В помощь педагогу.
Четверг, 28.03.2024, 23:10
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Оцените мой сайт
    Всего ответов: 79
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 226
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » Школьный психолог

    «Балалардың бейімделуін ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері» тақырыбындағы ақыл-кеңесі
    Балабақшаға әр бала әртүрлі үйренеді, сондықтан біртіндеп күн тәртібіне үйренетін балаларға шыдамды болу керек. Тәрбиешінің балаларды балабақшаға бейімделуіндегі негізгі міндеті: олардың алаңдаушылығын түсіру, жайлы жағдай жасау, әлеуметтік қарым-қатынасты қалыптастыру.
    Әдетте бала 10-15 күннің ішінде балабақшаға бейімделіп, өзін топта жақсы сезініп, ұйқысы да, тәбеті де жақсарады. Оның ересектермен, қасындағы балалармен қарым-қатынас жасап, мінез-құлқында белсенділік танылады.
    Бейімделуі орташа балаларда психикалық стресс белгілері байқалады: тәбеттің болмауы не тамақты таңдап жеуі, дене салмағының түсуі, ұйқының бұзылысы, басыңқылық, көне беру, кері эмоцияларға тез ауысу, мінез-құлықтағы белсенділіктің жоқтығы, қысқа мерзімді ойын, бірақ онда ашылып, сөйлеп, жарқын көңіл-күй танытпайды. Анда-санда таңертең жылау болуы мүмкін. Бұл жағдай 1 ай ішінде байқалып, кейін балада жағымды көңіл-күй басым болады.
    Бейімделудің ауыр түрі 2-6 ай ішінде өтеді, бала жиі аурады, дәреті бұзылады, тамақ ішуден бас тартып, тәбеті болмайды, ұйықтай алмайды, ұйықтаса, сөйлеп, айқайлайды, тоқтаусыз көп жылайды, балалармен ойнамай, жалғыз отырады, еш нәрсеге қызықпайды.
    Бала апта ішінде тұрақты оң психоэмоционалды күйде болса, балалармен белсенді ойнап, ересектермен, құрбыларымен жақсы қарым-қатынаста болса, күн режимін сақтап, тамағын жеп, тәтті ұйықтаса, ауырмаса, бала балабақшаға толықтай бейімделді деп айтуға болады.
    Балабақшаға келген күнінен бастап әр бала өзіне деген қамқорлықты, сүйіспеншілікті сезінуі қажет. Ата-анасына айтып, балаға үйінен өзінің жақсы көретін ойыншығын әкелуге рұқсат беруге болады, бұл баланың эмоционалды жағдайын жақсартады. Әр баланың ерекшелігін ұғып, оған жылы сөз айтып, мақтап, сипап, ұнатқан ойыншығымен ойнату бейімделуге жағымды әсер етеді. Баланың әр күнін өзгеше қызықты етіп ұйымдастыру, әсіресе жас ерекшелігіне қарай әртүрлі ойындар ойнату өте маңызды. Мұнда өлеңдер, қол ұстасып жүретін әндер айту, жаттаулар жаттау, қимыл-қозғалыс ойындарын өткізу орынды. Балаға терең ойлануға арналған ойындарды және дене жаттығуларын беруге ертерек. Баланың көңілін аулаудың бір түрі – оның күлкісі, сондықтан балаға көңілді ертегілер оқып, мульттоптамалар көрсеткен жөн. Тәрбиеші әр баланың мінез-құлқына (үндемейтін немесе жылдам бала, т.б.) көңіл аударып, әңгімеге тарту керек. Таза ауада серуендеген, құмда ойнаған балалардың эмоционалды көңіл-күйіне де, топтағы балалармен өзара жақын араласуына да игі әсер етеді.
    Әр балада басқа адамдарға жағымды қатынас қалыптастыруға ұмтылу керек, топта баланың кез келген дербестігін, өз бетінше әрекет етуін қолдап отырған абзал. Ата-анаға баласы жайлы көп шағым жасамауға тырысу керек, кері жағдайда ата-ананың ғана емес, баланың да наразылығына ұшырайсыз. Баланың мінез-құлқын, тәртібін ата-анасымен баланың көзінше талқыламауға тырысу керек. Ата-аналармен күнделікті әңгімелесіп, балаларының жағымды жақтарын мақтап, қиын бейімделіп жатқан баланың ата-анасын жағымдылыққа баулып, баласы біртіндеп үйренетініне үміттендіріңіз.
    Категория: Школьный психолог | Добавил: Рузаевна (07.06.2017) | Автор: Ка E
    Просмотров: 605 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024