В помощь педагогу.
Суббота, 20.04.2024, 20:29
Форма входа

Категории раздела
Разное [22]
Стихи и проза [1]
Театр и сцена [5]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Оцените мой сайт
    Всего ответов: 79
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Разное » Разное

    Автомобильдің және өздігінен жүретін машиналардың қауіпсіз жүруінің шарттары
    Сабақтың тақырыбы: Автомобильдің және өздігінен жүретін машиналардың қауіпсіз жүруінің шарттары
    Сабақтың мақсаты:
    Білімділік мақсаты: Автомобильдің және өздігінен жүретін машиналардың қауіпсіз жүруінің шарттары туралы мағлұмат беру.
    Дамытушылық мақсаты: Студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырып, ойлау шеберлігін дамыту.
    Тәрбиелік мақсаты: Ұжымдық жымысты дұрыс ұйымдастыруға, жоспарлай білуге, қауіпсіздік ережесін сақтауға, тәрбиелеу.
    Сағат саны 1, Өтетін күні ______ Сабақтың көрнекілігі: плакаттар,слайд
    Сабақтың түрі: теориялық сабақ
    Сабақ жүргізу әдіс-тәсілдері: түсіндіру, интерактивті тақта, тест, талдау.
    Пәнаралық байланыс: трактор-автомобиль, электортехника негіздері, ЖЖЕ
    САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
    І. Ұйымдастыру кезеңі 1-2 мин.
    1. студенттермен сәлемдесу
    2. сабақта жоқ студенттерді белгілеу
    ІІ. Өткен сабақты қайталау, бекіту.
    1. Автомобилдің және басқа өздігінен жүретін машиналардың аударылуына себепші болатындарды атаңыз.
    2. Автомобильдерді қалай дұрыстап тежеу керек?
    3. Тежеуштік күш қалай өлшенеді?
    4. Тежеуіштік жүйенің іске қосылу уақыты.
    ІІІ. Жаңа сабақ. (қысқаша конспект)

    Жүргізушінің қандай қасиеттері болуы қажет? Әрбір адам автомобильді және басқа машиналарды жүргізуді үйрене алады, бірақ техниканы жақсы , сауатты және жол транспорттық оқиғасыз басқару үшін жүргізуші белгілі бір қасиеттерге ие болуы қажет. Ол қасиеттердің негізгілері мыналар: көзбен мөлшерлеу ерекше, уақыттың қысқа мерзімін бағалай алу қабілеті, назарды жақсы бөле білу және аудара алу, қысылтаяң жағдайда дәл әрі мейлінше жедел реакция жасай білу, сезімдік баяндылығы жоғары болу.
    Жол элементтерін көру және түсіну. Жүргізуші жолдың және оның маңайындағы барлық элементтерді өзінің назарына ұстай білуі қажет.
    Жылдамдықты және жүру бағытын көре отырып түйсіну өте маңызды рөл атқарады. Жолмен жүріп келе жатқан кезде жүргізуші қозғалмай тұрған әр түрлі заттарға қарап, өзі жүргізіп келе жатқан машинаның жылдамдығын сезіну, жол айрығына дейінгі ұаықтықты және оған дейін жетуге қажетті анықтай білу, айналып өту және қуып озар кезде ара қашықтықты және бүйір аралықты дұрыс таңдай білу, жүргізушіге тиімді шешім қабылдауға
    мүмкіндік береді.
    Жарықтандырудың өзгерісін сезіну. Адам көздерін жарықтандыру шарттарының өзгерісі тым сезгіш келеді. Бейімделу процесі бірден емес, біраз уақытты өажет етеді. Әрбір жүргізуші көздің осы айтылған көпшілік жағдайда күшті жарықтан әлсіз жарыққа тез ауысу кезіндегі қауіпсіздігіне қатер келтіргендігін ұмытпау керек.
    Қарсы келе жатқан машинаның жарығы, күн сәулесі көздің жасқауына (қарығуына) себепші болады. Сондықтан әрбір жүргізуші жарықтану аспаптарын жолда қарама-қарсы бағытта келе жатқан машиналардың жүргізушілерінің және жаяу жүргіншілердің көздеріне әсер етпеуін қадағалауы қажет.
    Көз шалымы. Адам көздің өалыпты жағдайда көз шалымының өлшемдері мынадай болады: оң жақтан және сол жақтан 800, жоғары қарай 600 және төмен қарай 900 аймақты көреді. Барынша анық көру аймағы көз шалымының орта маңында болады. Оның өлшемі шамамен 20-қа тең.
    Адам екі көзімен қараған кезде оң және сол көздері бірін-бірі ішінара қамтып жатады, екі көздің ортақтасқан шалымының орта маңындағы заттар ерекше жақсы көрінеді. Қандай да бір затты жақсылап байқау үшін оны екі көзбен көру қажет. Көзді бір заттан екінші бір затқа алмастырып қарау үшін 0,8 сек уақыт кетеді. Осы жағдайды жүргізуші жол айрығынан өткенде немесе екі бірдей қауіп төнген кезде ескергені жөн.
    Айна арқылы артқы жақтарындағы жағдайлардың көрінісін шолуға және қабылдауға кететін уақыт 2 секундтқа жетеді.
    Реакция.Қауіпсіздігіне әсер ететін психологиялық сапарлардың баршасының ішіндегі ең маңыздысы жүргізушіні жол жағдайының өзгерісіне реакциясының тездігі болып табылады.
    Жүру қауіпсіздігі екі машина аралығындағы қашықтық жүргізуші реакциясының тездігіне тәуелді өзгереді. Әр адамның реакциялық уақыты әр түрлі.
    Назар. Жүргізуші өзінің барша назарын жол жағдайына боліп, аяғы мен қолының қозғалыстарына тіптен бақылау жасамайтын болғанда ғана машинаның жүрісі көп ретте қауіпсіз болады.
    Назардың нашарлауына шаршау, автомобилді ұзақ уақыт, аялдаусыз жүргізу әсерін тигізеді. Жол-транспорттық оқиғалар көбінесе жүргізуші үздіксіз 10-11 сағат жұмыс істеген соң болып, қалып отырады. Назарға зорығу, ауыру, алкоголь күшті әсер етеді.
    Назардың сапасы тұрақсыз емес, оны арттыруға немесе кемелдендіруге болады. Бұл үшін жас жүргізушінің өз мамандығына ықыласы болуы, еңбек сүйгіштік, тәртіптілік, табандылық керек, өз жұмысын адал атқаруы қажет.
    Жүргізушінің рульде отырып қалғып кетуі көпшілік жол-транспорттық оқиғаларына себеп болады.
    Жүргізуші жалғыз өзі бірде-бір реакцияны қажет етпейтін бір сарынды жолмен жүріп, келе жатқанда ұйқысы келеді. Қалғып кетпеуі үшін ұйқының алғашқы белгісі біліне бастаған кезде машинадан шығып жүру қажет, гимнастикалық жаттығу жасау керек, ең жақсысы 20-30 минут ұйықтап алу керек.
    Ұйқының келуіне түнгі жұмыстан көздің талуы, бір сарынды қозғалыс, бір сарынды діріл, кабинадаға жылулық режимі әсер етеді. Осы факторлар жүргізушінің қырағылығын төмендетеді, ал кейбір жағдайда жүру процесі кезінде ұйықтап кетуге әкеп соқтырады.
    Психологиялық күй. Жүргізушінің көңіл-күйі жақсы болса, оның айналадағы жағдайды сезінуі өте дәл, реакциясы тым тез, қозғалысы үйлесімді болады. Қайғы, ауыр күйзеліс қарама-қарсы нәтижеге әкеп соқтырады. Бастықтың немесе бірге істеушілердің дөрекілігі немесе әділетсіздігі жүргізушіні алаңдатады. Сондықтан
    Күрделі және қауіпті жағдайларда асып – саспау және жүректі болу қабілеті сезімдік баяндылық деп аталады, әрі бұл жүргізуші сапаларының бірі болып табылады.
    V. Сабақты қорытындылау:
    1. Адамның реакция уақытын түсіндіріп беріңіз.
    2. Жүргізушілерге назар қандай әсер білдіреді?
    3. Психологиялық күй жүргізушілерге қандай әсер әкеледі?
    4. Автомобильдерді жүргізу кезіндегі қандай ерекшеліктерді білесің?
    Бағалау: студенттерді сабаққа қатысу белсендіктеріне қарай тиісті бағаларын қою.
    VІ. Үйге тапсырма: § 3, 69 бет
    VІІ. Әдебиет: «Қауіпсіздік техникасы» А.М.Әбдіров, Ғ.Қ.Сейфуллина

    Мұғалім: __________ Қаратаева Г.Қ.
    Категория: Разное | Добавил: karataeva (20.01.2015) | Автор: Гульмира Казбековна Қаратаева E
    Просмотров: 1614 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024