В помощь педагогу.
Четверг, 25.04.2024, 16:17
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » Уроки музыки

    Музыкаға баулу – оқушы мен мұғалімнің біріккен іс-әрекеті
    Музыкаға баулу – оқушы мен мұғалімнің біріккен іс-әрекеті
    Музыка мұғалімінің алдына қойылатын бірінші мәселе – оқушылардың дайындығының қалыптасуы, кәсіби, психологиялық, «өнімді» іс-әрекеті. Бізге келген студент музыка мамандығын екінші, қосымша мамандық деп есептесе, онда оны жай үгіттеу аз, оған білім беру жүйесін қайта құру қажет, сонда ғана бітірген соң түлек мұғалім болуға психологиялық тұрғыдан дайын деуге болады.
    Ол үшін қалай және кімді дайындау қажет? Мұғалім мамандығының сыры оның ішінде музыка мамандығы бойынша шығармашылығы - өз бетімен ерекше оқушылармен музыкамен айналысу, музыкада жаңалық ашуы оның әдісінде, оқушыда, өзінде. Психологиялық негізі - өз-өзіне ашылуы, өз өміріне қатысы. Осындай ашылу болмаса, онда дамушылық болмайды. Шығармашылық негіздің психологиялық мотивациясы: ашу үшін, жаңалық кіргізу үшін адам бірінші көру керек, қабылдау керек, өзінің білмегенін сезінуі керек. Сондықтан студент шығармашылық жұмыс істеу алдында шығармашылықпен оқып, ізденіп, білім алуы керек. Оқу-тәрбие процесінің сапалық деңгейін көтеру, оптимизация бағытын қарастыру - ол дамушылық, бірлік қатынасының тереңдігі, қарым-қатынасы, оқытушы мен студенттің ара қатынасы.
    Музыка мұғалімнің әлеуметтік пен материалдық статусы жағынан әліде де мамандықтың күрделілігі мен қиын екеніне сәйкес келмейді. Қазіргі қоғамда жоғары деңгейдегі білімсді, мәдениетті мұғалімнің, оқытушының, ғалымның еңбегі бағаланбайды (материалдық жағынан болса да). ЖОО бітірген түлек көбінесе мектепке бармайды, сондықтан ол жалпы мемлекеттік, экономикалық, саяси, әлеуметтік, психологиялық мәселе.
    Сондықтан білім беру «реформа», «модернизация» сияқты мәселелерді қолдау үшін, нақты мақсаты, кемшіліктердің талдауы, болып жатқан деңгейінің жетістігі болмаса, финанс жағы және де басқадай жағдайларына қажет.
    Білім беру және оның проблемалары, жеке болмысы Әлемге, Адамға, Өмірге байланысты болмайды. Егер жұмыскердің мемлекеттік кепілдемесі болмаса, онда ол жұмысты өзі іздейді. Онда маманды кінәлауға болмайды (мектепке келмесе).
    Ертеден қалыптасқан мынадай заңдылық бар: пәндерді жүргізетін мұғалімнің дайындығы жақсы болса, білімі жоғары деңгейде болса, шығармашылықпен айналысуға бейімі болса, ізденіс жұмысымен шұғылданса, онда оның «жақсы жұмыс» табуға мүмкіншілігі бар (высокоаплачиваемый). Ол деген, түлектің сапалық деңгейі және де ЖОО мәртебесінің биіктігі.
    Білім беру процесі кәсіби психологиялық сүйемелдеуді және қолдауды сұрайды.
    Акмеология – тұлға құндылығының ғылымы, оның жетілдіруі, өз кәсіби әрекетін қалыптастыру, әлеуметтік роль атқару, толықканды өмір сүру.
    Акмеология – тұлғалық-психологиялық деңгейінің жетілуі, өзінің мүмкіншілігін қиын жағдайларда пайдалана алады. Әлеуметтік өсуін, өзінің тұлғалық жетіктігі мен кәсібилігін, өзінің даралығын, өз орнын табуын, қазіргі қоғамдағы өзінің орнын тұлға өзі анықтайды. Бұл тұлғаның (орынын) даму процесі мен өзіндік дамуы деуге болады.

    Мәдениет деңгейі және тұлғаның кәсібилік дамуы. Акмеологиялық жағдайы
    Психологияда даму принципі көп қырлы, сондықтан ол арнайы психологиялық білім аймағы болды. Акмеология психологиялық дамуымен жақындай келе, даму принциптерін анықтайды. Олар:
    - дамушылық жетілдіру, өсуіне, жоғары деңгейдегі барысы;
    - даму сипатының субьектілігін тану;
    - даму процесі мен талдау процесі қарама – қайшылықсыз болмайды, субъектісі болмаса;
    - акмеологияда даму принципі жекешілік даму сипатын анықтайды;
    - акмеологияда дамуды өмірлік дамуында және іс-әрекетте, өмір жолындағы дамуының байланысы;
    - акмеология бірізділік кезеңдерін анықтамайды, тұлғалық кезеңі идеямен және болашақпен байланысты.
    Акмеологиядағы дамушылық ол: сапалық, мәдениеттілік.
    Акмеологияға сүйенсек – тұлғаның мәдениет қасиеті өз-өзіндік бейнелеушілігі, өз-өзін жүзеге асыруы, бұның бәрі кәмелеттік дейді.

    Кәсіби іс-әрекетіндегі өзін-өзі анықтауы және өзін-өзі бекітуі
    Қазіргі ғылым (педагогика, психология) былай дейді: «Тұлғаның ашылуы кәсіби іс-әрекетінде. Адам өзінің тұлғалық және кәсібилік сапасын көрсете алады, өзін-өзі дамушылығын көрсете алады, қоғамда аты шығып, белсенділігін байқатады». Осы қағидада өзін-өзі анықтауы және өзін-өзі бекітуі көрінеді.
    Өзін-өзі кәсіби анықтау деген – кәсіби әрекетіндегі тұлғаның дамушылық процесі және өзінің қабілетін, тұлға-психологиялық мүмкіншілігін жүзеге асыру. Ол бір кезеңде болмайды, толық белсенді жұмыс әрекетінде атқарылады. Осы жолда мақсаттар мен міндеттер қалыптасады. Осы процесс адамның өмір бойғы жолымен табады және де өзін-өзі бекітуінің толықтай негізі болып саналады.
    Өзін-өзі кәсіби бекіту – кәсібилік қабілеті, кәсібилік мотивация, кәсібилік өзіндік санасы, мінезінің қасиеті. Олардың мамандық алу жолының құрылысы қызық. Ол кезде тұлға әрекетінің стилі қалыптасады, тұлғаның кәсібилігі қалыптасады.
    Сондықтан, тұлғалық-кәсібилік даму, өсу - адам дамуындағы үзілмейтін процесс. Осы кезде өзін-өзі басқаруы, қоғамның өзгерістерін байқауы, қоршаған ортамен байланыс жасай отыра, өмірдің көп қырлылығын қабылдауы өмір мен кәсіби тәжірибесінде анықталады.

    Музыка сабағын беру жалпы тәжірибеде кездесетін қиындықтар және «тар орындары»
    Жоғарыда тұлғаның даму процесі туралы айтылса, ал музыка саласындағы тұлғалық және кәсібилік дамуында оның өзінің қасиеттері, сипаты, ерекшеліктері бар екенін білдіреді.
    Музыканттың даму - қалыптасуы мақсат бағытында, жоспармен, психолого-педагогикалық кезеңде, олар оқу-білім алу процесінде ерекше орын алады, ол оның ұйымдастыруы, мазмұны, формасы, әдіс-тәсілдері.
    Үлгі ретінде ЖОО-ның музыкалық-орындаушылық оқыту тәжірибесіне көңіл аударайық (фортепиано, шекті, үрмелі, халық аспаптары және дирижерлау). Келесі фактілерге назар аударайық:
    1) музыкалық-орындаушы оқушысы күнделік тәжірибеде, азды-көпті көлемдегі оқу-педагогикалық репертуардан музыкалық шығармаларды меңгереді. Ол деген тұлғаның аз көлемді көзқарасы, даму процесінің баяулауы, қызығушылық пен қабылдауы төмендейді;
    2) музыкалық-орындаушылық сыныптарда қабылдаған іс-әрекет жұмыстары «жаттығу» сияқты; оқушыларда теориялық және жалпылама сипатының «қоры» аздауы және «өнім» бермейді; музыкалық-танымалық білімінің аздығы. Осының бәрі жастардың музыкаға деген көркем-интеллектуалды және эмоционалды даму «қорының» аздығына келіп әсер етеді;
    3) оқу барысы көбіне авторитарлық бағытында. Бостандығының жоқтығы оған деген қысымы өзіндік, шығармашылық инициативаға, белсенділікке жол ашпайды. Сондықтан, бостандық пен даму (оның ішінде тұлғалық-кәсібилік дамуы) – бір-бірімен ішкі байланыс категориясы, бірін-бірі қосатыны;
    4) аспапта ойнау, оқытудағы икемділік пен дағды кей уақытта тығыз арнайлығы, оның әрекет диапазонына әсер етеді және бұрын үйреніп қалған, бұрын қалыптасқан икемділік пен дағдылар жаңа тәжірибесіне, жаңа жағдайда қойған мақсаттарға тез көше алмайды;
    5) қазіргі техникалық құралдардың мүмкіншілігін (аудио, видео) пайдаланбайды. Оны оқу барысында қолдана білуі де маңызды;
    6) музыкант-оқытушы өз бетінше оқуға үйрету керек. Оқуда, білім алғанда, оқытқан «қоры» өмірде кей уақытта келмейді, осы кезде қайта бейімдеу, қайта оқу, қайта бетбұру, қайта өзінің кәсіби білемін, икемділігі мен дағдыларын қарау.
    Оқуға үйрету (учить учиться) - өзіндік әрекетінің «әдіснамасына» бейімдеу, оқушыда өмірлік пен кәсібилік позициясы қалыптасады, өз жүрісі, өз дамуы, өз актуалдығы, әлемге, мамандыққа, өзіне деген көзқарасы. Сондықтан, тұлғалық - кәсібилік дамуы арнайы қабілет кешеніне байланысты (музыкалық есту сезімі, музыкалық ырғақ сезімі, музыкалық есте қалу сезімі).
    Музыканы оқытудың дамуының принциптері
    Сонымен, оқушы - музыканттың жалпымузыкалық, тұлға - кәсібилік дамуы оқу процесінде қалыптасады. Оқу процесінде, оның ұйымдастыра білу кезінде даму нәтижесінің көрінісі, жетістігі болып саналады. Ол оқу барысындағы дамушылық нәтижесі, проблеманың шыңы, негізі.
    Музыкалық - орындаушылық сыныпта, жалпы мектепте музыкалық оқу дамуының принциптері келесіде:
    1) оқу- ілім беру практикасындағы қолданатын материалды көбейту, оқушылардың репертуарын (шығармалар көп болу керек, көркем - стильдің көптігі) көбейту. Көркем - ойшылдық сапасын көтеру;
    2) оқу материалының (музыкалық шығармаларды орындау үшін) бір бөліктерін жедел оқыту, ұзақ созылатын орындаушылық класынан бас тарту;
    3) музыкалық орындаушылық сабақтарының ұлғайту барысындағы теориялық көлемі, сабақта музыкалық - теориялық және музыкалық орындаушылық класын қолдану;
    4) еліктеу тәсілінен бас тарту, орындаушының белсенділігі, өзіндігі, шығармашылық инициативасының басымдылығы. Еркіндік пен тәуелсіздік беру;
    5) қазіргі ақпараттық технологияны қолдану (аудио, видео);
    6) жас музыкантты «оқыта» оқуға үйрету.

    Қолданылған әдебиеттер

    1 Ананьев Б.Г. Задачи психологии искусства // Художественное
    творчество. – Л., 1982. – 120 с.
    2 Асмолов А.Г. Как построить свое Я. – М., 1992. – 145 с.
    3 Бришлинский А.В. Проблемы психологии субьекта. – М.,
    1994. – 130 с.
    4 Григорьев В.Ю. Исполнитель и эстрада. – М. : Магнитогорск,
    1998. – 150 с.
    5 Дүкенбай Н. Бастауыш сынып музыка сабағының
    бағдарламасы. – Павлодар, 2006. – 46 б.
    6 Каган М.С. Музыка в мире искусства. – СПб., 1996. – 140 с.
    7 Климов Е.А. Психология: Воспитание и обучение. – М., 2000.
    110 с.
    8 Киященко Н.И. Эстетика жизни. – М., 2000. – 133 с.
    9 Коган Г.М. У ворот мастерства. – М., 1977. – 142 с.
    10 Кузин В.С. Психология: учебник. – М., 1999. – 235 с.
    11 Крупник Е.П. Психологическое воздействиен искусства на
    лияность. – М., 1999. – 240 с.
    Категория: Уроки музыки | Добавил: Зами (15.11.2015)
    Просмотров: 715 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024