В помощь педагогу.
Четверг, 25.04.2024, 15:25
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Оцените мой сайт
    Всего ответов: 79
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » Уроки музыки

    Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
    Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
    Мақсаты: а. білімділік: Оқушылардың өнер туралы, ұлттық аспаптармен, оның үнін тыңдай отырып, музыкалық сауатын, білімін қалыптастыру.
    б.дамытушылық: Халық аспаптарының түрлері, олардың әуені мен ерекшеліктерін айыру арқылы дағды мен біліктілігін дамыту.
    в.тәрбиелік:Музыка рухани өнердің ажырамас бөлігі екенін бағалай білуге, эстетикалық талғамын қалыптастыруға тәрбиелеу, өнерге қызығушылығын арттыру.

    Сабақ түрі: таным сабақ және топпен жұмыс, ойын –сайыс сабақ.
    Көренкілігі: Халық аспаптары: домбыра, қобыз, сыбызғы, күйшілердің суреттері, үнтаспа.
    Сабақ барысы: Күй ойналып тұрады.
    -Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары». Сабағымыздың негізгі арқауы – халқымыздың көне, ертеден келе жатқан музыкалық аспаптарымен кеңірек танысамыз. Қазақ халқы музыкалық аспаптарға өте бай екен,яғни 60-қа тарта аспатар бар екен. Олардың дауыс ерекшелігіне, құрылысына қарай 3 топқа бөлінеді:

    1. Ішекті аспаптар
    2. Ұрмалы аспаптар
    3. Үрмелі аспаптар
    Сабақ топпен жұмыс. 3 топқа бөлініп, әр аспапқа сипаттама беріп, шығып тарихымен түсіндіреді.
    Бұл сабақта топпен жұмыс болған соң, біз ойын- сайыс ретінде өткіземіз. Ойын сайыстың шарттары мынадай:
    1. Таныстыру
    2. Сипаттама
    3. Топтар өз ара сұрақ немесе жұмбақ жасыру
    4. Әр топтың аспапта ойнау өнері
    5. Жалпы бағалау марапаттау
    І бөлім. Таныстыру
    1 топтың топ жетекшісі: Боханова Зауреш
    Біздің топ: «Домбыра»
    Ұранымыз: «Екі ішектің бірін қатты,
    Бірін сәл-сәл кем бұра.
    Қазақ-нағыз қазақ емес,
    Нағыз қазақ - домбыра».
    2 топтың топ жетекшісі: Дамирболат Аида
    Біздің топ: Дауылпаз
    Ұранымыз: «Өтпейді әр кеш құр,
    Ойнаймыз оркестр.
    Дауылпаз бастайды
    Даңғыра қостайды».
    3 топтың топ жетекшісі:Самархан Мөлдір
    Біздің топ: «Сыбызғы»
    Ұранымыз: «Сыбызғы, ысқырық,
    Қосылар ысқырып,
    Домбыра, сырнай да
    Күй төгер мұндайда».

    Енді ойын- сайысымыздың
    ІІ бөлімі «Сипаттама»
    І топ «Домбыра» тобы:
    Домбыра – қағып, шертіп ойнайтын ішекті музыкалық аспап. Қазақтың ән күй орындаушылық дәстүріне байланысты домбыра аспабының бірнеше түрі бар.Олардың тек сыртқы пішіне ғана емес, ішек және перне саны да әр қилы болып келеді.
    Қазір домбыраның екі түрі кездеседі. Негізінен 2 ішекті болып келеді 3 ішекті домбыралар да бар. Қазақстанның батыс өңірі, Арқа мен солтүстік-шығыс өңірлерінің домбыралары ел арасында көп пайдаланылады.
    Қобыз – ысқышпен ойналатың екі ішекті көне музыкалық аспап. Бұл аспапты Қорқыт ойлап тапқан. Ол қобызбен жануардың,құстардың үнін салған.
    Шертер – шанағы терімен қапталған, қазақ халқының ең көне музыкалық аспаптарының бірі. Шертіп ойнау тәсіліне байланысты шертер деп аталады. Ол екі немесе үш ішектен болып келеді.
    Жетіген – көп ішекті музыкалық аспап. Кейбір ғалымдар «жетіген» сөзі жеті байлық, жеті қазына дегенді білдірсе, кейбір аңыздар ол «жеті хан» деген сөзден шыққан делінеді. «Жетіген» деген атау тегінде «жеті» және «ән» сөздерінің бірігуінен құралуы мүмкін деген пікір бар. Аспап тұтас ағаштан ойылып жасалады, шанағы көп терімен қапталады. Күйге келтіру үшін тиек орнына асық қойылады.
    ІІ топ «Дауылпаз» тобы:
    Соқпалы, ұрмалы аспаптар: дабыл, даңғыра, кепшік, дауылпаз, шыңдаулы және т.б. Ұрмалы аспатар аңға шыққан кезде, діни жоралғыларда, жауынгерлік жорықтарда пайдаланған.
    Дабыл - қазақтың ұлттық аспаптарының ішіндегі ең көне түрінің бірі барабан тектес ұрып ойналатын аспап. Ол ағаш шеңбердің екі жақ бетіне тері керіліп жасалады. Ағаштан немесе қайыстан жасалған тұтқасы болады. Дабыл шабуылға, бейбіт күндері мейрамға шақырғанда, аң аулауға шыққанда ойнаған.
    Дауылпаз – қазақтың ұлттық ұрмалы аспаптарының тұрпаты жағынан кез тоқтатарлық көлемді түрі. Ол ірі әлеуметтік тоғысуларда, әскери жиындарды салтанатты шерулерде, майданда дабыл қағып, үн беру, белгі беру үшін қолданылады.
    Даңғыра – дабылға өте ұқсас келеді, алайда, айырмашылығы сол келтерімен аңаш шеңбердің тек бір ғана беті қапталады да, екінші жағы қуыс болады. Сол қуыс жағында шеңбердің ішкі жиегі әртүрлі металл сылдырмақтар теңгелер ілінеді.
    Кепшік- кепшіктің аты затына сәйкес: кепеге, әлде кепешке ұқсас келеді. Оның шығу тегі қазақтың тұрмыс-салтына сай. Кепшіктің даңғырадан басты айырмашылығы – шанағының ішінде металл сылдырмақтары жоқ. Кепшіктің нағыз бұқаралық салт пен салтанаттың аспабы деп қабылдауға болады.
    3 топ «Сыбызғы» тобы.
    Сыбызғы – қурайдан, ағаштан, кейде жезден жасалатын көне үрмелі музыкалық аспап. Ол ертеректе бақташылардың ең сүйікті аспабы болған.
    Сазсырнай – үрмелі аспаптар тобына жатады. Ол саздан жасалынып, отқа күйдіріледі. Бұл аспаптың көлемі де, түрі де әр түрлі болып келеді. Аспаптың іші қуыс, қарама-қарсы жақтан тесілген бірнеше кішкене ойығы бар.
    Мүйіз сырнай- мүштік арқылы үрлеп ойналатын аспаптардың ескі түрі. Мүйізден жасалады. Бармақпен басқанда дыбыс шығаратын үш тесігі бар.
    Саздан жасалатын тағы бір музыкалық аспап-үскірік. Үскіріктің үш құстың дауысына ұқсас. Бұл аспапта халық әндері орындалған.
    Ұран – үрлеп ойналатын муызкалық аспап. Оны бұрын жауынгерлер көп пайдаланатын болған. Ұзындықтары әр түрлі екі түтіктің әрқайсысында үш-үштен тесігі бар. Мұндай аспапты музыка зерттеушімі А.Эйхгоры қазақтар арасынан 1880 жылдары көргендігін айтады.

    - Сонымен біз ІІ бөлімнің мәресіне жеттік. Енді әділқазылар бағасын беріңіздер.
    Ал сайыс-ойынымыздың ІІІ бөлімі топтар өзара жұмбақ немесе музыкалық сұрақтар қояды. Әр топ 3 жұмбақтан.

    ІІІ бөлім. Жұмбақты шеш:
    І топ.
    1. Тиіп кетсе жыланға,
    Дауыс көпке ұнаған. Домбыра
    2. Сызылған үні, сүйкімді тілі,
    Үрлесең ойнайтын аспаптың бірі. Сыбызғы
    3. Тілшікті аспап, қобыздай асқақ,
    Ерекше үні бар, бұл қандай аспап? Шаңқобыз
    ІІ топ.
    1. Даусы бар, жаны жоқ,
    Шертсең күйі, әні көп.
    Құлағын он бұра,
    Ол не... Домбыра
    2. Ел қорғайтын ерлікке
    Әуенімен шақырған
    Батылдыққа, елдікке
    Әуенімен шақырған. Дабыл
    3. Бас, құлақ мойыны бар,
    Үп-үлкен шанағы бар.
    Ысқышпенен ысқанда,
    Әндетіп шығар тағы әні бар. Қобыз
    ІІІ топ.
    1. Боз арғымақ, ауызы жоқ,
    Мұрны жоқ- екі құлақ,
    Белінде белбеу бар бұнақ-бұнақ
    «Шуу» деп, саусақпеннен шертіп қалсаң
    Шабады жүйрік әуен тулап-тулап. Дмбыра
    2. Жеті ішектен жеті түрлі үн шығар,
    Әуезінен жеті тарау мұң шығар.
    Ойнап кетсең, түрлі –түрлі жыр шығар.
    Бұл аспап қай аспап? Жетіген
    3. Өрнектеп қашалған,
    Сазымнан жасалған.
    Сырнайдың үніндей,
    Бұлбұлдың біріндей. Сазсырнай
    Біз осы аспаптардан құрылған Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрін бейне материалдын көреміз.

    IV бөлім. Өнер. Ән. Домбырасыз сән қайда

    Енді біз ортаға 3 топтың өнерлі балаларының домбырада ойнап күй тарту өнерін байқаймыз. Оларды тыңдап болған соң, әділқазылар бағасын береді.
    Ал соңғы бөлім ІV бөлім. Жалпы бағалау, марапаттау.
    Қорытындылап, жақсы қатысқан балаларға «өте жақсы» деген бағалар қойылады.
    Категория: Уроки музыки | Добавил: Игембаева (15.09.2014) | Автор: Игембаева Гульвира Картаевна
    Просмотров: 1548 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 1
    1 Мира  
    Сабағыңыздың құрылымы ұнады

    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024