В помощь педагогу.
Суббота, 20.04.2024, 09:24
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » Казахский язык и литература

    Дөңгелек үстел "Тіл - халықтың байлығы"
    Дөңгелек үстелдің тақырыбы: «Тіл – халықтың байлығы»
    Мақсаты: Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру. Патриоттық сезімін оятып, тілін, Отанын, елін, жерін сүюге, салт - дәстүрін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу

    Көрнекілігі: тіл туралы ұлылар ойлары, баспасөз материалдары,

    Түрі: дөңгелек үстел

    Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығын ең негізгі ұйытқы болған - оның ғажайып тілі. (Н. Назарбаев)
    Ұлттық руханиятымыздың өзегі - тіл. (Әбіш Кекілбаев)
    Қазақ тілі - қазақтың маңдайындағы жалғыз жарық жұлдызы. (Асылы Осман)
    Халықтың мәңгі ғұмыры оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін Ұлы (Ш. Айтматов)

    Дөңгелек үстелдің барысы:

    Кіріспе сөз: Құрметті бүгінгі дөңгелек үстелге жиналған қонақтар, тіл жанашырлары! Сіздерді өткір тілді, дархан пейілді, тәуелсіздігіне 25 жыл толған қазақ елінің «Тілдер мерекесі» күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
    Дүбірлетсін өңірді,
    Дүрілдетсін дүлдүлі.
    Қазақ деген елімнің
    Құтты болсын, бұл күні!- дей отырып, дөңгелек үстелімізді ашу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны орындалсын.

    I. Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.

    II. Мұғалімнің сөзі:
    Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.
    «Адамға екі нәрсе тірек тегі,
    Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», — деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез - келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Биыл тіліміздің мемлекеттік мәртебе алғанына 27 жыл уақыт болды. Осындай атаулы күнде бәріміздің де мерейіміз өсіп, қойынымыз қуанышқа толып отырғаны сөзсіз.

    Қуан далам, қуанатын күн бүгін,
    Серпіп таста мұңды көңіл түндігін.
    Тіл туралы заңым енді күшіне,
    Паш еткендей кескен жаңа кіндігін.

    Қуан халқым, күшіне енді тіл заңы,
    «Сүйінші» деп ақындарың жырлады.
    Ел елдігі сыналады тілімен
    Сол арқылы жайқалады гүл бағы,- дегендей, Тіл апталығы аясында өткізіліп отырған "Тіл – халықтың байлығы"» атты дөңгелек үстел басындағы ой бөліске қош келдіңіздер!

    Ей, тәкаппар дүние,
    Маған да бір қарашы.
    Танимысың сен мені
    Мен қазақтың баласы!- деп ақын Қ. Аманжолов ағамыз айтқандай осы дөңгелек үстелдің арнайы қонақтарымен таныстырып өтемін.
    IY. Дөңгелек үстелдің мақсатымен сұрақтарына тоқталып өту.
    Бүгінгі жас ұрпақ - мемлекеттің болашағы, ертеңгі күннің азаматы. Ал, оның бақытқа жетер даңғыл жолы - туған Отанын, туған тілін сүюден басталады. Сондықтан да, бүгінгі дөңгелек үстелдің мақсаты - ұлтшыл емес, ұлттық сана - сезімі мол, Отанын, ана тілін өз анасынан кем сүймейтін азамат пен азаматша тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту.
    Қазіргі заман жеке адамдардың ғана емес, тұтас ұлттардың да өткеніне үңіліп, болашағын бағдарлауға жол ашты. Ендігі жерде қазақ тілінің беделін көтеру, оның арын арлап, жоғын жоқтау, олқысын толтыру өз қолымызда, сіз бен біздің қолымызда. Сондықтан бүгінгі дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтарға назар аударайық.
    Дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтар:
    1. Отан дегеніміз не?
    Әр адамда Отан бар. Отан, туған жер, атамекен – біз туып – өскен жер. Менің Отаным –Қазақстан Республикасы. Менің кіші Отаным – Астраханка ауылы. Меніңше, өз Отанын, туған жерін сүймейтін адам жоқ. Менің ұлтым – _______, бірақ мен «Отаным» деп Қазақстанды санаймын, себебі мен осында туып өстім. Отан – кең мағыналы, қасиетті ұғым. Отанымыз туралы, оның тарихы, салт – дәстүрі, тілі өткені мен бүгіні жайлы жақсы білуіміз керек.

    2. Мемлекеттік тіл туралы өз ойларынмен бөлісіңдер?
    Менің Отанымның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Ол Алтай тілдік тегіне, Түркі тілдер тобына жатады. Мен мемлекеттік тілді сүйіп оқимын, себебі, ол - менің ана тілім, оны білу – Қазақстанның әр азаматына міндет. Мемлекеттік тіл маған келешегім үшін қажет. Оны терең білу – біздің борышымыз.Тіл - өте маңызды құрал. Тіл болмаса, адам өз ойын біреуге жеткізе алмас еді, біреудің ойын түсіне де алмайтын еді.Тіл арқылы біз білім аламыз, мамандыққа үйренеміз. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдеп – ғұрыптары, дәстүрлері бізге тіл арқылы жетеді. Тілді қадірлеу дұрыс сөйлеуден басталады. Қазақ тілі – өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Ол Қазақстанда 1989жылы мемлекеттік мәртебе алды.
    3. «Тіл – халықтың байлығы» қандай ойларын бар?
    А) «Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Өз ана тілін қадірлеп, қастерлемейтін адам жоқ. «Халықтың мәңгі ғұмыры – оның тілінде. Әрбір тіл өз халқы үшін – ұлы», - деген Шыңғыс Айтматов.
    Б) Язык- это общественное явление, действующее на протяжений существования всего человечества. Истории ни известен, ни один коллектив, у которого не было бы своего языка. И это понятно. Ведь человек живет в обществе. Его связи с другими людьми постоянно укрепляются. Средством общения служит язык. С помощью языка люди передают свои чувства, желания, мысли.
    В) Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс.
    Г) Ана тілі – ең басты байлығымыз. Ана тілі - ең ұлы мен тамаша тіл. Менің ана тілім - қазақ тілі. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Бұл - ауыр тіл, бірақ әрбір құрметті азаматқа оны білу керек.
    2. Тіл туралы өлеңдер.
    А) Тіл құдіретін сездім жырдан, дастаннан
    Тілмен бірге орындалар басты арман
    Мынау заман кезіндегі өтпелі
    Тілдің жолы енді ғана басталған

    Б) Мой край родной, Республика
    Великих наций,разных языков.
    Оценят здесь обычаи народов,
    Советы мудрых стариков.
    Я прошлым Родины своей горжусь,
    Истоки языков познать стремлюсь.
    Ведь уважая нации другие
    Я берегу и свой родной язык!

    В) Дүниенің ең сұлу ғажап тілі
    Ол менің ана тілім-қазақ тілі!
    Осы тілде айтылған алашымның
    Қуанышы, қайғысы, азап-мұңы.
    Тілмен мәңгі қазақтың қазақтығы
    Тілмен мәңгі қазақтың азаттығы!

    Г) Мен қазақтың тілімін
    Беретін көп білімім
    Жаңа пәннің бірімін
    Үйреткен тіл заңдарын
    Сөзіме құлақ сал бәрің
    Менімен тез іске асар
    Ойға алған арманың

    3. Тіл туралы мақалдар.
    1. Адам тілі тас жарады,
    тас жармаса бас жарады.
    2. Ақынның тілі қылыштан өткір,
    қылдан нәзік.
    3. Ана тілім - дана тілім.
    4. Ат жүйрігі азаптан құтқарады,
    Тіл жүйрігі мазақтан құтқарады.
    5. Ат жүйрігі асқа,
    Тіл жүйрігі басқа.
    6, Ат тұяқты келеді,
    Ақын тілді келеді (Қорқыт).
    7. Аузы құлып сандықты, тіс ашпаса тіл ашар.
    8. Әдеп пен тәртіптің басы - тіл.
    9. Бал тамған тілден у да тамар.
    10. Барлығы да тілден: тіл - бал, тіл - ажал.

    11. Бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ.
    12. Басқа пәле тілден.
    13. Ең тәтті де - тіл,
    Ең ащы да - тіл,
    Ең жұмсақ та - тіл,
    Ең қатты да - тіл.
    14 .Ет-майыңды бермесең де жақсы тіл бер.
    15. Жабағы тайдың тері ащы,
    Жаман көлдің суы ащы,
    Жаман адамның тілі ащы.
    16. Жұпары жоқ гүлден без,
    Жұғары жоқ тілден без.
    17. Жүрек қара болса,
    тіліңнің алтындығынан не пайда?
    18. Жыланның уы тісінде,
    Адамның уы тілінде.
    19.Жылататын да, жұбататын да - тіл.
    20. Кінәлінің тілі қысқа.
    21. Қол жүйрігі асқа,
    Тіл жүйрігі басқа.
    Қол жүйрігі етке,
    Тіл жүйрігі бетке.

    YII. Қорытынды сөз: Тіл тағдыры - ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Әрбір адам өз ана тілін білу және мемлекеттік тілін меңгеру міндетті. Мен ана тілімен мақтанамын және мемлекеттік тілін құрметтеймін!
    Ең тәтті де – тіл,
    Ең ашты да – тіл,
    Ең жұмсак та – тіл,
    Ең катты да – тіл.
    Тіл – ұлттың жан дүниесі.
    Тіл жоқ жерде - ұлт жоқ.
    Тіл
    Ұлы, құдіретті;
    Көмектеседі, үйретеді, ұлықтайды;
    Біздің болашағымыз – ана тілінде!
    Рухани байлық.
    Бүгінгі дөңгелек үстеліміз өз мәресіне жетті. Егеменді еліміздің тұғыры қашан да тіліменен биік.
    Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет!
    Категория: Казахский язык и литература | Добавил: altya-ask (07.12.2017) | Автор: Алтыншаш Каримовна Аскарова E
    Просмотров: 1941 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024