В помощь педагогу.
Вторник, 23.04.2024, 18:16
Форма входа

Категории раздела
Разное [22]
Стихи и проза [1]
Театр и сцена [5]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Оцените мой сайт
    Всего ответов: 79
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Разное » Разное

    Қозғалыс жылдамдығы
    Қозғалыс жылдамдығы

    Сабақтың мақсаты: Студенттерге қозғалыс жылдамдығына түсінік беру.
    Дамытушылық мақсаты: Студенттердің есте сақтау қабілетін, танымдық белсенділігін, логикалық ойлау дағдысын арттыру және өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету.
    Сабақтың өту барысы:
    Көрнекіліктермен,макеттермен жұмыс,сұрақ жауап,түсіндіру.
    Қолданатын құрал жабдықтар:Компьютерлер,тренажерлар,плакаттар,макеттер,интерактивтік тақта.
    Ұйымдастыру кезеңі.
    Өтілген тақырып бойынша оқушылардың білімдерін тексеру.
    1) Бағдаршам белгісі сөніп тұрған кезде, көше қиылысын қалай қозғалуға рұқсат етіледі?
    2) Егер бағдаршамның рұқсат етілетін белгісі жанып, ал жүріс бөлігіндегі жаяу жүргіншілер әлі өтіп болмаса, онда көлік құралының жүргізушісі не істеу керек?
    3) Бағдаршам жоқ, реверсивті қозғалыс жолдарына шыққан кезде, жүргізушіге қозғалысты қай жерден жалғастыруына рұқсат етіледі?
    4) Бұрылыста, жол қиылысынан қандай жолаққа шығуға тыйым салынады?
    5) Ережеге сәйкес «Көше қиылысы» деген ол?
    6) Жаяу жүргіншілерге велосипедке арналған жолмен жүруге рұқсат етіле ме?
    Жаңа сабақты түсіндіру.
    Жүргізуші көлік құралын белгіленген шектеуден аспайтын жылдамдықпен, мұндайда қозғалыс үдемелілігін, көлік құралы мен жүктің ерекшелігін және жай – күйін, қозғалыс бағытындағы көрінуге қатысты жол және метеорологиялық жағдайларды ескере отырып жүргізуі керек. Жылдамдық жүргізушіге Ереженің талаптарын орындау үшін көлік құралының қозғалысына тұрақты түрде бақылау жасауына мүмкіндік беруін қамтамасыз етуі керек.
    Қозғалысқа жүргізуші анықтай алатындай кедергі және кауіп туған жағдайда ол жылдамдықты тоқтатуға дейін азайтуға немесе қозғалысқа басқа қатысушылар үшін қауіп төндірмей кедергіні айналып өтуге шаралар қолдануы тиіс.
    Елді мекендерге 60 км/сағ-тан артық емес, ал тұрғын аймақтар мен аула аумақтарында – 20 км/ сағ-тан аспайтын автомобиль қозғалысына рұқсат етіледі.
    Елді мекендерден тыс жерлерде мынадай қозғалыстарға рұқсат етіледі: жеңіл автомобильдерге және рұқсат етілген максималды массасы 3,5 т аспайтын жүк автомобильдеріне автоарналарда – 110 км/сағ-тан артық емес, қалған жолдарда – 90 км/сағ-тан артық емес жылдамдықпен; халықаралық және ерекше шағын автобустарға және мотоциклдерге – 90 км/сағ-тан артық емес; басқа автобустарға, тіркеме сүйреткен кезде жеңіл автомобильдерге, рұқсат етілген максимальды массасы 3,5 т артық жүк автомобильдеріне автоарналарда – 90 км/сағ – тан артық емес, басқа жолдарға – 70 км/сағ- тан артық емес.
    Жаңа тақырыпты бекіту:
    1) Автоарнада жүргізуші амалсыз тоқтаған кезде, апаттық тоқтау белгісін қоюға міндеттіме ме?
    2) Қандай жағдайларда басып озуға неме айналып өтуге рұқсат етіледі?
    3) Реттелмеймін жол қиылыстарында, басты жолда келе жатпағанда басып озуға бола ма?
    4) Басты жолда басып озу рұқсат етіле ме ,егерде басты жол, жол қиылысында бағытын өзгертсе?
    5) Темір жол өтпесінің қай жерінде Ереже басып озуға тыйым салады?
    6) Қозғалыс жылдамдығы екі есе арттырған кезде, автомобильді тежеу жолы неше есеге артады?
    7) Көлік құралы оң жақ шеткі жолақта қозғалуы керек, егер қозғалыс жылдамдығы неше км/сағ-на артпаса?
    8)Қозғалыс жылдамдығы дегеніміз не?
    Үйге тапсырма: Қозғалыс жылдамдығы.
    Сабақтың қорытындысы.
    Студенттерді бағалау.
    Категория: Разное | Добавил: sairan (24.01.2015) | Автор: Алтаяков Сайран Нурлыбаевич E
    Просмотров: 2544 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024