В помощь педагогу.
Четверг, 02.05.2024, 00:16
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [3]
Казахский язык и литература [20]
История и обществоведение [8]
Английский и немецкий языки [4]
Физика [2]
Химия [1]
Уроки музыки [0]
Классному руководителю [0]
Начальная школа [11]
НВП, ОБЖ [1]
Новые технологии [1]
География [4]
Гуманитарий [0]
Школьная библиотека [0]
Школьный лагерь [0]
Школьный психолог [0]
Физкультура [3]
Внеклассные мероприятия [8]
Поделимся опытом в работе [0]
Про компютеры и не только. [0]
Разное [4]
О трудностях нашей работы [0]
Опыт и советы [1]
Директору и завучам [0]
Дошколёнок [3]
Самопознание [2]
Стихи и проза [0]
Мастер класс [0]
Математика и геометрия [7]
Театр и сцена [0]
Творческие работы [1]
Биология [0]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Оцените мой сайт
    Всего ответов: 79
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог файлов
    Главная » Файлы » В помощь учителю » Творческие работы

    Ғылыми жоба М.Жұмабаевтың "Түркістан" өлеңіндегі өршіл рух
    28.12.2014, 19:47
    Тақырыбы: М. Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңіндегі париоттық өршіл рух.

    Мәселесі: М. Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңіндегі өршіл патриоттық сезімін насихаттау.

    Болжам: Ақын өлеңдеріндегі патриоттық рухты таныта отыра оқушы бойына отансүйгіштік рухты сіңдіре аламыз.

    Пәні мен нысанасы: әдебиет, М. Жұмабаевтың «Түркістан өлеңі».

    Мақсаты: Ақын өлеңдерін таныту, көпшілік біле бермейтін қырларын ашу.

    Міндеттері: Ақын өлеңдерінің тілін, мәдениетін, жазу әдібін зерттеу.

    Әдіс тәсілдері: сараптау, бақылау, талқылау, реппродуктивті, зерттеу.

    Мағжан өлеңдерінде әр сөз, әр сөз тіркесі, әр өлең жолы, сонымен қатар шумақтар талдауды қажет етеді. Себебі, өлеңдерінде мынадай логикалық байланысқа шығуға болады: жалпыдан жекеге, жекеден жалпыға өту. Мысалы: Түркістан-екі дүние есігі ғой, Түркістан-ер түріктің бесігі ғой. Тамаша Түркістандай жерде туған, Түріктің Тәңір берген несібі ғой. «Түркістан-екі дүние есігі ғой» -бұл жолдағы «екі дүние» сөзі, біріншіден «дүние» сөзі полисемия, екіншіден «екі дүние» тіркесін көптеген мағынада түсінуге болады. Мүмкін ол жаңа мен ескінің арасы, мүмкін ғылым мен өнердің, мүмкін фәни мен бақилық, тіпті кешегі өмір мен бүгінгі тіршіліктің нысаны болар. «Екі дүние» сөзі метонимия, яғни мұнда ол қандай дүние екенін жасырын күйде, тек үлкен ой сала отырып берген. Ал «есік» сөзі осы сөз тіркесіне жалғана метофора болады. « Түркістан-ер түріктің бесігі ғой» деген өлең жолындағы «түрік» сөзінің этимологиясына тоқталсақ ол «ер жүрек, батыл» деген мағына береді. Бүгінде «түрік» атауы жалпылама мағынада қолданылады. Ал «бесік» сөзі кіндік қаны тамған , туған жер деген мағына үстейді. «Түркістан-екі дүние есігі ғой, Түркістан-ер түріктің бесігі ғой» деген жолдардан параллелизм әдісін көруге болады. Дәлел: біріншіден «екі дүние» сөзінде-(нің) жұрнағы жасырын, екіншіден «есік» сөзі ұлттық санамызға қалыптасқан бірнеше мағына береді. Айталық, өмірге келгенде ме, әлде үйге кіргенде ме алғаш ашылатын есік. Сол сияқты, бесік те нәрестенің дүниеге келгендегі ең алғашқы орны болып табылады. Сонымен қатар, Түркістанға назар аударту үшін, өлеңге бірден ену үшін «түрік» сөзін қайталау амалын қолданады. Бұл шумақта «т» әрпінен құралған аллитерация құбылысы кездеседі. «Тамаша Түркістандай жерде туған түріктің Тәңір берген несібі ғой» деп қара сөзбен айтсақ дұрыс болады. Мұндағы «тамаша» сөзі эпитет. Ал соңғы тармақ шумақты қорытындылайды. Мағжан бұдан кейінгі шумақтарда қысқа, бірақ нақты тарихи мәліметтер бере кетеді.
    Мысалы: Ертеде Түркістанды Тұран дескен, Тұранда ер түрігім туып өскен.
    Тұранның тарихы бар толқыламалы, Басынан көп тамаша күндер кешкен.
    Бірінші тармақта «Ертеде Түркістанды Тұран деген» деп айтса да болады, бірақ онда ақын ортақ мәнді беретін жұрнақты қоса отырып, халқын саналы түрде түгелдейді, тарихын-«толқымалы» , күндерін-«тамаша» деген шынайы эпитеттермен әсерлейді.
    Тұранның тарихы бар отты желдей, Заулаған қалың өрттей аспанға өрлей.
    Тұранның жері мен суы да жат, Теңіздей терең ауыр ой бергендей,- дегендегі от сөзі, Мағжанның өлеңдеріндегі бір ерекшелік десек те болады, зор символға ие. Бұны тағы ақынның мынадай өлең жолдарынан көруге болады: «Ерте күнде отты Күннен Гүн туған, Отты Гүннен от боп ойнап мен туғам, От дегенің аспан ғой, Аспан жерді басқан ғой, немесе Отқа табын, Тәңір от, Оттан басқа Тәңір жоқ». Сондай-ақ жел сөзі де «Жел еш нәрсеге тең емес, Тау да жолын бөгемес», «Жерде желмін гулеген» сияқты өлең жолдары туындыларында көптеп кездеседі. Тарихымызды осы аталған символдарды қоса атап, заулаған қалың өрттей аспанға өрлеген отты желге теңейді. «Тұранның жері мен суы да жат» деген тармақта «жат» сөзі бөтен, басқа, бөгде деген мағынада емес. Мағжанның қолданысында ол «тамаша, керемет» дегенді білдіреді .Ақынның теңіздей терең, теңіздей ауырға теңеген ойы-Тұранның тарихы, жері мен суы. Мұнда Мағжан теңеуді пайдаланады. Бұл шығарманы түгел дерлік оқып шықсақ, оның бір асып толқыған көңіл-күймен жырлаған отанға, жерге, елге, тарихқа деген сүйіспеншілігін, зор құрметін анық байқаймыз. Ал, енді осы жолдан ақын осының бәрін ойлай отырып, ойы сол кездегі Тұранның басынан өтіп жатқан қиын-қыстау кезеңі, жері мен суының отарлануы жанына батады. Жерге, суға деген қимастық сезімі сезіле, өлеңін ары қарай өлең жолдарымен өреді.
    Тұранның шегі-шексіз шөлі қандай, Теңіздей кемері жоқ көлі қандай! Тұранның дария аталған өзендері, Тасыса шөлді басқан селі қандай!
    Тұранның таулары бар аспанға асқан, Мәңгіге басын аппақ шаштар басқан.
    Бауырында ерке бұлақ салады ойнақ, Жарылып таудан аққан салқын жастан. Енді осы жерден бір қайыра талдап, аша кетсек... Төртінші шумақ түгелімен көз алдымызға, айталық, шексіз шөл, кемері жоқ көл, өзеннің селі, махаббат пен мақтанышқа толы сезіммен суреттеледі. Интонация- дауыс толқыны сөйлегенде сөз мағынасын әсерлі жеткізу үшін дауыстың құбылып, жоғарылап, төмендеп өзгеріп отыруы, сөздің мәнерімен, әр түрлі сезіммен айтылуы . Бұл шумақта ажар беріп, оның мағынасын толықтырып тұрған тәсіл-интонация. Сонымен қатар, шөлі қандай, көлі қандай деген сөз тіркесіне аяқталған жолдарда параллелизм үлгісі, яғни шумақ басындағы дыбыстың бірыңғай қайталануы кездеседі. Алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асыра асқақтата градация тәсілін қолданған. Бесінші шумақта сол суретті жалғастырып, аспаннан асқан тауларын, оның басын мәңгіге жапқан қарды аппақ шашқа ауыстыру(метафора) арқылы тамаша үлгіде суреттейді. Келесі жолдары сондай әдемі. Ол жердегі ерке бұлақ-айқындау(эпитет), таудан аққан салқын жас сияқты сөз тіркесі бұлақтың бастау алар көзі. Бұл жолдардан жай ғана бұлақты балаша ойнатып, бастауды тірі жандай жылатып, жандандырып адам қылығымен ауыстыра суреттеген. Шығармада жансыз табиғат құбылысы кәдімгі тірі кісінің қылығымен ауыстырыла суреттеледі. Құбылтудың мұндай түрі-кейіптеу деп аталады . Мағжан Жұмабаев кейіптеу тәсілінің керемет үлгісін көрсеткен.
    Шөлдер бар, желде жүрмес сап-сары құм, Моладай ешбір үн жоқ, мәңгі тып-тың. Болмақ па жан-жануар шексіз шөлде, Сары құмда салар ойнақ пері мен жын. Шексіз шөлдегі сап-сары құм деген сөз тіркесі қарапайым эпитет тәсілі арқылы жасалған. Мәңгі тыныштық орнаған шөлде тірі жан жоқ деп оны молаға теңейді. Ақын енді Тұран өлкесіндегі суаттарға тоқталып, оның кешегісін де айта отырады. Тұранның теңіз дерлік көлдері бар, Шалқыған шегі шетсіз теңіз Арал. Бір шетте қасиетті Ыстықкөлдің, Бауырыңда дүние көрген түрік көкжал. Ертеде Оқыс, Яқсарт-Жейхун, Сейхун, Түріктер бұл екеуін дария дейтін. Киелі сол екі су жағасында, Табасың қасиетті бабаң дейтін. Бұл шумақтарда көлдерін теңізге (дерлік шылауын қолдана) теңей отырып, Аралды шалқытып, Ыстықкөлдің қасиетін асырып айқындайды. Дәл осы көлде «Бауырында дүние көрген түрік көк жал» дейді. Түркі халықтарында, соның ішінде қазақ жұртшылығында бөрі тотем ретінде танылған. Ол тарихтың терең қатпарларында қалыптасқан мифтік аңыздар мен балбал тастардың қойнауында. Сүйінбай ақын жырлаған «Бөрі басы ұраным, Бөрілі менің байрағым» деп толғаған. Оқыс, Жейхун-Амудария, Яқсарт, Сейхун-Сырдария өзендерінің атаулары. Оқыс, Яқсарты – латындар қойса, Жейхун, Сейхун арабтар берген атау. «Табасың қасиетті бабаң бейтін» деген жолда ақын бүкіл өлең құрылысында айтпаған бабаң бейті ол қандай бейіт? Әрине, қасиетті Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың кесенесі, Тұранның Тянь-Шаньдай тауы қалдай, Пар келмес Тянь-Шаньға таулар талай!
    Еріксіз ер түрікті ойға аларсың. Көкке асқанХантәңіріге қарай-қарай. Балқашты бауырына алған Тарбағатай, Жоталы жер кіндігі – Памир, Алтай. Қазығұрт қасиетті тау болмаса, Топанда Нұқ кемесі тоқтар қалай? – деген шумақтарда Мағжан тауларды атап көрсетеді. Ер түрікті Тянь-Шаньдай алып таудың, ең әдемі, ең биік, ақ мәрмәрдан шыңы жылтырайтын Хантәңіріне салыстыра теңейді және шешендестіріп отыр. Балқаш бойлап орналасқан Тарбағатайды да ұмытпайды. Келесі жолда І. Жансүгіров: «Гималай көктің кіндігі» десе, М. Жұмабаев: «Памир, Алай – жер кіндігі» дейді және жоталы жердің кіндігі екенін көрсетеді. Одан кейін Қазығұрттың жайын жырлайды. Осы жерге дейін Мағжан көз алдымызға Тұран өлкесінде бейне бір географиялық картасының суретін жырмен салды. Дәл осы жерден байқап қарасақ, ақын алшақтығын сездірмей жағрафиядан тарихқа көшеді де халықтың жадында жатталып қалған аңыз өлең жолдарын еске түсіреді: «Басында Қазығұрттың кеме қалған. Ол Әулие болмаса неге қалған? Жетім бота түбінде жатып алып, Ойсыл қара жануар содан қалған».

    Поэзиялық туындыда танылатын жалпыадамзаттық
    және рухани құндылықтар
    Мағжанның “Түркістан” өлеңіндегі ұлттық рухани құндылық -ол киелі Түркістан қаласының тарихы,ежелгі Тұран елін мекендеген қанымыз бір,дініміз бір түркі елінің тарихы мен ел қорғаудағы ерлігі болмақ.
    Бүгінгі күн проблемасымен үндестігі
    Өлеңдегі айтылатын өзекті ой бүгінгі күнмен сабақтасып жатыр. Себебі, “Түркістан” өлеңіндегі ежелгі Тұран да,қазіргі Түркістан екінші Мекке аталатын қазақ елінің киелі ата- бабамыздың жері.Ондағы айтылған ойлар,атақты хандар да,батырлар да ел бірлігін,елдігін көксеген жандар.Қазіргі қоғамда туған жерді сүю,оны қорғау қазақ топырағында өсіп- өнген азаматтардың қасиетті парызы.
    Ақынның тілдік шеберлігі
    Теңеу: түбірге -дай ,-дей жұрнағы жалғану арқылы
    отты желдей,теңіздей,Тянь Шандай, құйындай,Шыңғыстай,Тарағайдай,
    Назардайын,нажағайдай,Тәукедей
    Эпитеттер Мағжан өлеңдерінде бірнеше жолмен жасалады:
    Зат есім мен зат есім қабыса тіркеседі: ата қоныс,
    Сын есім мен зат есім: ерке бұлақ,тамаша күндер, толқымалы тағдыр,кең ақыл,отты қайрат,салқын жас,жүйрік қиял,болат жігер,асыл қан,қалың алаш.
    Екі-үш сын есім мен зат есімнің тіркесуі арқылы: данышпан,тұңғиық ой,
    Метафора:
    екі дүние есігі, аппақ шаш,жер кіндігі, Арқаның ардагері ,Алаштың арыстаны
    Аллитерация: дауыссыз дыбыстардың қайталануы
    Түркістан екі дүние есігі ғой,
    Түркістан ер түріктің бесігі ғой.
    Тамаша Түркістандай жерде туған,
    Түріктің Тәңірі берген несібі ғой.
    Анафора: әр жолдың бір сөзден басталуы
    Түркістан -екі дүние есігі ғой,
    Түркістан- ер түріктің бесігі ғой.
    Тамаша Түркістандай жерде туған,
    Түріктің Тәңірі берген несібі ғой
    Аллегория: мифологиядан алынған бейнені адамға тән мінез тұспалдап айтылады.
    Түрік көкжал,Шағатай,Үкітай,Жошы,Төле бәрі бөрі,Жолбарыс Сұпытай,көкжал Жебе,
    арыстан Абылай.
    Қайталау: бір сөздің не сөз тіркесінің қайталанып келуі:
    Түркістан -екі дүние есігі ғой,
    Түркістан- ер түріктің бесігі ғой.
    Тамаша Түркістандай жерде туған,
    Түріктің Тәңірі берген несібі ғой.
    Шөлі қандай,көлі қандай,селі қандай .
    Кейіптеу: табиғат құбылысын,жансыз дүниені адам кейіпіне келтіру:
    Шөлдер бар, желде жүрмес сап-сары құм, Моладай ешбір үн жоқ, мәңгі тып-тың. Болмақ па жан-жануар шексіз шөлде, Сары құмда салар ойнақ пері мен жын
    Градация: Дамыту, шамадан тыс үлкейту
    Ұқсап отқа,отты желдей,қалың өрттей аспанға өрлей,от боп ойнай,
    жарқ еткен нажағай
    Ақынның суреткерлік шеберлігі
    Сөзден сурет салудың шебері
    Тұранның таулары бар аспанға асқан,
    Мәңгіге басын аппақ шаштар басқан.
    Бауырында ерке бұлақ салады ойнақ,
    Жаралы таудан саққан салқын жастан.
    Тұранның теңіз дерлік көлдері бар,
    Шалқыған ені шексіз теңіз,Арал,
    Бір шетте қасиетті Ыстықкөлдің
    Бауырында дүние көрген көкжал түрік.

    Қорытынды

    Мағжан – ең алдымен, сыршыл ақын. Ол жүректің қобызын шерте біледі, оның жүрегінен жас пен қаны аралас шыққан тәтті сөздері өзгенің жүрегіне тәтті у себеді. Мағжан не жазса, сырлы, көркем, сәнді жазады.
    Оқушының жүрегіне әсер бере алмайтын құрғақ өлеңді, жабайы жырды Мағжаннан таба алмайсыз.
    Жүсіпбек Аймауытов
    Иә,Ж.Аймауытов айтқандай,Мағжан сыршыл ақын.Оның әрбір өлең жолдары өзінше сыр тербеп,өзінше өрнек өреді.Сұлу сағым көлде жүзсе,сұлу ,ерке жел бюоп бетті өбеді.Кейде есалаң жел болып ,есті алса,кейде сылдырлап аққан бұлақ болып ,жаныңа рақат дем береді.Мағжан шығармашылығы бұнымен тоқтап қалмайды.Әлі де зерттейтің қырлары қаншама десеңізші?!
    Категория: Творческие работы | Добавил: Алма
    Просмотров: 3668 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 1
    1 ajsbespaeva  
    Қазақтың бірегей ақыны М. Жұмабаевтың өлеңін жан - жақты зерттегенсіз. Өршіл ақынның поэзиясынан да хабардар етіп кеттіңіз. Өлеңнің көркемдегіш құралдарын да талдадыңыз. Жалпы жұмыс жақсы, бірақ қорытындыда өлең жайлы да қорытынды пікір жазылуы керек сияқты. Рақмет!

    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024