В помощь педагогу.
Пятница, 19.04.2024, 19:44
Форма входа

Категории раздела
Разное [22]
Стихи и проза [1]
Театр и сцена [5]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Оцените мой сайт
    Всего ответов: 79
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Разное » Разное

    «Ірмішіктен дайындалған тағамдар»
    Сабақтың тақырыбы: «Ірмішіктен дайындалған тағамдар»

    Сабақтың мақсаты: Студенттерді аспазшылық шеберлік тамақ әзірлеудің техникалық әдістері мен тәсілдерін, тамақ өнімдерінің ерекшеліктерін, бағалылығы мен кемшіліктерін білуді, оларды дайындау рецептурасын шебер іріктеуге бағыттау. Тамақ пісірудің техникалық әдістері мен тәсілдерін түсіндіру.Ірімшіктен тағамдар дайындау технологиясын үйрету.

    Сабақтың міндеттері: Тамақ әзірлегендегі жеке бас гигиенасы мен талаптарды ,қауіпсіздік ережелерін сақтау.Студенттерді өз бетінше жумыс істеуге дағдыландыру. Жұмыс істеу барысында ұкыптылыққа , тазалыққа үйрету.

    Дамытушылық:Студенттердің мамандыққа қызығушылығын арттыру,теорияны практикамен ұштастыру,ой-өрісін дамыту.

    Тәрбиелік :эстетикалық талғамға, үнемділікке, әдемілікке тәрбиелеу.

    Сабақтың түрі: өндірістік оқыту.

    Сабақта қолданатын әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгімелесу ,көрсету.

    Сабақтың көрнекілігі:компьютер,проектор,карточкалық сұрақтар, технологиялық нұсқау карталары,тұздықтар классификациясы таблицасы,рецептура жинағы,аспаздық өнімдер,тест сұрақтары.

    Сабақтың барысы:
    І.Ұйымдастыру бөлімі:
    Сәлемдесу.Студенттердің сабаққа қатысымын түгелдеу.Сабаққа қатыспаған оқушылардың себебтерін анықтау.

    Арнайы киімдерін тексеру.

    ІІ.Кіріспе нұсқау
    1.Сабақтың тақырыбын,мақсатын жариялау.
    2.Студенттердің көзқарастарын сабақтың мазмұнына аудару.
    Ірімшік ерте заманнан келе жатқан тағамдардың бірі.Оның құрамы ақуыздар мен минералдық заттардан және көптеген микроэлементтер мен сүт қантынан тұрады. Сонымен қатар ірімшік көптеген дәрумендерге бай.Адам денсаулығына пайдасы өте зор.
    Ірімшікті сүтті ашыту жолдарымен алады.Ол тез бұзылатын тағам.Сондықтан да мұздатқышта 24 сағаттан артық ұстауға болмайды.
    3.Студенттердің практикалық білімдерін қалыптастыру.
    3.1 Студенттер өздіктерінен тапсырманы орындайды.
    Сұрақ жауап

    Тапсырма №1 Карточка 1
    Тапсырма №2 Карточка 2
    3.2 Топқа фронтальды сұрақтар:
    а) Ірімшіктен жасалған вареникке сипаттама беру(жауап-жартылай дөңгелек тәрізді,ірімшікпен тартымдалған,шеттері шымшымаланып өрілген,салмағы 12немесе 25 грамм.) Слайд көрсету
    б) Жалқау вареникке сипаттама беру
    ( жауабы-формасы дөңгелек немесе ромб тәріздес,жабыспаған,мыжылмаған. салмағы-15г.) Слайд көрсету.
    3.3. Интеллектуальдық жаттығулар:
    1) Вареник дайындау үшін 1 кг ірімшікке қанша тұз салады?
    2) Жылумен өңдеуге дейін мұздатқышта қанша уақыт вареник сақталуы қажет?
    3) Вареник пісіру үшін қандай формадағы кәстрөл қолайлы,аласа және
    кең,биік және тар ?
    4.Жұмыстың орындалу реттілгін түсіндіру , вареникті формалауды көрсету.
    Өндірістік оқыту шеберінің түсіндірмесі. Нұсқау картасы.
    1. Тағам дайындаудағы құрал-жабдықтарды қолданудағы қауіпсіздік ережелерін пысықтау.
    2. Электр плиталарын қолдану қауіпсіздік ережелері.
    3. Ыстық тағамдар дайындаудағы қауіпсіздік ережелері .
    ІІІ. Ағымдағы нұсқау.
    Өздіктерінен орындалатын тапсырмалар.
    Варениктер дайындау үшін қамыр илеу.
    Вареникке ірімшіктен тартымдар дайындау.
    Вареникті формалау.
    Жалқау вареник дайындау.
    Тағамның сапасына қойылатын талаптар:
    Ірімшіктен жасалған вареник: формасы жартылай дөңгелек,шеттері жақсы көмкерілген,жабыспаған,мыжылмаған, консистенциясы біркелкі,жұмсақ және нәзік. Түсі- ақшыл сары ,ірімшіктікі ақ. Варениктің сыртқы түрі тегіс, жылтыр. Бір варениктің салмағы 12-25 грамм.
    Жалқау вареник : Формасы ромб немесе дөңгелек тәріздес.Мыжылмаған,түйіршектеніп жабыспаған. Түсі ақшыл сары.дәмі тәтті,иісі ірімшікке тән ,консистенсиясы жұмсақ.
    Жіберілмейтін қателіктер: ащщы дәм,жағымсыз иіс,сұйық консистенция.
    Өндіріс шеберінің ағымдағы нұсқаулары:
    Барлық студенттердің жұмысын қадағалау.
    Әрбір студенттердің жұмысын жеке тексеру.
    Табылған кемшіліктерді көрсетіп нұсқау беру
    Жұмыс барысында көпшілік студент бірдей қате жіберіп жатса,жұмысты тоқтатып қателіктердің кету себебін анықтап нұсқау беру.

    ІV.Қортынды нұсқау:
    1.Студенттердің орындаған өндірістік жұмыстарын қортындылау.(тағамның бракераждық сапасы)
    2.Ағымдағы тексеру кезіндегі жіберілген кемшіліктерді, жақсы орындалған жұмыстарды талқылап, студенттердің бойына өздік жұмыстарын сараптауды қалыптастыру.
    3.Құрал-жабдықтарды қолдану,құжаттарды толтыру бағытында бекіту сұрақтарын қою.
    Жіберілмейтін қателіктер: ащщы дәм,жағымсыз иіс,сұйық консистенция.
    Оқушылардың өндірістік оқытудағы жақсы көрсеткіштері мынандай сараптамалар бойынша анықталады:
    -жұмысты орындаудағы әдіс-тәсілдерді дұрыс қолдана білуі
    -жұмыстың сапасы,технологиялық нұсқауларды дұрыс қолдану
    -қауіпсіздік ережелерін дұрыс сақтай білуі
    V. Бағалау. Студенттердің жұмысына көтерме баға беру олардың жұмысқа қызығушылығын арттырады,сабаққа құлшынысын қалыптастырады,күш-жігер береді

    VІ. Үй тапсырмасы. Ірмішіктен жасалатын тағамдар жөнінде ақпараттар жинау.
    Категория: Разное | Добавил: altin (24.01.2015) | Автор: Кенжегалиева Алтын Мажитовна E
    Просмотров: 2075 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024