В помощь педагогу.
Вторник, 23.04.2024, 15:43
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [3]
Казахский язык и литература [20]
История и обществоведение [8]
Английский и немецкий языки [4]
Физика [2]
Химия [1]
Уроки музыки [0]
Классному руководителю [0]
Начальная школа [11]
НВП, ОБЖ [1]
Новые технологии [1]
География [4]
Гуманитарий [0]
Школьная библиотека [0]
Школьный лагерь [0]
Школьный психолог [0]
Физкультура [3]
Внеклассные мероприятия [8]
Поделимся опытом в работе [0]
Про компютеры и не только. [0]
Разное [4]
О трудностях нашей работы [0]
Опыт и советы [1]
Директору и завучам [0]
Дошколёнок [3]
Самопознание [2]
Стихи и проза [0]
Мастер класс [0]
Математика и геометрия [7]
Театр и сцена [0]
Творческие работы [1]
Биология [0]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог файлов
    Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

    Алғашқы көмек.
    12.12.2017, 21:24
    Сабақтың тақырыбы: Алғашқы көмек (Авторы: Б.Тұрсынбаев)
    Сабақтың мақсаты :
    Білімділігі: Мәтінді мәнерлеп дұрыс түсініп оқи отырып, мазмұнын меңгерту, негізгі ойды ашу.
    Дамытушылығы: Бағыт-бағдар бере отырып, өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыру, ой-өрістерін дамыту, қорытынды жасай білуге үйрету.
    Тәрбиелілігі: Белсенділігін арттыра отырып, ұйымшыл болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға баулу.
    Сабақ көрнекілігі: слайд ( қыс көрінісі , қансонар ), тест тапсырмалары, сөзжұмбақ
    Пән аралық байланыс: дүниетану, бейнелеу өнері, қазақ тілі, дене шынықтыру
    Сабақтың әдісі: әңгімелеу , сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс

    Сабақтың барысы:
    І. Ұйымдастыру кезеңі
    Оқушылардың оқулықтары мен оқу құралдарын түгендеу.
    ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: үйге берілген Ә.Қоңыратбаевтың «Балуан» әңгімесі .
    A. Естелікті бірнеше оқушыға оқыту
    B. Мәтін бойынша тест сұрақтарына жауап алу
    1. Әңгіме кім туралы:
    a) Әуелбек
    b) Қажымұқан
    c) Сар-Кекен
    2. Балуан өзінің қай елдегі сайысын еске алады ?
    a) Ресей
    b) Қазақстан
    c) Қытай
    3. Қажымұқан қай жылы Қытай еліне барды ?
    a) 1905 жылы
    b) 1906 жылы
    c) 1907 жылы
    4. Қажымұқанмен белдескен балуан кім болды ?
    a) Поддубный
    b) Сар-Кекен
    c) Иванов
    5. Қажымұқан жер шарының қанша елін аралаған ?
    a) 22 b)23 c)24
    6. Ол барлығы қанша медаль алған ?
    a) 48 b)49 c)47
    С. Оқушылардың үй тапсырмасы бойынша (тест жауабын анықтап отыру) білімін тексеру.
    ІІІ. Жаңа білімді меңгертуге дайындық және мақсат қою кезеңі.
    1. Сөзжұмбақ шешу.
    Берілген ақын-жазушылардың атын төмендегі тор көздерге жазып шықсаңдар, бүгінгі өтілетін тақырыбымыз шығады. Қанә, тауып көрейік!
    1. Құнанбаев
    2. Жабаев
    3. Жұмабаев
    4. Әуезов
    5. Уәлиханов
    6. Аманжолов
    7. Алтынсарин
    8. Сейфуллин
    9. Тұрманжанов
    10. Байтұрсынов
    11. Өтетілеуов
    12. Құдайбердиев

    2
    Ж 4
    А М
    М 3 Ұ 8 10 12
    Б М Х С А Ш
    1 Ы А Т 5 6 7 Ә 9 Х 11 Ә
    А Л Ғ А Ш Қ Ы К Ө М Е К
    Б Ж Р О А Б Е Т Е Р Ә
    А А Қ С Ы Н Е Т М Р
    Й Н А Ы Р Б Е І
    Н М А А К М
    Й Й

    2. Бүгінгі өтілетін тақырып «Алғашқы көмек» деп аталады. Әңгіменің авторы балалар жазушысы Бәдел Тұрсынбаев 1929-1933 жылдардағы ашаршылық жылдары кезіндегі оқиғаны әңгімелейді. Осы жылдардағы қазақ халқының күн-көрісі туралы Самырат Кәкішевтің «Ахаң туралы ақиқат» атты кітабынан үзінді оқып берейін :
    Киімдеріміз де әбден тозды, әсіресе көйлектеріміз жыртылып, түріміз қап-қара болған, биттер үстімізде өріп жүр. Бұған қарсы істер шарамыз да, амалымыз да жоқ. Іздегеніміз асқазанға талшық болар бірдеңе ...
    Аштыққа ұшырағандардың біразы Жыланшық өзенінің жағасында өскен ну қамыс пен қоғаның тамырларын жұлып, тамақ қыламыз деп, сол өзенге жете алмай, суға кетіп, өзеннің қырынан шыға алмай, тырнақтарымен жер тырнап, бұралып жатқан сұмдық көріністерді өз көзімізбен көрдік.
    Бұрын өзеннің ішінде көлбақа, жылан жүзіп жүретін, сол ашаршылық жылдары суда көлбақа да, жылан да қалған жоқ ...
    1931-1933 жылдары Қазақстан бойынша ашаршылықтан өлген кісілердің саны , шамамен, 1 миллион 700 мың, оның ішінде 1 миллион 500 мыңдайы қазақтар.
    Осы жылдардағы халықтың ауыр тіршілігін білу үшін, «Алғашқы көмек» әңгімесін тыңдайық.

    ІҮ. Жаңа сабақ.
    1. Мәтінді мәнерлеп оқып беру
    2. Сөздік жұмысын жүргізу:
    o Қансонар – жердің бетін тегіс қар жауғанда аңға шығу ( Қансонарда бүркітші шығады аңға, Тастан түлкі табылар аңдығанға ... деген Абай атамыздың өлеңі бар)
    o Білте – май шамның жанып тұратын жібі
    o Тілеу тілегелі – бір нәрсе сұрағандай
    o Сонаршылар – аңға шыққан адамдар
    o Жүні жидіп кетеді – босап кетеді.
    3. Слайд көрсету ( қыс көрінісі , қансонар )
    4. Тапсырма : мәтін үзінділерін оқушыларға бөліп беру, оқытып, мағынасын айту, түсіндіру.
    1) Кір шүберектен жасаған үзік білте мен құман сынығынан жасаған шам лып-лып етіп жалпылдап өше жаздап тұр. Әкеме көрсеткен бар көмегім – сол шамды өшірмей, тостағандағы кішкене тоң майдан аздап еселеп салып, жағып отырамын.
    2) «Әттең, үстімде киімім болса, бірге барсам қандай жақсы болар еді. Ақтөстің түлкі ұстағанын, Темірғалидың қақпан құрғанын көрер едім» деп ойладым.
    3) Аузын төрге қаратып тастан салған пештің ішіне отынды тыға түсіп, соның жарығымен шай ішіп отырмыз. Ол кезде шай дейтін шай да жоқ. Талдың кептірген бүршігі, жасыл шөптің қураған жапырағы сықылдыларға шай деп ат қойып ішетін едік.
    4) Қара қазан да аузын аңырайта ашып, тілеу тілегелі талай заман болды. Шешей суды бірнешелеп құйса да, тағы орта түсіп барады.
    5) Кішігірім лақтай Алтайдың ақ қояны қандай үлкен болса да, сорпа суымен бір тойғызады. Семізіне кездессең, ішінен бауырсақ пісіретін бір кесе май түседі.
    6) Әкем көп кешікпей үш бірдей ақ қоянды әкеп босағаға тастай бергенде, Алтайдың бар байлығы біздің үйге келіп орнағандай қуандық.
    5. Мәтінді берілген сұрақтар бойынша талдау :
    1) Жазушы қай кезін еске алады ?
    2) Оның әкесінің аңға шығуына кімнің сөзі жел бергендей болды ?
    3) Қансонар дегенді қалай түсінесің ?
    4) Әкесі мен баласы аңға шығуға қалай дайындалды ?
    5) Баланың шешесі не деп ренжіп сөйледі ?
    6) Бала неліктен әкесімен бірге аң аулауға бара алмай қалды ?
    7) Әкелері аң аулаудан оралғанда үй іші неге қатты қуанды ?
    8) Бала өзі айтқандай «еңбектің ең алғашқы қасиетін» қалайша сезінді ?
    9) Қазақстанда қандай аңдарды аулауға тыйым салынған ?
    10) Әңгімеде ел басынан өткен қандай кезең суреттелген ?
    Ү.Бекіту. Оқиға желісіне қарай әңгімені бөлімдерге бөліп, ат қою.
    I. Қансонарға дайындық.
    II. Әкемнің аңға аттануы.
    III. Аңшыларды күту.
    IV. Алтайдың байлығы немесе біздің қуанышымыз.
    V. Кішкене көмекші
    ҮІ. Үйге тапсырма: 1. Әңгімені түсініп оқып, мазмұнын әңгімелеу.
    2. Мәтіндегі көріністер бойынша суреттер салып келу.
    ҮІІ. Сабақты қорытындылау. Эйлер Венн диаграммасы арқылы оқушылардың білімін қорытындылау. Үй тапсырмасы мен жаңа сабақты салыстыру.
    Үй тапсырмасы «Балуан» Жаңа сабақ «Алғашқы көмек»

    Айырмашылығы Ұқсастығы Айырмашылығы
    Адамның қуанышты сәттері Адам өмірі туралы Адамның қиналған жағдайы

    ҮІІІ. Оқушылардың білім деңгейін бағалау.
    «Еңбегіне қарай өнбегі» тақтасына оқушылардың суретін іліп, бағалау.
    Шығыс Қазақстан облысы
    Тарбағатай ауданы
    "Тоғас батыр атындағы орта мектебі" КММ.
    Токтарова Назигүл Токанбековна.
    Бастауыш сынып мұғалімі.
    Категория: Начальная школа | Добавил: жаксы | Теги: Бастауыш, сынып.
    Просмотров: 479 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024