В помощь педагогу.
Среда, 24.04.2024, 17:33
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Оцените мой сайт
    Всего ответов: 79
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » Уроки музыки

    Қобыз аспабының қазақ өнерінде алатын орны
    Қобыз аспабының қазақ өнерінде алатын орны
    Қазақ музыка мәдениетінде аспаптықмузыканың,оның ішінде қобыз аспабының алатын орны ерекше және де тарих тымыры өте тереңде жатыр. Қобыз тарихын біздің заманымызға дейінгі үш мың жылдың аясына апарады. Қобыз қазақ халқы алабөтен қасиет тұтатын аспап. Атақты өнертанушы ғалым, академик В.С.Виноградов та, өз зерттеулеріне сүйене отырып, ыспалы (смычковый) аспаптардың отаны Орта Азия екенін, қазақтың қобызы осы күнгі виолончельдердің, скрипкалардың,альттардың арғы атасы екенін ғалами тұрғыдан әбден дәлелдеген. «Қобыз аса бір қызықты аспап»,-деп жазды академик А.Жұбанов, ол тек біздің тұсымызда дамуға, халық игілігі жолында қызмет істеуге жолдама алды. Оның тұла бойында толып жатқан мызыкалық қасиет бар. Ол қасиетті көп замандар басқа балгерлер жауып, бүркеп, бойые жаздырмай келді. Ақселеу Сейдімбек қобыз аспабының тарихын тереңге жіберсе, белгілі Болат Сарыбаев өз зерттеулерінің негізіне сүйене отырып ысқышты аспаптардың бір қатары (оның ішінде қобызда бар). Орта ғасырлардың басында, шаман дінінен едәуір кейін пайда болды деп жорамалдайды. Басқа монғол тілінде ұстаз деген сөз, ұйғырлар өздерінің сауатты адамдарын, ал түркімендер ақын жыршыларын бақшт дейді.Күні бүгінгі дейін қобыз және Қорқыт сөздері синоним ретінде қабылданылады.
    Ықылым заманнан бері ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан асыл мұраның бірі аты аңызға айналған Қорқыт баба күйлері. Халқымыз ежелден Қорқыт бабаны қобызға алғаш тіл бітіріп, оның қыл ішегінен жаһандағы жаратылыс атаулығының үнін күй етіп сөйлеткен өнер иесі, күй атасы деп біледі. Қорқыттың нақыл сөздері бүгінгі Берлин кітапханасында сақталып келеді.... Тақпақ сөздерінің жалпы саны төрт жүзге таяу, деп жазды академик Әлкей Марғылан. Қорқыт айтты деген мақал-мәтелдер қазақ халқында әлі-күнге дейін кездеседі. Аңыз бойынша, Қорқыт 7-9 ғасырларда Сырдарияның жағасында өмір сүрген көрінеді. Ел аузындағы аңыздардың бірі Қорқыттың жаратылыс заңынан тыс, елден ерекше боп дүниеге келуі, және оған Қорқыт есімінің берілуі жайында сыр шертіледі. Қорқыт дүниеге келер кезде, жер дүниені қара түнек басып, ел жұрттың үрейін ұшырады... Бала анасынан туа тіл қатып, сөйлей бастады. Алғашында бұл бір жеті

    басты жалмауыз болар деп қорыққан жұрт оның адам нәсілі екенін көргеннен кейін ғана көңілдері жайланады. Содан, бұл ерекше болып өмірге келіп, бәрімізді қорқытты деп, есімін Қорқыт қояды.
    Қобыз өнері дәстүрлі музыканың ең бір күрделі діне маңызды саласы. Ұлттық руханияттың тарихында ежелден бастап оның негізгін қалаған Қорқыт Ата деп қалыптысып, аспаптың өзі бақсылықтың, жыраулықтың біртұтас серігі болған. Қобыздың қоңыр үнімен, сиқырлы сарынымен емшілік жүргізіліп, тарихи уақиғалар ,батырлар ерліктері, қисса, дастандар жырланған. Қобыз күйлері тек өзіне тән формалар мен жанрлардан ерекше тектілігін сақтап, магиялық қасиетін халық арасында әр дәуірде әрқашан болмысын тапқан. Халық арасында шеберлікпен, талантымен, синкреттік онерімен белгілі талай қобызшы-күйшілер өтті. Музыка тарихымызда (бізден басқа ұлттарда да) ноталық жазу-сызу болмағандықтан,олардың өнері мен күйлері туралы мәліметтер тек ауызекі түрде сақталып, ал, көбінесе, өкінішке орай, тіпті ұмытылған. Бұл көне аспапта дыбыс шығарудың ерекшелігінің арқасында программалық тақырыпта әртүрлі әдіс-тәсілдермен айқындалады. Мысалы, қасқырдың ұлуы, аққудың қиқуы, жапырақтың сылдыры және т.б. образдық көріністер мен табиғат құбылыстары нақтылы суреттеледі. Дәстүрлі қылқобыз музыкасының даму процестеріне ерекше үлес қосқан классик- халық композиторы Ықылас Дүкенұлы (1834-1916). Белгілі журналист, сазгер және музыкатанушы И.Жақановтың айтуынша , Ықылас Дүкенұлының творчестволық қалыптасуына «халықтың эпостық жырлары, қиял-ғажайып ертегілері, аңыздары, ел басынан өткен тарихи оқиғалар Ықыластың күйшілік дарынының ерте ашылуына әсер етті». Сонымен қатар , зерттеушінің пікірі бойынша, «Кезінде Ықыластың талантына тәнті болған Жанақ пен Шөже ақындар батасын беріп, Тәттімбет пен Тоқа сынды күйшілер оның өнерін өте жоғары бағалаған». Оның творчествосы мен орындаушылық шеберлігінде қобыз өнері көркемдік-эстетикалық тағылым тұрғысынан биік дәрежеге көтерілді. Қобызшының музыкалық стилінде басқа, жыраулардың көне сарындары канондық түрінде өзектеліп, сюжеттік желіске сай импровизациялық жолдармен коркемделінеді. Ықыластың есімімен байланысты бізге дейін жеткен кейбір күйлерінің атаулары тәстүрлі мәдениеттің ежелгі музыкасына тән сипаттарын көрсетеді. Мысалы,

    «Аққу»- көне рулық төмем бейнесі, «Шыңырау» Самұрық құсы мен оның балапандары, дәу жылан мен аңшы туралы көне миф. Байырғы заманның белгілері күйлердің аңыздары мен интонациялық-өлшемдік деңгейлерінде анық байқалады. Аталған құбылыс қобыз ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, әр орындаушының дүниетанымы дарыны мен шабытына қарай дамуы, толықтырылуы немесе байытылуы ерекшелігімен тығыз байланысты болғанын дәлелдейді. Өйткені кез келген белгілі оқиғалар немесе аңыздарды әр композитор өзіне тән күй тілінде баяндаған. Ықылас Дүкенұлы қобыз аспабының техникалық мүмкіншіліктерін кеңейтіп,жаңаша тәсілдері енгізді. Осындай істің басында бірегей ірі қобызшылар зор торғалы музыкант Жаппас Қаламбаевпен (1909-1970) Дәулет Мықтыбаев (1904-1976) тұрды. Біздер осы екі өнер саңлақтарына шексіз қарыздармыз. Шын мәнінде екеуінің арқасында музыкалық қобыз аспабының барлық құпиясымен қасиетінің қыры мен сыры сақталып, өткеніміздің бағына жетпес асыл мұрасын шашау шығармай, жоғалтпай бізге жеткізіп жаздырып, қалдырып кеткеніне шүкір дейміз. Түркі халықтарының музыка аспаптарының ішіндегі ең көнесі, ең күрделісі- қазақтың қобызы болып табылатын түжырылымға келеміз. Қылқобыз түркілік ысқылы аспаптардын атасы екені де шындықа жақын.
    Категория: Уроки музыки | Добавил: Гульмира0969 (13.12.2017) | Автор: Гульмира E
    Просмотров: 553 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024