоғам мүддесіне сай жан-жақты жетілген, парасатты азаматты тәрбиелеу.
    «Тіл тағдыры-ел тағдыры» дейді халқымыз. Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев бұл қанатты сөзді мағынсын терең ашып көрсетеді. Бауыржан Момышұлы «Тіл тағдыры-еліміздің кешегісі мен бүгінгісі ғана емес, сонымен бірге келешегі» десе, Елбасымыз «Қазақстанның болшағы-қазақ тілінде» дейді. Ана тіліміздің болашағы туралы бұл ой-тұжырымдары мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеруде бағыт-бағдар береді.
    Балабақшада қазақ тілін үйрену-
    балалар болашағының кепілі
    Қазақ тілі — ғажап тіл. Оның болашағы да ғажап.
    Тек оны насихаттай білуіміз керек, оқыта білуіміз керек.

    Қазіргі таңда білім беру жүйесінің барлық сатыларының алдында тұрған көкейтесті мәселелерінің бірі білім сапасын арттыру, оның әдістемесін жетілдіру жас ұрпақтың тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру. Осыған сәйкес бүгінгі күн талабы — баланың ақыл-ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, тілін дамыту, заман талабына сай оны жүйрік етіп тәрбиелеу. Шындығында сапалы білім, саналы тәрбиемен шынайы ұштасқанда ғана ұлт тілегі орындалып, қоғам өзінің рухани дамуында асыл қасиеттерге қол жеткізбек. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ана тіліне қамқорлық ең алдымен сол тілде сөйлейтін халыққа жүктеледі» демекші, менің парызым — балабақшадағы өзге ұлт балаларына мемлекеттік тілді меңгерту.
    «Тіл жеке адамның шаруасы емес. Мемлекеттің де басыбайлы дүниесі емес. Тіл — халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәртебесі — елдің мерейі. Оның мерейін асыратын да, құтын қашыратын да өзіміз. Осыны ұмытпауымыз керек.
    Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Бүкіл әлемдегі сияқты, Қазақстан мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу керек», - деп атап көрсеткен. Олай болса, қазақ тілін орыс тілді балаларға түрлі жаңа технологиялар мен әдіс-тәсілдерді пайдаланып үйретуді балабақшадағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде тиімді қолдану қажет. Өйткені, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті дегеніміз - педагог ұйымдастырған және білімді меңгеруге, біліктілік пен дағдыларды игеруге және алған білімді тәжірибеде қолдануға бағытталған қызметтің бір түрі. Жалпы осы қызмет түрінде мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ тілін меңгертудің алғашқы оқыту сатысы сөзді жаттау, тілдік үлгідегі ұғымды түсіндіру, өлең, фонетикалық жаттығуларды және т.б. игерту қолданылады. Бұл жұмыс түрлері балалардың дұрыс сөйлеуіне, тілге деген қызығушылығына мүмкіндік береді.
    Халық даналығында былай деп айтылған: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте». Біздің Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев әр азаматқа өз тілінде сөйлеуге, салт – дәстүрін сақтауға мүмкіндік береді. Сондықтан біздің республикамызда тұратын әр халықтың мемелекеттік тілді үйренуге ынтасы зор. «2030 бағдарламасына» сәйкес әр қазақстандықтар мемлекеттік тілде сөйлеуге міндетті.
    Кез келген халықтың ұлттық қазынасы тіл болып табылады.Әрбір халықтың тілінде оның ұлттық дәстүрінің, сана-сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез- құлқы белгілері көрініс табады. Ал тілді, тіл мәдениетін игеру баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін үрдіс. Олай болса, баланың тілін дамыту жұмысы отбасынан, балабақшадан бастап жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Балабақшада қазақ тілін оқытудың қай түрін алсақ та, ол оқыту, үйрету үрдісінің бүкіл жүйесін қамтиды.
    Балалардың ақыл-ойына, қабілеттерінің дамуына жетудің бірден – бір жолы – өзара тілдік қарым-қатынас. Әр баланың табиғи қабілетін ескере отырып, балаға көмекші әрі сүйемелдеуші болып, әрдайым жанында достық қарым-қатынаста болсақ, оқыту мазмұнын жаңғыртуға, әрі тиімді әдіс-тәсілдерді кеңірек қолдануға еркін жол ашады.
    Мектепке дейінгі балаларға қазақ тілді үйретудің басты шарттары топта жағымды психологиялық климат, мейірімді орта, қазақ тілінде тілдесудің қуану сияқты факторлар өз себін тигізеді. Қазақ тілін үйретуде балалардың қорларын байыту, молайту, сөздіктерінің белсенділігін арттыру, күнделікті өмірде қолдана білуіне бағыт беру, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтырып, тіл мәдениетін жетілдіру, сөйлем құрап, сөйлесу тәжірибесін ұдайы ұйымдастыру – балалардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып, мемлекеттік тілдің мәртебесін ұғынып, тілінің жетілуіне ұстаздық әсер көрсетудің маңызы зор. Тіл тағдырына терең қарап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудегі талап, міндеттер балабақшамызда жақсы іске асырылуда.
    Өз жұмысымда балабақша ұжымының алдына қойған мақсатымен ұштастырамын. Жаңа технологияны, әдіс - тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын көтереді.Ең басты мақсатым: жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, балаларға сапалы да терең білім беру, олардың ойлау дағдылары мен есте сақтау қабілеттерін жетілдіре отырып, қазақ тілінде еркін сөйлеу дәрежесін көтеру.

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен оқыту барысында бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудің білім-деңгейі нақты бағдарламамен берілген. Қазақ тілін оқыту «Біз мектепке барамыз», «Зерек бала» бағдарламаларында жүзеге асырылады. Заман талабына сай әр мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізеді. Осы мақсат пен міндеттерді негізге ала отырып, өзге ұлт балаларына қазақ тілін үйретуде тек қана сөздерді қайталау арқылы үйретпей, оларды ойындар мен көрнекіліктер арқылы үйреткен тиімді болып табылады. Ойын мен көрнекілік — балалардың тілді үйренуге деген қызығушылығын арттырады, сенімін оятады.
    «Балдәурен» балабақшасында барлығы-140 бала бар, оның 70 орыс тілде оқытылатын топ. Біздің балабақшамыз аралас тілді болғандықтан қазақ тілін тез және жеңіл түрде үйрету бастапқы мақсатымыз.
    «Балдәурен» балабақшасында балаларға мемлекеттік тілді меңгеру үшін барлық жағдайлар жасалынған.
    Өз жоспарымды жүзеге асыру, бағдарламаны бүлдіршіндерге меңгерту үшін сабақта, сабақтан тыс барысында бар жағдайлар жасалады.


    Бірінші сабақтан бастап балалар қазақ тілі кабинетімен, ұлттық нақыштағы бұйымдармен, ойыншықтармен танысады. Бүлдіршідерге мемлекеттік тіл-қазақ тілі туралы түсінік беріледі.

    (кабинет суреті)
    Қазақ тілі кабинеті қажетті жабдықтармен, бұрыштар мен көрнекіліктермен безендірілген. Онда ұлттық дәстүрімізге сай жабдықтар жасалынған (киіз үй, сандық, ұлттық ою-өрнектермен әшекейленген ұлттық бұйымдар: көрпе- жастық, кілем, қоржын, т.б) бар. Театрландыру қызметінің түрлерін (қуыршақ, саусақ көлеңкелі, т.б) балалардың шығармашылығына арналған бейнелі жабдықтар, кітаптар, насихаттық материалдар, ұлттық ойын үлгілері әзірленген. Балаларға қазақ тілін өткізу барысында бейнетаспа, үнтаспа, dbd дискілер, релаксация қолданылады. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті топпен және жеке балалармен жүргізіледі.
    Сондай-ақ мерекелер көңілді кештер, қуыршақ спектаклдері екі тілде өткізіледі. Сабақ қазақ тілі кабинетінен тыс далада да жүргізіліп отырылады.
    Ауданымызда жыл сайын тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен ұлты қазақ емес балалар арасында "Балғын шақ" атты аудандық байқау өтеді. Біздің балабақшамыздың атынан 2013 жылы Ивашкеевич Ангелина 2 орынға ие болса, 2014 жылы Карпенко Анастасия белсенділік танытқаны үшін алғыс хатымен марапатталды, 2015 жылы Коршунова Виктория I орынға ие болды. Бүлдіршіндер мемлекеттік тілде өздерін таныстырып, қазақ тілін меңгеруге күш салып жүргендерін танытты.
    Сонымен қатар ата-аналармен тығыз байланыста жұмыстар жүргізіледі. Ата-аналар бұрышына өтілген материал бойынша жаңа сөздер ілінеді. Балалармен бірге қазақ тілінде өткен мерекелік іс-шараларға қызығушылықпен ат салысады.
    Қазақ тілін үйреткенде балалардың жас ерекшелігін ескеріп, әдіс-тәсілдерді таңдап, сабақ өткізгенде бірінші орынға ойын түрлері қойылады.

    Басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету бойынша 3 жылдық көрсеткіштер

    Көрсеткіштер 2012-2013 2013-2014 2014-2015
    Жоғары 54% 39% 44%
    Орташа 34% 54% 50%
    Төмен 12% 7% 6%



    Өзге ұлт балаларына қазақ тілін ұтымды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемде қолдануға ізденемін Жаңа технологияны, әдіс — тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын арттырады. Сонымен қатар қазақ тіліне үйреткенде балалардың жас ерекшелігін ескеру әдіс-тәсілдерді таңдаумен сай келеді. Ойын — оқу үдерісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық санат. Тіл үйретуде ойынды көрнекі құралдар, түрлі суреттер, кестелер, ойыншықтар, музыка және т.б. материалдар сабақты көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады, ауызша сөйлеу түрлері кеңейеді. Әрбір сабақта ойын түрлерін және өзара сөйлеу үлгілерін тақырыпқа сай қолданған жөн және тиімді
    Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойын — балалар үшін қоршаған ортаны танып білудің ең жеңіл-де ұтымды тәсілі. Оның негізгі ерекшелігі — балалар үн-түнсіз ойнамайды, тіпті, жалғыз болғанның өзінде-де сөйлеп отырып ойнайды. Ойын процесінде сөйлесу үлкен рөл атқарады. Ойын — мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Ойын — бала үшін нағыз өмір. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады.
    Егер ойын, ақылмен ұйымдастырылса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік береді. Балалардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру — оларды тәрбиелеу деген сөз. Бала үшін ойын — өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі көрсетудің құралы. Ойын әрекетінде баланың психикалық қасиеттері мен жеке басының ерекшеліктері әлдеқайда тез қалыптасады, яғни ол арқылы бала білім алады. Ойын ойнау барысында бала ешбір бүкпесіз, бар жан-тәнімен ойынға кірісіп кетеді-де, белсенділік пайда болады, қызығушылық танытады. Тіпті тілді үйренгісі келмейтін баланың өзі ойын ойнаған кезде оны ұмытып кетеді. Ойында балаларды не қызықтырады? — деген сұрақ туындайды.
    Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай ойын түрлері-де әр түрлі болып келеді. Баланы ойынға қызықтыра отырып оқу іс әрекетіне айландырып, ойын түрін күрделендіре түсу керек. Ойын тек балалар ойнайтын болып емес, оқу әрекеті барысында қолданылатын ойын түрлері болып мынадай топтарға бөлінеді:

    Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын реттеп, олардың бойында адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады. Бала алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері сабақтарында салған суреттерін ыдыс, үй жиһаздарын, қағаздан құрастырған заттарды ойын құралы ретінде пайдаланады.
    Тіл үйрету барысында ойын элементтерін дидактикалық материал ретінде қолданудың пайдасы бар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. Дидактикалық ойындардың сапалылығы олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажеті материалдарды алдын-ала дайындап алуына, ойын үрдісіне оқушыларды белсенді қатыстыруына байланысты болады.
    Сабақтың басында — өткен сабақты еске түсіру.
    Сабақтың ортасында — көңіл-күйін сергіту, ерік-жігерін дамыту, сабаққа ынтасын арттыру.
    Сабақтың соңында — тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.
    Ойын арқылы балалар қазақ тілін үйреніп, сөздік қорын байытады, мемлекеттік тілді меңгереді және жаңа материалды жақсы қабылдайды, есте сақтайды, зейіні дамиды, қызығушылығы артады. Қазақ тілі сабағындағы сөздік қорды дамыту жұмыстары: түсіндіру, сұрақ- жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме, көрнекілік әдіс — тәсілдер арқылы жүзеге асады. Сөздік қорды дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті — сөздің мағынасын түсініп, оны дұрыс қолдану.

    Қазақ тілі сабағындағы сөздік қорды дамыту жұмыстары: түсіндіру, сұрақ- жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме, көрнекілік әдіс — тәсілдер арқылы жүзеге асады. Сөздік қорды дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті — сөздің мағынасын түсініп, оны дұрыс қолдану.
    Түсіндіру әдісі — жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде қолданылады. Сабақ барысында үйретілетін жаңа сөздер бойынша сөздік жұмысында іске асады.
    Көрнекілік әдісі — әр сабақта жүргізілетін әдіс. Басқа тілді үйретуде ең нәтижелі және жиі қолданылады. Балаларға түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы іске асады. Дыбыстық жаттығуларды өткізуде балалар сөздердегі қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттығады, дауыстың ырғағы дамиды.

    Мысалы:
    Шақ — шақ — шақ — кішкентай құлыншақ.
    Ыр- ыр — ыр — ырылдайды қасқыр.
    Ян — ян — ян — секіреді қоян

    Ойын — балалардың негізгі іс — әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Дидактикалық ойындар балаларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады, олардың ойлау қабілеттерін, ізденпаздылығын арттырады, сөз қорын молайтуға көмектеседі, сабақта дидактикалық ойындарды пайдалануда оқушыларды әдептілікке, адамгершілікке, қамқорлыққа, қайырымдылыққа тәрбиелейді.
    Ең тиімді бір әдіс «Ойлап табу теориясының шешімінің міндеттері» әдістемесі. Бұл әдістеме бойынша баланың шығармашылық қиялын, ойын, тілін дамыту үшін бала көп сөйлеу керек, ойын толық айтуы тиіс. Қысқаша осы әдіске тоқталып кетейін.

    ОТТШМ – балалардың логикалық және абстракты ойлау қабілетін, қиялын дамытып қана қоймайды, оларды зейін қоюға үйретеді.

    Балалармен жұмыс жасаудағы осы технологияның негізгі құралы педагогикалық ізденіс болып табылады. Мектепке дейінгі балалармен оқу – тәрбиелік іс- әрекетті дұрыс ұйымдастыру қажет, қазақ тілі сабағында ОТТШМ технологиясы бойынша әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолданамыз.

    ОТТШМ - ұраны - «Ойдағының бәрін айтуға болады», сондықтан балалар өздері ойлап тауып, өз ойларын жасқанбай айтып, жеткізуге тырысады.

    ОТТШМ технологиясы бойынша «Ой шабуылы» әдісінің тиімді әдістердің бірі болып табылады. Бұл әдіс әр түрлі қызметте кеңінен тараған. Яғни, ол балаларға өз пікірлерін айтуға, оны дәлелдеуге, балаларды басқа біреуді тыңдай білуге, басқа адамға баға беруге үйретеді.

    Балаларға әр түрлі тақырыптар береміз.

    Мысалы: “Ой шабуылы”.

    «Егерде ... , не болады?»

    « ... жаңбыр толастамай жауады».

    «... адамдар құстар сияқты ұшып үйренеді».

    «... иттер адамдар сияқты сөйлей бастайды».

    «... барлық ертегі кейіпкерлері тіріледі».

    «... су құбырының шүмегінен апельсин шырыны ағады». Балалар еркін ойлап, осы сұрақтарға жауап береді.

    «Ой шабуылының» жемісі психологиялық және талдау белсенділігіне

    байланысты болады. Егерде бала сұрақ қойса, оған тез жауап бермейміз.

    Керісінше, оның ол туралы не ойлап тұрғанын сұраймыз. Оған талқылауға немесе баланың жетекші сұраққа жауапты өзінің тапқанын сұраймыз. Егер бала сұрақ қоймаса, онда қарама – қайшы әдісті қолданамыз.

    Жауап табу мақсатында, баланы жағдаятқа қоямыз. Бұл ауызша ойын.

    Мысалы,«Жақсы–жаман». Мысалы, «жаңбыр – жақсы немесе - жаман»
    Мақсаты: Қандай да болсын объектінің, жағдаяттың жақсы, жаман жақтарын табу, ненің зиян, ненің кедергі екендігін, ненің қажет екендігін білу.
    Ойын:«Керісінше»(доппен ойнайды).
    Мұғалім балаға допты лақтырып, сөз айтады, ал бала мағынасына қарай қарама – қарсы сөзбен жетекшіге допты қайтарады (жақсы – жаман, құру – бұзу, кіру – шығу...,).
    Мұғалім балалардан керісінше сөйлеуді сұрайды. Мен “кішкентай” деймін, балалар “жоқ, үлкен” – деп жауап қайтарады. (Жуан – жіңішке, қара – ақ, кәрі – жас, жеңіл – ауыр, жылы - ..., ұзын - ...).
    Ойын: «Хайуанаттар үйі»
    Үлкен ақ қағаз бетінде әр түрлі пішінді көп терезелері бар үйдің суреті бар. Балалар бұл үйде қандай аңдар тұратынын айтады, суретін салады. Оларға ат қояды. Содан кейін балалар бір күні осы үйде болған бір жағдай туралы әңгіме құрайды.
    Сабағымда әр тақырыптарға байланысты сызба-схемаларды қолданамын. Сол сызбаларға қарап, балалар әңгіме құрастыруды тез үйренеді. Мұғалім өз балаларының қабылдау қабілетін, жас шамасын ескере отырып, сызбаны өзі жасап алуына да болады.

    Әр сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі суреттер , кестелер, сабақты көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады деп сенімдімін.

    1.Қазақ тілі сабағында қолданылған аудиокітаптар балалардың қызығушылығын арттырады, зейін тыңдауға, қазақ тіліндегі тән дыбыстарды айтуға қалыптастырады.

    2. «Сөйлетін кітаптар» арқылы кітап бетіндегі сабаққа қажетті сөздерді, шағын сөйлемдерді қайталап айту, сұраққа дұрыс жауап беруге баулиды.

    3.Үнтаспаны пайдалану арқылы аңдардың, құстардың, табиғат құбылыстарын т.б. дыбыстарды ажырата білуге мүмкіндік бар.

    4. «Музыка немесе дыбыстармен жұмыс» мәзірінен арнайы әуендерді ойнату арқылы сабақты түрлендіруге, балаларды түрлі байқауларға дайындауда көп көмегін тигізеді.

    Қазақ тілін үйретуде көркем және халық ауыз әдебиетін қолданудың маңызы зор. Осы арқылы балалардың ойлау, дұрыс сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту, сөйлем құрап өз ойларын жеткізе білуге, қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды дұрыс айтуға, өлең, тақпақ, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, ертегілерді рольдермен орындауға, қазақ халқының дәстүрімен таныстыру арқылы, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, балаларды тіл үйренуге, халық мәдениетін зерттеуге, адамгершілікке баулиды.Тіл үйренуде ең басты міндет –балалардың сөйлеу тілін жетілдіру.Сөздік қорды дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті- Сөздің мағынасын дұрыс түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану.
    Мысалы: «Алма» сөзін алманы көрсету, немесе дәмін татқызып арқылы ұғындырамыз. Бұл әдіс – «Жеміс-жидектер», «Оқу құралдары», «Ойыншықтар», «Тағамдар» , тақырыптарында жүзеге асады.
    Менің балаларға қазақ тілін жетік меңгертуде тәжірибемнің көрсеткіші бойынша бірнеше тиімді әдіс-тәсілдерді атап өттім: Баланың ерекше бір өзіне тән қасиетті – бапылдап сөйлеуден жалықпау. Осы ерекше қасиетін пайдалана отырып, орыс тілді отбасы болсын, балабақшасы болсын, жемістер-көкөністер тақырыптарын қозғаса, баланы осы тақырыптарға сай қазақ тілінде сөйлетіп үйрету оқыту үрдісін әлдеқайда жеңілдетеді. Мысалы бала ата-анасымен дүкенге барады, азық-түліктерді сатып алады, соның ішінде жемістер мен көкөністерде бар, сол туралы орысша әңгімелеп береді. Ал мұғалім орыс тілінде айтып берген әңгімесін қазақ тілінде айтып беруді сұрайды: Бала дүкеннен сатып алған жемістердің, көкөністердің атауын қазақ тілінде еске түсіріп атап шығады. Дәл осылай басқа тақырыптарды да қозғауға болады: мысалы: Кеше күн қандай болды? Бүгін күн қандай? Бала орыс тілінде айтқан шағын сөйлемдерін қазақшаға келтіріп айтады. Диалогтық сөйлеу балалардың анық және мәнерлі сөйлеуін қамтамасыз етеді.
    Мысалы, жемістер – көкөністер тақырыбына байланысты «Дүкен» ойынын ойнауға болады.Үстел үстіне жемістердің муляждарын «сатуға» қойып, ойнау. Бала дүкенге кіріп амандасады, қазақша айтуға тырысады. Маған алма беріңізші. Қандай алма аласыз? (түстерді ажырата білу). Мынау ащы, тәтті деген сөздер сөйлемде қолданылады.

    Орыс тілді балаларды қазақ тілінде сөйлеуге үйрету барысында біздің мекемеде «Болашақ» үйірмесі жұмыс істейді. Бұл үйірмеге өзге ұлт өкілдерінің балалары қатысады. Үйірменің мақсаты: халық ауыз әдебиеті арқылы балалардың тілдерін дамыту, мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттыру.

    «Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте– деп ақын жырлағандай, өз ана тілімізді жетік меңгеру, ана тілінде таза сөйлеуге үйрету, халқымызда ғасырлар бойы қалыптасып, сақталып келе жатқан наным-сенімдерін, дәстүрін, әдет-ғұрыптарын өсіп келе жатқан, жас ұрпақтың бойына сіңіру барысында, мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда үлкен нәтиже береді. Халық байлығының асыл қазынасы – рухани тіл. Оны меңгеру бесік тәрбиесінен, ана әлдиінен бастап, балабақшада ары қарай жүзеге аспақ. Қазақта «Сүтпен сіңген сүйекпен кетеді» деген мақал бар. Демек, біз балабақша табалдырығын аттаған бүлдіршін бойына қазақ тілінің қасиетін сүттей сіңіре білсек, еңбегіміздің ертеңі алда деген сөз.
    “Білімді ұрпақ – болашақтың кепілі”,- демекші, қазіргі таңда елдің болашақ азаматтарын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі-мемлекетіміздің басты саясатының бірі. Мұғалім өз білім-білігін, оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруы және жаңа педагогикалық технологияны меңгеруі тиіс.
    Елбасы Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, Қазақстанның болашағы қазақ тілінің дамуына, тағдырына тікелей байланысты. Сондықтан да мемлекеттік тілдің оқытылу жағдайына көп көңіл бөлініп отыр. Бұл үдерісті де тәуелсіздіктің жемісі деп білеміз.

    Источник: http://pedagog-help.ucoz.ru/publ/0-0-0-0-1
    Категория: Дошколёнок | Добавил: аля (04.04.2016) | Автор: Каратокова Жаннур Мукышкызы E
    Просмотров: 3623 | Рейтинг: 2.5/2
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024