В помощь педагогу.
Пятница, 29.03.2024, 06:19
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Оцените мой сайт
    Всего ответов: 79
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 226
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » Школьный психолог

    Ұрпақ тәрбиесіне ойланайық!!!/семинар-тренинг/
    Тақырыбы: «Ұрпақ тәрбиесіне ойланайық»
    Мақсаты: Ата-ана мен бала арасындағы қарым- қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету. Қазіргі кездегі баланың дамуына,жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып,қарым-қатынас орнату.
    Күтілетін нәтиже: Ата-аналардың мектеппен тұрақты қарым-қатынасын
    қалыптастыру.
    Көрнекіліктері: Интерактивті тақта.
    Әдіс-тәсілдері: Пікір алмасу, сұрақ-жауап, тренинг жаттығулар
    -«Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, ең бастысы ата-ананың балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз».
    Нұрсұлтан Назарбаев
    Құрметті ата-аналар, ұстаздар, мектеп қонақтары « Ұрпақ тәрбиесіне ойланайық » тақырыбында өткелі отырған тренинг бағдарламасына қош келдіңіздер!
    Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен, мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда бүгінгі тілге тиек болар әңгіме, тренинг жаттығулар арқылы жастарға беріліп жатқан тәрбие, бала тәрбиесіндегі ата-ананың, мұғалімнің, қоғамдық ұйымдардың рөлі жайлы болмақ.
    - Олай болса, жұмысымызды «Шаттық шеңбері» яғни сіздерді ортаға шаттық шеңберіне шақырамын.
    1. Шаттық шеңбері:
    Дөңгеленіп тұрайық
    Керегені құрайық.
    Уықтар боп иіліп,
    Шаңыраққа киіліп
    Киіз үйді құрайық.
    Міне сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің мектебіміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.
    Танысу: Бір шаңырақ иесі ретінде бір-бірімізбен жақынырақ танысайық. Алдыларында берілген бейджға өздерінің есімін немесе өзіне ұнайтын есімін жазып және өзін неге теңейтінін сурет қылып салады немесе жазып қояды да өзін таныстырып шығады.
    Жаттығу “Тілек шамы”
    Мақсаты:
    Тренинг туралы
    пікірлерін ортаға салу,
    жақсы тілектер айту
    Ой қозғау:
    Ата-аналар 4-топқа бөлінеді. Бала тәрбиесі жөнінде сұрақтар қойылады. Сол жағдаяттан шығу жолдарын тірек-сызба, сурет арқылы қорғап шығады.
    1. Бала жақсы білімді болу үшін ата-аналардың міндеті қандай болу керек?
    2. Баланың оқу үлгеріміне отбасының қарым — қатынасы әсерін тигізе ме?
    3. Сіз жұмыстан ашулы келдіңіз, балаңыз компьютер алдында отыр, үйдің іші жиналмаған, тамақ істелмеген, сіздің айтып кеткен тапсырмаңыз орындалмаған сіздің әрекетіңіз?
    4. Тоқсандық қорытынды бойынша сіздің балаңыз бір сабақтан үшке кетті делік. Сіздің іс-әрекетіңіз?
    Аялы алақан (тренинг):
    Мақсаты: Ата—ананың баласына қаншалықты мейірім, уақыт бөлетінін анықтау, әр кезде уақыт тауып, мейірімділік көрсетуге баулу.
    5 ата-ананы балаларымен ортаға шақырамыз. (Ата — аналардың көздері байлаулы өз баласын қолынан танып алу керек)
    1. Балаңызды қалай таныдыңыз?
    2. Балаңызды тани алмаймын —ау деген қорқыныш болды ма?
    3. Балаңызды тани алмаған кезде қандай сезімде болдыңыз?
    4. Балаңызды қолынан ұстап танитыныңызға сенімді болдыңыз ба?
    Аялы алақанға байланысты мен бір өсиет әңгімеге тоқталғым келеді.
    Өсиет әңгіме. Жағдайлы бір отбасы баласын ешкімнен кем өсіргісі келмей барлық жағдайын жасайды. Қазіргі заманның озық технологиясымен жасалынған ойыншықтар, компьютер, тіптен қымбат телефонды да алып береді. Бірақ баласы осының бәріне қанағаттанбай, күнде ата-анасының жұмысқа кетпеуін өтінеді. Ата-анасы жұмысқа бармаса болмайтынын, ақша табатынын баласына түсіндіреді. Ал, баласы осы сәтте ата-анасының күніне қанша ақша табатынын сұрап біледі.
    Бала сол күннен бастап ата-анасының өзіне тастап кетіп жүрген ақшасын жұмсамай жинай бастайды. Жинаған ақшасы ата-анасының бір күндік табысына жеткен күні бала ата-анасына өтініш жасайды.
    — Әке, ана! Бүгін жұмысқа бармай бір күндеріңізді маған қиыңыздаршы.
    Бір күнгі табыстарыңызды мен төлейін депті. (қалай ойлайсыздар бала неге өтінді?) Міне, ата-ананың аялы алақанының әсері балаға күн сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір нәрсе ауыстыру мүмкін емес.
    Байлаулы бала (тренинг):
    Бір ата-ана ортаға шығады. Төмендегідей сұрақтар қойылады.
    1. Сіз балаңызбен көл жағасына бардыңыз. Балаңыз суға қызыққаны соншалық суға қарай жүгіріп кетті. Сіз қалай тоқтатасыз? (аяғы байланады)
    2. Қарасаңыз балаңыз адамдардың тастап кеткен темекінің тұқылын жинап алып, сонымен ойнап отыр. Сіздің әрекетіңіз? (қолы байланады)
    3. Жұмыстан шаршап келсеңіз бала теледидардан атыс-шабыс, бір сөзбен айтқанда өз деңгейіне келмейтін кино көріп отыр. Сіздің әрекетіңіз? (көзі байланады)
    4. Балаңыз сізге басқа ұлттың қызын ұнатты. Бірақ сіздің қалауыңыз ол емес еді. Сіздің әрекетіңіз? (кеудесі байланады)
    5. Балаңыз досымен келіспей қалды да, жаман сөздермен сыбағасын берді. Сіздің айтар сөзіңіз? (аузы байланады)
    Міне, баламыз қандай күйге түсті, құрметті ата-ана. Мұндай күйге түспес үшін баламызға неге болмайтынын, «өйткені» сөзін қолдана отырып түсіндіруіміз керек. Сонда ғана сіз бала тәрбиесінде мақсатыңызға жете аласыз.
    «Өзіңді-өзің танысаң — істің басы»
    «Ата-ананың ақылы - қазулы қара жолмен тең» деп Дулат Бабатайұлы айтпақшы ата-ана баласының түйсігіне қандай із салса, бала сол жолмен жүре беретіні белгілі. Олай болса сара жолды, сақтықпен салайық ағайын.
    - Келесі кезекте ата-аналар мен оқушылардың қатысуымен «Жазалау» ойынына шықсақ. (Ортаға үш оқушы, үш ата-ана шығады).
    1. Балаңыз мектепте сіздің көзіңізше мұғаліммен дауыс көтеріп айқайласты.
    2. Балаңыз көрші үйдің затын ұрлап алыпты, оны көршіңіз сізге келіп айтты.
    3. Балаңыз мектепке темекі шегіпті, оны мұғалімінен естідіңіз.
    Ата-аналар, енді сіздер осы оқушыларды жазалауларыңыз керек. Алдарыңыздағы балаларыңызды қалай жазалайсыздар? Кезек өздеріңізде. (Ата-аналар түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып балаларын жазалайды. Әркім өзінің ойын ортаға салады да, барлығы бір шешім қабылдайды).
    Мысалы: -Бұдан былай тек менің айтқаныммен жүресің.
    - Не істесең де өзің біл, сенің денсаулығың маған керек пе?
    - Әттеген-ай бүгінгі күнге дейін балам немен шұғылданып жүргеніне мән беріп, көңіл бөлмеген екем, енді осы минуттан бастап қолға аламын. (сырласым, досы болам т.с.с).
    Енді мына көрініске көңіл аударсаңыздар!
    1. Анашым, мен бүгін сабаққа бармай-ақ қояйыншы, үйге берілген тапсырманы жаттамап едім, апай сұраса «Ауырып жатыр» деп айта салыңызшы.
    Ата-ана: -Оңбаған сен жаман оқып әбден мені ұятқа қалдырып болдың.
    -1-ші ден ауырған жақсы емес,
    2-ші ден апайыңнан кешірім сұрап, сабаққа дайын емес екеніңді
    ескерт, екінші бұлай қайталама.
    2. Әке, мен бүгін мектепке жарысқа қатысып, мақтау қағазын алдым.
    -Е,жарайды алмай жүрген қағазың ба?
    -Жақсы болған екен балам, келешекте сен менің мақтанышым боласың т.с.с
    3. Анашым, менің түймем түсіп қалыпты, тігіп беріңізші.
    - Ту, солда қолыңнан келмей ме?
    - Уақытым жоқ, өзің тігіп ал.
    - Мектептеріңде осы технологгия сабағында не үйретеді?
    - Әкеле ғой, балам тігіп берейік, келешекте өзіңнің де үйреніп алғаның абзал. т.с.с.
    (Ата-аналар сол сәттегі өздерінің осы жағдайларды уақытында қалай қабылдайтынын қуаныштарын, реніштерін іс-қимылын салып, көрсетіп береді).
    Міне ағайын, «Тәрбие жалқауды да адам етер, еркелік жақсыны да надан етер» демекші, бүгінгі таңда ұсынылып жатқан тәрбие текті ме, асыл ма, сапасы қандай?
    (Жаманды адам ету де, жақсыны надан ету де өз қолымызда екен)
    Тақтаға назар аударсаңыздар!
    Ата-ана
    Енді ешқайда бармайсың
    Ұятқа қалдырасың
    Неге оқымайсың
    Ақылсызсың
    Енді ештеңе сатып алмайсың.
    Қолыңнан ештеңе келмейді.
    Бірақ, бірақ...
    Балаға сену керек... Сенбейміз.
    Баламен байланыста болу керек...Уақытымыз жоқ
    Баланы мақтау керек... Мақтамаймыз
    Сырлас досы бола білу керек...
    Балаға көмектесу керек... Ерінеміз.
    Қымбатты ата-аналар осы тұста мен сіздерге мынандай кеңестер ұсынғым келіп тұр. Егер балам қатыгез, қайырымсыз, өзімшіл т.б. болып өспесін десеңіз, бала тәрбиесінде мына қателіктерге жол бермеңіз:
    Экраннан көрсетіледі.
    1-қателік: «Егер сен мен қалағандай болмасаң, мен сені жақсы көрмеймін».
    2-қателік: «Не істесең оны істе, маған бәрібір».
    3-қателік: Аса қаталдық, яғни «Мен не айтам, соны орындауың керек, өйткені мен үйдің басшысымын».
    4-қателік: Балаларды тым еркелету.
    5-қателік: «Саған көңіл бөлуге уақытым жоқ».
    6-қателік: Балаңызды тым көп ақшамен қамтамасыз ету.
    7-қателік: Баланың ісіне көңіл-күйіңізге қарап баға беру, яғни көңіл-күйіңіз нашар болса оның қуанышына ортақтаспау, әңгімесіне құлақ аспау т.с.
    Міне, құрметті ата-аналар, бала тәрбиесінде осы қателіктерге жол бермесеңіз өсіп, сізді бақытқа кенелтері сөзсіз.
    -Енді бүгінгі жұмысымызды қорытындылау үшін ортаға екі жәшік алынады.
    «Қара», «Ақ» Сіздер жәшіктердің қарасына балаға, ата-анаға қатысты жаман қасиеттерді - «менің бойымнан осы жаман қасиеттер мәңгіге жоғалсын» — деп ал ақ жәшікке балаға, ата-анаға қатысты жақсы қасиеттерді жазып саласыздар.
    Жәшіктерден сөздер оқылып, тақтадан көрсетіледі.
    Экранға көңіл аударту.
    Ұрпақ тәрбиесінде кешігу дегеніміз мертігумен бірдей. Тәрбие-нәресте, дүниеге келмей тұрып басталуы тиіс. Халық сондықтан да «Бала тәрбиесі басынан, еңбекке баулу жасынан»-деп бекер айтпаған. Мұндағы мақсат 1-ден балалардың бос уақыты тиімді ұйымдастырылса, 2-ден ата-анамен мектеп арасындағы байланыс тұрақты қалыптасады.
    Ендеше, ел азаматын баулу ерте басталуы тиіс. «Ертең де күн бар ғой, бәріне үлгереміз» деп салдыр-салақ күн кешкендердің өкініші удан да ащы боларын сезелік.
    «Ата-ананың ақылы, сайрап жатқан жол мен тең,
    Зерделінің ақылы-сарқылмайтын көлмен тең» дегендей берген ақыл-кеңесіміз, үлгі-өнегеміздің нәтижесінде саналы тәрбие мен нақтылы білім алуына күш салайық.
    Сонымен ағайын тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйіні:
    Яғни, бүгінгі сіздермен талқылаған кезек күттірмейтін мәселенің шешімін тапқан сияқтымыз. Бала жүрегіне жолды сөзбен де, айла, әдіс-тәсілмен ле, балаға деген жүрек сезімі-махаббатпен де табуға болатынына көз жеткіздік. Олай болса ұлағатты ата-әже, асқар таудай әке, парасатты ана бола отырып, мектеп пен ата-ана арасындағы тұрақты қарым-қатынасты одан әрі нығайта отырып, ел сенімін ақтар, ата даңқын шығарар, тәуелсіз еліміздің болашағын алға апарар білімді, парасатты ұрпақ тәрбиелейік!
    «Бақытымызды балаларымыздан іздей отырып, Бала тәрбиелеуде кеш қалмайық!!!
    Жүректен шыққан тілектеріңіз әрдайым жер бетіндегі балаларды қолдап желеп-жебеп жүрсін дегім келеді.
    Категория: Школьный психолог | Добавил: Ангелочек (12.09.2014) | Автор: Ермухамбетова Дана Кайратовна E
    Просмотров: 1739 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024