В помощь педагогу.
Четверг, 25.04.2024, 14:34
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Оцените мой сайт
    Всего ответов: 79
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » Казахский язык и литература

    Дүниетанудан интерактивтенген ашық сабақ
    Ақтөбе қаласы, №2 МОМ,
    Бастауыш класс мұғалімі Өксікбай Гүлбақыт Тұрмағанбетқызы

    Тақырыбы: Жарық- жануар тіршілігіне қажетті жағдай. Сусыз тіршілік жоқ.

    Мақсаттары:
    а) Оқушылардың ойын жүйелі жинақтап сөйлеуге үйрету. Жануар туралы алған білімдерін пысықтай отырып, тақырыптың мазмұнын меңгерту;

    ә) Жануар тіршілігін зерделеуде білім, білік, дағдысын қалыптастыру, тапсырманы орындау арқылы сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту;
    б) жануарлардың мұқтаждығы бар екенін, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Суды үнемдеуге тәрбиелеу.

    Көрнекілігі: Интерактивті тақта, жануарлар суреті, энциклопедия, тест.
    Әдісі: Ақпараттық технологияны пайдалану, түсіндірме, сұрақ – жауап, әңгімелеу, ой-толғау, топтастыру, проблемалық сұрақ.

    Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ.

    Пәнаралық байланыс: Әуен.

    Сабақтың формасы: жеке, жұптық, топтық.

    Сабақтың барысы
    I. Ұйымдастыру бөлімі. Құралдарын тексеру, назарларын сабаққа аудару.
    II. Психологиялық дайындық. Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді.
    III.Үй жұмысы (Өткенді қайталау). Сұрақ – жауап.
    - Табиғат дегеніміз не? Ол нешеге бөлінеді? Өлі және тірі болып екіге бөлінеді. Тірі табиғатты ата.
    - Топтастыру. (Оқушылар интерактивті тақтаға қаламмен жануарларды күн бейнесіне топтастырады).

    Құстар
    Сүтқоректі Бунақденелілер

    Жорғалаушылар Балықтар
    Қосмекенділер

    1. Айырмашылығы. Ал, енді әр жануарлардың айырмашылығына тоқталамыз. Мысалы: құс ұшады, балық суда жүзеді, сүтқоректілер сүтпен қоректенеді. Барлық жануардың қасына қажетті жағдайларды апарып қою керек.
    Мысалы (жапалақ суреті), тышқан (қорегі) – ауа – жылу.

    Құстар
    Сүтқоректі Бунақденелілер
    (түйе суреті) «балық» (маса суреті)
    ауа-жылу(қорегі) шыбын-шіркей ауа-жылу
    (қорегі)

    Жорғалаушылар Балықтар
    (жылан суреті) (сазан суреті)
    ұсақ жәндіктер ауа-жылу ұсақ балықтар ауа-
    (қорегі) жылу(қорегі)
    Қосмекенділер
    (бақа суреті) құрт-құмырсқа қорегі ауа-жылу

    2. Ұқсастығы: Осы жануарлардың бәріне де аталған қажетті жағдайлар қажет.
    3. Дұрысы-бұрысы: Түйе балықпен емес, шөппен қоректенеді.

    IV. Сергіту сәті (оқушылар екі топқа бөлініп, қимылмен көрсетеді).
    1-топ:
    Бақа, бақа, балпақ,
    Басың неге жалпақ?

    2-тап:
    Темір телпек көп киіп,
    Басым содан жалпақ.

    1-топ:
    Бақа, бақа, балпақ,
    Көзің неге тостақ?

    2-топ:
    Көрінгенге көп қарап,
    Көзім содан тостақ.

    1-топ:
    Бақа, бақа, балпақ,
    Бұтың неге талтақ?

    2- топ:
    Су ішінде көп жүзіп,
    Бұтым содан талтақ.

    V. Жаңа сабақ. «Ой-ашар».
    1. Проблемалық сұрақ:
    - Осы интерактивті тақтаға қарасақ, жануарларға қажетті қандай жағдай жетпей тұр?
    - Бірінші- жарық. Оны біз күннен аламыз.
    - Екінші – су. Сусыз тіршілік жоқ.
    - Неліктен?
    Оқушылар өз пікірлерін (мысалы: су ең бірінші осы жерде балыққа керек, ал суға ең шыдамдысы – түйе дегендей) ортаға салады.

    VI. Кітаппен жұмыс. Тізбектеп оқыту. Топпен жұмыс. «Ой-толғау». Баяу әуен үнін шығарып қоямын.

    1-топ.
    Эссе. «Жануарларға қажетті жағдайлар».

    2-топ.
    Түйіндеме (резюме). «Түйе». Энциклопедиядан тауып қосымша толтырады.

    3-топ.
    Жұппен жұмыс. Шимайлы суреттен жануардың, күннің суретін тауып, бояу керек.

    VII. Өлеңдер айту (жануарларға байланысты).
    VIII. Сынау (интерактивті тақтадан көрсетіп қоямын).

    1. Жануарларға қандай жағдайлар қажет?
    а) жарық, су; ә) тас, тау; с) су, топырақ.

    2. Шөлге шыдамды жануар?
    а) балық; ә) ақбөкен; с) түйе.

    3. Жарықсыз не өсе алмайды?
    а) су; ә)өсімдік; с) ауа.

    4. Жапалақ немен қоректенеді?
    а) тышқан; ә)өсімдік; с) су.
    5. Сусыз не жоқ?
    а) әлем; ә)тіршілік; с) зат.
    Жауабы(болашақ МАБ-қа адйыныдқ ретінде): дұрыс жауаптың ішін қарамен бояу керек.
    А В С
    1
    2
    3
    4
    5

    IX. Авторлық орындық.
    X. Қорытынды. Үйге: мазмұнын айту, жарық, суға байланысты мақал-мәтелдер айту. Бағалау.

    Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Kanti (11.03.2014)
    Просмотров: 1246 | Комментарии: 4 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 4
    4 888777  
    Сәлеметсізбе,сабақ жоспарыңыз жақсы құрылған,маған ұнады ,рахмет!

    3 Raushan555  
    Сіздің сабағыңыз мазмұнды, қызықты. Әр түрлі пәндермен байланысқан, оқушының қызығушылығын оятатын сабақ үлгісі екен! biggrin

    2 жаксы  
    Марзия. Сабақ жақсы құрылған.

    1 ayaulu  
    Гүлбақыт сабағыңыз маған ұнады. Авторлық орындықты бастауыш сыныптарға да қолданып жүрсеңіз жақсы екен. Үлкен ізденіспен дайындағаныңыз көрініп тұр.

    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024