В помощь педагогу.
Четверг, 02.05.2024, 19:59
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [3]
Казахский язык и литература [20]
История и обществоведение [8]
Английский и немецкий языки [4]
Физика [2]
Химия [1]
Уроки музыки [0]
Классному руководителю [0]
Начальная школа [11]
НВП, ОБЖ [1]
Новые технологии [1]
География [4]
Гуманитарий [0]
Школьная библиотека [0]
Школьный лагерь [0]
Школьный психолог [0]
Физкультура [3]
Внеклассные мероприятия [8]
Поделимся опытом в работе [0]
Про компютеры и не только. [0]
Разное [4]
О трудностях нашей работы [0]
Опыт и советы [1]
Директору и завучам [0]
Дошколёнок [3]
Самопознание [2]
Стихи и проза [0]
Мастер класс [0]
Математика и геометрия [7]
Театр и сцена [0]
Творческие работы [1]
Биология [0]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог файлов
    Главная » Файлы » В помощь учителю » Самопознание

    Сыр мен сымбат 7сынып
    [ Скачать с сервера (23.1 Kb) ] 28.01.2015, 18:31
    Мектеп: Теректі ауданы Ұзынкөл ЖОББМ
    Тақырып: «Сыр мен сымбат» 7 cабақ
    Құндылық:«Сүйіспеншілік»Қасиеттер: мейірімділік, адалдық, аяушылдық сезімі
    Мұғалiм: Мурзакаева Н.Б.Сынып: 7Оқушылар саны: 9

    Сабақмақсаты:Сыр мен сымбат ұғымы жөнінде түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылық ретіндегі маңыздылығын ашу.

    Міндеттері:- оқушыларға қоршаған орта мен табиғат сұлулығы
    жөнінде түсінік бере отырып, оларға мейірімділікпен
    қарау керек екенін ұғындыру;
    - айналадағы қоршаған ортаға үңіле отырып, адал
    әрекеттер жасай білу қабілеттерін дамыту;
    - сұлулықты сезіне білуге, аялушылдық сезімге тәрбиелеу. Ресурстар:құралдар, мәліметтер (7 сынып «Өзін - өзі тану» оқулығы)

    Сабақ барысы:
    Ұйымдастыру кезеңi.
    1. Тыныштық сәтi. «Теңізге саяхат» (баяу әуен) Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар.

    2.Үй тапсырмасын тексеру. (7 сынып «Өзін - өзі тану» оқулығы)
    О.Бөкей «Тәңірісі сұлулықтың марал деген...» әңгімесі оқуға берілген болатын.
    Сұрақтарға жауап алу:
    - Маралдың сұлулығы қалай сипатталған?
    - Адамзат тарапынан маралдарға қандай жақсы әрекеттер жасалған?
    - Табиғат сұлулығы туралы қандай пікір айта аласыңдар?

    Сабақ барысын талқылау:
    Оқушылардың жауаптары тыңдалып, түйінделеді.

    3. Дәйек сөз. . ««Сұлулық-адам баласының жан дүниесіндегіұдайы қайталанып отыратын жақсы қасиет». Ж.Жабаев
    Жамбыл Жабайұлы (1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері – Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені. Шыққан тегі – Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы.Мансабы: ақын, жазушы, жырау,жыршы
    1. Сұлулыққа адам бойындағы қандай қасиеттерді жатқызуға болады?
    2. Адамзат сұлулығы мен табиғат сұлулығының айырмашылығы неде?
    4. Әңгiмелеу (сұхбат).
    Аңыз әңгіме: «Әке мен бала»
    Бір күні әкесі мен баласы орманға келеді. Әкесі жан – жағына қарап:
    Орманда ағашта қалмапты ғой өзі? – дейді.
    Баласы: Әке, бар ағашты өзіміз қырып болдық қой.
    Әкесі: Әй балам, әне жас қайың тұр екен, соны кесейік - дейді.
    Баласы: Әке ол әлі жас қой, әлі өссінші. Обал емеспе, табиғаттың сәні емеспе?
    Әкесі: Немене, табиғатқа жаның ашып қалды. Заманның бізге жаны ашымағанда, табиғатты ойлайды деп тұрсың ба? Көп сөйлеме, ұста араның арғы басын.
    Олар Ақ қайыңды кесіп жатқанда қайың басына құс ұшып келеді.
    Әкесі: Мына құс қайтеді өзі шиқылдап, балам таспен атып ұшыршы.
    Құс: Тимеңдерші бұл ақ қайыңға ұямды бұзбаңдаршы, кеспеңдерші.
    Баласы: Әке, өз ұясын қорғап жүр ғой. Осы ағашты кеспей – ақ қояйықшы
    Әкесі: Көп сөйлеме, ұста араны. Баласы көңілсіз күйде араны ұстайды. Әкесі: Ай сенде нәзік жүрек. Жарайды! – деп араны қоя салады.
    Содан құс:
    Ей, адамзат, ойланшы сен бір сәт қана,
    Жауыздықтан күңіреніп жылап тұр ғой мына дала
    Табиғаттың ысырапсыз пайдаланып бар байлығын не көрінді?
    Не қалады артыңдағы ұрпағыңа?
    Мен көрдім жас қайыңның құлағанын, бас ұрып қара жерге сұлағанын.
    Сарғайып жапырағы өлімсіреп, байғұстың кім тыңдады жылағанын – дейді де құс ұшып кетеді.
    Әңгіме бойынша сұрақтар:
    1. Аңыз – әңгімдегі баланың іс - әрекетіне қандай баға бересіңдер?
    2. Құс өлең арқылы нені түсіндіргісі келді?
    3. Әкесінде аяушылдық сезім болды ма?
    4. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Оқушыларды 2 топқа бөліп, сүйіспеншілік ұғымына сәйкес өлең жолдарын толықтыруды ұсыну.
    І -ІІ топ(Атамекен әнімен)
    Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,
    ( Жаным сенен жаратылған)......... өлкемсің.
    (Қандай жақсы қазақ болып).......... туғаным, (О,туған жер! Тамашасың,).......... көркемсің.
    Қандай ғажап туған жерім
    Кіндік қаным тамған жерім,
    Жаралғандай шаттық үшін,
    Сырдан сұлу менің елім!
    Топпен ән айту.«Көзіңнің мөлдірін-ай» халық әні
    1. Барады аулым көшіп қызыл жарға
    Таң атар шолпан туып,сызылғандай
    Көзіңнің мөлдірін-ай!
    Осы әнге қоңырлатып,сала берем
    Көңілім сені ойлап бұзылғандай
    Көзіңнің мөлдірін-ай!
    Қайырмасы:
    Құлындай жүйрік майда-жал-ай
    Бар мекен біздей ынтызар –ай
    Ішінде топ қарағай,уәделескен
    Көзіңнің мөлдірін-ай!
    2. Не қалды қарайғанда,қамыс қалды
    Ауылың алқатайдан алыс қалды-ау
    Көзіңнің мөлдірін-ай!
    Аулыңа алыс қалған,қарай-қарай
    Қайрылып қаршығадай мойным талды-ай
    Көзіңнің мөлдірін-ай!
    Қайырмасы:
    Құлындай жүйрік майда-жал-ай
    Бар мекен біздей ынтызар –ай
    Ішінде топ қарағай,уәделескен
    Көзіңнің мөлдірін-ай!
    Қайырмасы екі рет
    3.Барады аулым көшіп қызыл жарға
    Таң атар шолпан туып,сызылғандай
    Көзіңнің мөлдірін-ай!
    Үй тапсырмасы.Үйтапсырмасы. 34беттегіҚ.Толымбаевтың «Бақытқа бараржол» дегенмәтініноқу;

    Соңғы тыныштық сәтi. Көздерімізді жұмамыз, бүгінгі өткенсабақты ой елегіненөткізіңдер, бұлсабақсендердіңөмірлеріңесабақболсын, тек мейірімділікті ойлаңдар, адал болуға, айналадағының бәрін аялауға тырысыңдар, сондағанаайналамызсүйіспеншілікке, сұлулыққа толы болары сөзсіз. Ендікөздеріңіздіашсаңдар да болады.
    Категория: Самопознание | Добавил: Балтабаевна
    Просмотров: 2341 | Загрузок: 65 | Рейтинг: 2.0/1
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024