В помощь педагогу.
Суббота, 20.04.2024, 03:54
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » Компьютеры и информатика

    Информатика еліне саяхат
    Сабақтың тақырыбы: Информатика еліне саяхат
    Сабақтың түрі: Әдеби - музыкалық
    Сабақтың мақсаты:
    • ЭЕМ – нің даму тарихы мен компьютердің құрылысы және жұмыс істеу принциптері туралы алған білімдерін қайталап, жүйелеу;
    • Оқушылардың танымдық қызушылығын жетілдіру және шығармашылық қабілетін арттыру;
    • Информатика пәнін басқа пәндермен байланыстыру.
    Сабақтың міндеттері:
    1. Білімділік-шәкірттердің информатика пәні бойынша алған білімдерін басқа пәндермен байланыстыра отырып, пәнаралық байланысты қалыптастыру. ЭЕМ-нің даму тарихымен тереңірек танысу.
    2. Тәрбиелік-оқушыларды ұқыптық пен жауапкершілікке тәрбиелеу.
    3. Дамытушылық-зейінділігі мен пәнді жанжақты игеруін дамыту.
    Көрнекілігі: Шығыс стилінде безендірілген сахна.

    Көріністің жалпы мазмұны

    Сахнада Шах мамық төсектің үстінде отыр.Екі жағында екі қыз желпуішпен желпіп тұр. Қыздар шығыс биін билеп шахтың көңілін көтеруде.
    Шах:
    -Тоқтат! Жалықтым бәрінен. Күнде көретінім осы. Менің көңілімде көтеретін, әңгіме айтып, қызықтыратын Шахрезаданы шақырыңдар!!!
    Құлдар бір – біріне айқайлап:
    -Шах Шахрезаданы шақырады, шах Шахрезаданы шақырады!-дейді.
    Шахрезада шығыс әуенімен келеді. Шахқа сәлем береді.
    -Ия, тақсыр, әміріңізге құлдық.
    -Шахрезада, сенің мың бір түнде айтатын, мың бір қызықты әңгімелерін бар еді ғой, соның бірін айтып көңілімді көтер!
    -Олай болса, тақсыр мен сізге «Информатика» елінің даму тарихын бастан аяқ баяндап берейін.
    -А-а! Мен білмейтін елдің атаулары да бар екен-ау! Информатика дедің бе?
    -Ия,ия тақсыр, Информатика.
    -Ал, тыңдайық.
    -Бұрынғы өткен заманда тіршілік енді дамып келе жатқан кезде адамдар еш нәрседен хабарсыз жабайы болыпты. Ол кезде адамдар сөйлеуді де, киінуді де білмейді екен. Санау құралы ретінде өз саусақтарын, сүйектерді қолданыпты.
    Көрініс: Жабайы адамдар тіршілігі.
    Шахрезада:Содан мыңдаған жылдардан кейін, қоғам адамдар да өзгеріп, есептеуіш техника дамуы келесі кезеңдерге бөлініпті.
    Сахнаға оқушылар шығып, есептеуіш техника дамуын келесі кезеңдерге бөліп айтып шығады.
    ЭЕМ-нің даму тарихы:
    1-оқушы(K): Есептеу құрылғылары пайда болмай тұрып,адамдар әр түрлі есептеуді жүргізу мүмкіндіктерін іздеді.
    2-оқушы(O): Есепшотпен санау. Абак – алғашқы жетілдірілген санау құрылғысы. Бұдан 2000-5000 жыл бұрын Ежелгі Қытайда, Египетте пайда болды. Есепшоттың өзгертілген түрі осы күнге дейін қолданылып келеді.
    3-оқушы(M): XII ғасырдың басында шотландиялық математик Джон Непер логарифм түсінігін енгізді және өзінің логарифм кестесін жариялады. Ал, 1761 жылы ағылшын ғалымы Д.Робертсон жүгіртпесі навигациялық есепеулер жүргізуге арналған логарифм сызғышын жазады.
    4- оқушы(П): 1642 жылы Францияда Блез Паскаль он разрядты сандармен арифметикалық амалдарды, механикалық түрде орындайтын машина ойлап тапты. Соңынан бұл машина Паскаль машинасы аталып кетті.
    5- оқушы(Ь): 1673 жылы Германияда Г.В.Лейбниц алғашқы арифмометрді құрастырды. Арифмометр кең тарады және бірнеше рет жетілдірілді. Оған мысал: Томас арифмометрі, Болле машинасы , Орднер арифмометрі. Арифмометр қазір әр оқушының қолында жүретін калькулятордың негізін салды.
    6- оқушы(Ю): 1833 жылы Англияда Чарльз Бэббидж әмбебап есептеуіш, аналитикалық машина құрастыруға талаптанды.Бэббидждің машинасына арналған алғашқы бағдарламаны Ада Лавлейс 1946 жылы жасады.
    7- оқушы(Т): 1887 жылы алғашқы есепші перфорациялық машинаны Герман Холлерит құрастырды. Бұл құрал АҚШ-та, Ресейде, Канадада халық санағын жүргізуде, АҚШ-тың темір жолдарының есептерін өңдеуде және ірі сауда фирмаларында қолданылды.
    8- оқушы(Е): ЭЕМ-нің даму тарихы бес буынға бөлінеді. 1- буын элементтері -электрондық шамдар, 2 - буын элементтері - жартылай өткізгіштер,транзисторлар, 3 - буын - интегралдық схемалар, 4 - буын - қазірге кездегі ЭЕМ-дер, 5 – буындағы « жасанды интеллект» ЭЕМ-ді жасау ісі қолға алынуда.
    9- оқушы(Р): 1945 жылы АҚШ-та Моучли мен Эккерт басқарған топ электронды шамдардың негізінде ең алғашқы ENIAC ЭЕМ – ін құрастырды. Бұл әр түрлі мәселелерді шешетін әмбебап машина еді.
    Сөйтіп, компьютер пайда болды. (Бәрі қосылып айтып, теріс қарайды). Теріс қарағанда «компьютер» сөзі оқылады. Сахнаға «компьютер» бейнесіндегі оқушы шығады.
    Шахрезада:
    -Сөйтіп, бұл әлемде компьютер деген нәрсе пайда болыпты.
    Бір оқушы сахнаға компьютерді ертіп келеді.Компьютер көермендерге басын иіп сәлем береді де:
    -Мен сіздерді ақпаратпен қамтамасыз етемін ,елім менің!
    Ертіп келген оқушы компьютер жайлы өлең оқиды:
    Ақпараттану күнбе-күн
    Өрге басып келеді.
    Таппай іздеп жүргенің,
    Компьютерге енеді.
    Барлық пәндер жазылып,
    Дискілерде тұрады,
    Кезекпенен ағылып
    Экранға шығады.
    Тілін білген мамандар
    Кырын-сырын ұғады.
    Компьютер - сенің көмекшің
    Қаламың әрі қағазың!
    Керек емес демессің,
    Аздаған болса хабарың
    Үйрену керек бәрін де-
    Ақпараттық заманың!
    Компьютердің әні (Жан гүлім) әнінің әуенімен.
    1.Селт етіп серпілтетін саналыны,
    Ғылымның таң қалдырар даналығы.
    Керемет компьютерді ойлап тапты.
    Ақпарат заманының жаңалығы.
    Қ-сы:
    Ауылда,қалада,
    Ғарышта, ғаламда
    Мені қолданар,
    Әрбір салада.
    Компьютер – тамаша,
    Компьютер – жаңаша.
    Маған қызығар
    Балғын бала да.

    2. Ақпарат заманы ғой алға кеткен,
    Өнер – ғылым болашаққа бұрып кеткен.
    Ғылымға көп жаңалық енгізетін,
    Компьютер мен боламын елден өткен.

    Шахрезада: -Компьютер тек әр елде ғана емес, әр үйді де жаулап алыпты. Компьютерде жер шарының түкпір-түкпірінен бір жерде отырып – ақ хабарласатын мүмкіндік пайда болыпты.

    Сахнаға Интернет шығып ( Тоқтар Серіковтің өлеңі әуенімен):

    1. Заманым алға кеткен сараланып,
    Адамзат компьютерді тапты ойланып.
    Әлемді ұштастырар жаңа бағыт,
    Қараңыз Интернетте қайран қалып.
    Қ-сы:
    А-а-а-а-а-а, а-а-а-а-й
    Қараңыз Интернетке қайран қалып.

    2. Мені жұрт жақсы дейді, жаман дейді,
    Бәрібір не айтса да маған мейлі.
    Халықты ақпаратпен жабдықтайтын
    Интернет – кітапхана, Интернет – болашаққа анықтама.

    Қ-сы:
    А-а-а-а-а-а, а-а-а-а-й
    Қараңыз Интернетке қайран қалып.

    Шах:
    -Қызық екен, бір жерде отырып-ақ барлық елдермен сөйлесе алады ма сонда?
    Шахрезада:
    -Ия, тақсыр, дәл солай! Бірақ компьютерге де бәрі оңай болған жоқ. Олардың да өз жаулары болды. Олар – вирус деп аталды. Вирустар компьютердің жұмыс жасау қабілетін төмендеттті.
    Осы кезде сахнаға вирустар шығады. «Вирустар» биі.
    Шах:
    -Сонымен не болды? Компьютерлер жойылып кетеді ме?
    Шахрезада:
    -Жоқ,тақсыр, адамдар әлдеқайда сауатты да білімді болып шықты. Олар осы компьютердің вирустарын жоятын антивирустық бағдарлама ойлап тапты.
    Сахнаға антивирустар шығып, вирустармен «Күресу» биін билейді. Компьютер вирустардан тазарады. Компьютер қайта көңілденеді де:
    Бағдарламаң дайын боп,
    Тек дұрыс бас тетікті.
    Сеніммен егер сен шықсаң,
    Хакерге де жекізер
    Мен боламын компьютер!
    Шах:
    -Шахрезада не деген керемет ертегі! Ах, шірікін, дәл қазір менде болса ғой сол компьютер!
    Соңында барлық қатысушылар сахнаға шығып былай деп айтады:

    Заман ғой оқу-білім алға кеткен,
    Өнер-ғылым болашаққа бұрып кеткен.
    Ғылымға көп жаңалық енгізетін
    Информатик боламыз елден өткен!
    Категория: Компьютеры и информатика | Добавил: ayaulu (21.03.2014) | Автор: Еликбаева Айгуль Мамырбековна E
    Просмотров: 1078 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 1
    1 Guli  
    Сабақ маған  ұнады. Өте жақсы  сабақ!!!

    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024