В помощь педагогу.
Пятница, 26.04.2024, 23:07
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [3]
Казахский язык и литература [20]
История и обществоведение [8]
Английский и немецкий языки [4]
Физика [2]
Химия [1]
Уроки музыки [0]
Классному руководителю [0]
Начальная школа [11]
НВП, ОБЖ [1]
Новые технологии [1]
География [4]
Гуманитарий [0]
Школьная библиотека [0]
Школьный лагерь [0]
Школьный психолог [0]
Физкультура [3]
Внеклассные мероприятия [8]
Поделимся опытом в работе [0]
Про компютеры и не только. [0]
Разное [4]
О трудностях нашей работы [0]
Опыт и советы [1]
Директору и завучам [0]
Дошколёнок [3]
Самопознание [2]
Стихи и проза [0]
Мастер класс [0]
Математика и геометрия [7]
Театр и сцена [0]
Творческие работы [1]
Биология [0]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог файлов
    Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколёнок

    Қорыққанға қос көрінеді
    [ Скачать с сервера (42.7 Kb) ] 05.12.2014, 21:30
    Оқу қызметінің ұйымдастырылған технологиялық картасы
    /МАД топ\
    Білім беру саласы:Қатынас
    Бөлімі: Тіл дамыту
    Тақырыбы: Қорыққанға қос көрінеді (ертегі)
    Мақсаты: ертегіні соңына дейін тыңдауға үйрету. «Г», «к» дыбыстарымен таныстыру; балалардың сөйлеу шеберлігін, сөздік қорларын дамыту; баланы өжеттілікке, батырлыққа тәрбиелеу.
    Қолданылатын көрнекі құралдар: қолайна, демонстрациялық құрал,жұмыс дәптері.
    Сөздік жұмыс: оймақтай.
    Билингвальді компонент: немере- внук, әже-бабушка, тауық – курица, шелек – ведро.
    Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
    Мотивациялық-қозғаушылық - Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр:
    1. Ақ сандығым ашылды,
    Ішінен жібек шашылды.
    2. Алуан түсті,аңқыған иісті,
    Қырларда олар жаңбырмен өсті.

    Балалар жұмбақты тыңдап,жауабын айтады.

    - Күн

    - Гүл

    - Балалар, бүгін «күн», «гүл» сөздерінің басында кездесіп тұрған дыбыстармен танысамыз.
    - Балалар, «күн» сөзі қандай дыбыстан басталады?
    - Бәріміз бірге «күн» деп айтайықшы.
    - Енді «гүл» деп айтайық.
    - «Гүл» сөзі қандай дыбыстан басталады?
    «Г» мен «к» дыбыстарының дұрыс артикуляциясы мынадай: ерін ашылып, тілдің ұшы астыңғы тістің түбіне тиеді. Тілдің үстінгі жағы таңдайға тиеді. Дем жоғары көтеріліп,тіл мен таңдайдың арасынан шыққанда «к» дыбысы жасалады. Дауыс шымылдығының дірілінен «г» дыбысы естіледі. Бұл екі дыбыста дауыссыз дыбыстар.

    -«Күн» сөзі «к» дыбысынан басталады.
    -Күн
    -Гүл
    -«Гүл» сөзі «г» дыбысынан басталады.
    Ұйымдастырушылық-ізденістік - Қолайналарыңды алып, «г», «к» деп айтып көріңдер.
    - Бұл екі дыбыс- бір-біріне ұқсас ағайынды дыбыстар.
    - «Г», «к» дыбыстарынан басталатын сөздерді айтыңдаршы.
    - Иә, сендер осы екі дыбыстан басталатын біраз сөз біледі екенсіңдер.
    - Балалар, мына сөздерде «г», «к» дыбыстары қай буында кездесіп тұрғанын айтыңдар:
    Гү-лім, кө-гім.
    Гү-ріл, жү-гір.
    Кө-лік, көк,ө-рік.
    Ке-се,кес-те.
    Сергіту сәті
    Сергіту жаттығулары үнтаспадан қойылған әуен ырғағымен жасалады.
    - Балалар, орыс халқының «Қорыққанға қос көрінеді» ертегісін тыңдаңдар.
    Қорыққанға қос көрінеді
    -Баяғыда әже,күлегеш немере, қыт-қыттай беретін тауық және пештің астын мекендейтін тышқан болыпты. Олар күнде су тасиды екен. Әжесінің қолында үлкен шелек,немересінің қолында кішірек шелек,тауықта қиярдың үлкендігіндей, тышқанда оймақтай шелек бар. Әжесі суды құдықтан, немересі астаудан, тауық шалшықтан, тышқан торғай тұяғы кірген жерден аллады екен. Олар кейін қайтқанда су шолп-шолп етеді екен. Жол бойындағы бақшада самсап алма ағашы өсіп тұратын. Бұтақтарында самсаған алма болатын. Оның астында қоян отыратын. Бір жолы суға барып,қайтып келе жатқанда жел соғып,алма ағаштың бұтағынан бір алма түсіп, қоянның басына тиеді. Қоян ытқып жөнеліп,су әкеле жатқандардың аяғына оралады. Сушылар үрейлері ұшып,үйлеріне қашады. Әжесі сәкіге құлай кетеді, немересі әжесіне тығылады, тауық пештің үстіне қонақтайды, тышқан пеш астындағы інге тығылады.
    Әжесі: «Ойпырмай! Аюдың мені таптап кете жаздағаны –ай!» -деп сарнайды.
    Немересі: «Әже, бір құбыжықтай қасқыр маған тап берді!»- деп жылайды.
    Тауық: «Қыт-қыт-қыт! Түлкі мені аңдып жүр екен, жеп қоя жаздады!» -дейді.
    Тышқан: «Әлгі мұрты едірейген дәу мысықтың үрейімді ұшырғаны,жаным шығып кете жаздады!» - дейді.
    Ал бұл кезде зытып орманға келген қоян: «Басыма мұндай қауіп төнбес! Төрт бірдей аңшы соныма түсті,бәрінің де иті бар,зорға қашып құылып кеттім-ау!» - деп ентігіп отырды. «Қорыққанға қос көрінеді» деген осы.
    - Ертегі сендерге ұнады ма? Айнаға қарап «г», «к» дыбыстарын айтады.

    -Гүл,Гүлнар,көз,күн.

    Балалар «г», «к» дыбыстарының қай буында кездесіп тұрғанын айтып отырады.

    Әуеннің мазмұнына сәйкес қимылмен жасайды.

    Балалар ынта қойып тыңдайды.

    Ертегі соңында бәрі де ертегі кейіпкерлерінің қылығына күледі.

    -Иә ұнады, ертегі өте қызық екен.

    Билингвальді компонент: немере- внук,
    әже-бабушка, тауық – курица, шелек – ведро
    «Оймақтай-кішкентай» деген мағынада екенін айтып өтемін.
    Ертегі мазмұнын сұрақтар қою арқылы сұраймын.
    -Ертегі кейіпкерлерін атап беріңдерші?
    -Олар күнде не тасиды?
    -Суды немен тасиды?
    -Суды олар қайдан тасиды?
    -Сушылар қайтарда қай жолмен жүреді?
    -Бақта ағаш түбінде не отырады?
    -Бірде қоянның төбесіне не түсті?
    -Қоян қорқып не істейді?
    -Қорыққан сушылар не істеді?
    -Сушыларға қоян қалай елестеді?
    - Ал қоянға ше?

    -Міне, балалар, «қорыққанға қос көрінеді» деген осы екен.
    -Балалар, осы ертегінің авторы сендер болсаңдар ертегіге қандай тақырып қойған болар едіңдер,ойланып көріңдерші?

    Дидактикалық ойын:
    «Белгілі дыбысқа сөз таңда».
    Ойын шарты: ертегідегі кейіпкерлердің бас әрпіне сөз құрастырады. Мысалы: «Әже» сөзіндегі «ә» дыбысына;
    «Қыз» дегенде «қ» дыбысына;
    «Тауық» және «тышқан» деген сөздегі «т» дыбысына.

    Дәптермен жұмыс
    Дәптердегі № 2 тапсырма бойынша орындалады.
    Жеке жұмыс жүргіземін. Балалар қайталайды.

    Балалардың жауаптары тыңдалады.

    Балалар ойланып,өз ойларын айтады.

    -Әтеш,әк,әкел,әкім.
    -Қошақан,қаз,қорқақ,қайшы
    -Тарақ,тоқаш,Тоқтар.

    Балалар тапсырманы орындайды.
    Рефлексиялық-түзетушілік -Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетінде қорыққанда көзіне әр нәрсе елестейтінін білдіңдер. «Батыр бір өледі,қорқақ мың өледі» деген мақал осындай жағдайда айтылады екен.
    Балалар «біз батыр боламыз» деген ұранмен бойларына батырлық сезімін ұялатады.

    Күтілетін нәтиже: Орындайды: «г» , «к» дыбыстарына сөз ойлап айтады, ертегі мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, әр кейіпкерлердің өз шелегін өз орнына қоюға берілген тапсырманы. Түсінеді: ертегі мазмұнын. Қолданады: өз ойларынан ертегі құрастыра білу дағдыларын.
    Категория: Дошколёнок | Добавил: Беку
    Просмотров: 6096 | Загрузок: 58 | Рейтинг: 5.0/1
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024