В помощь педагогу.
Понедельник, 29.04.2024, 07:40
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [3]
Казахский язык и литература [20]
История и обществоведение [8]
Английский и немецкий языки [4]
Физика [2]
Химия [1]
Уроки музыки [0]
Классному руководителю [0]
Начальная школа [11]
НВП, ОБЖ [1]
Новые технологии [1]
География [4]
Гуманитарий [0]
Школьная библиотека [0]
Школьный лагерь [0]
Школьный психолог [0]
Физкультура [3]
Внеклассные мероприятия [8]
Поделимся опытом в работе [0]
Про компютеры и не только. [0]
Разное [4]
О трудностях нашей работы [0]
Опыт и советы [1]
Директору и завучам [0]
Дошколёнок [3]
Самопознание [2]
Стихи и проза [0]
Мастер класс [0]
Математика и геометрия [7]
Театр и сцена [0]
Творческие работы [1]
Биология [0]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог файлов
    Главная » Файлы » В помощь учителю » История и обществоведение

    Абылай тұсындағы Қазақ хандығы.
    [ Скачать с сервера (55.0 Kb) ] 21.01.2015, 17:28

    8-сынып. Қазақстан тарихы.

    Сабақтың тақырыбы: § 8 Абылай тұсындағы Қазақ хандығы.

    Сабақтың мақсаты:

    Білімдік: Оқушыларға Абылай хан тұсындағы қазақ мемлекетінің жағдайын оның ірі мемлекеттік билеуші ретінде қалыптасуына ықпал еткен факторлар туралы білім беру.
    Дамытушылық: Абылай ханның үш жүзді біріктіру жолында атқарған қызметіне баға бере отырып ,оқушылардың өз ойын жүйелі түрде жеткізе білу,топ болып жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
    Тәрбиелік: Оқушылардың тарихи тұлғаларға деген құрмет сезімін қалыптастыру, отансүйгіштікке,елжандылыққа тәрбиелеу.

    Көрнекіліктері: Оқу картасы,интерактивті тақта,Абылай ханның суреті,
    «Аңыз адам» журналы.
    Сабақтың әдісі: баяндау,топтастыру, сұрақ-жауап
    Сабақтың түрі: аралас сабақ

    Сабақтың барысы:
    1. Ұйымдастыру кезеңі.
    - Оқушыларды түгендеу
    - Зейіндерін сабаққа аудару
    - Топтастыру
    2. Үй тпсырмасын тест арқылы тексеру

    1. Қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен аталған кезең қай жылдар аралығын қамтиды?
    А) 1733 – 1737 ж.ж.
    В) 1727 – 1729 ж.ж.
    С) 1723 – 1727 ж.ж.
    Д) 1721 – 1727 ж.ж. 2. Жоңғар хандығын құрған қонтайшы?
    А) Канси
    В) Батыр
    С) Цеван – Рабтан
    Д) Әмірсана

    3. Ордабасы тауында жалпы қазақ құрылтайы қай жылы болды?
    А) 1723 жылы
    В) 1725 жылы
    С) 1726 жылы
    Д) 1728 жылы
    4. Қарасиыр деген жерде шайқас қай жылы болды?
    А) 1726 жылы В) 1729 жылы
    С) 1730 жылы Д) 1731 жылы
    5. XVII – XVIII ғасырларда орыс елі қазақтарды қалай атаған?
    А) қара қайсақтар В) қырғыз-қайсақ
    С) қалмақтар Д) өзбек – қазақтар
    6. Әбілқайыр хан қай өзен туралы мынадай сөздер айтқан « қашан сарқылып, арнасы кеуіп қалғанша қазақтар оның бойынан кетпейді »?
    А) Ертіс В) Жайық
    С) Есіл Д) Сырдария
    7. Әбілқайыр хан және 29 қазақ старшыны Ресей бодандығын қабылдау қай жерде болды?
    А) Құйрықтөбе
    В) Майтөбе
    С) Тастөбе Д) Айбұлақ

    8. Ресей елшілерін қорғауды Әбілқайыр хан кімге тапсырды?
    А) Барақ сұлтан
    В) інісі Нұралы
    С) ұлы Нұралы
    Д) Батыр сұлтан
    9. Кіші жүз ханы Әбілқайыр қай жылы қаза тапты?
    А) 1738 жылы В) 1758 жылы
    С) 1728 жылы Д) 1748 жылы 10. Орта жүз ханы Әбілмәмбет пен сұлтан Абылай Ресейдің бодандығын қай жылы қабылдады?
    А) 1740 жылы
    В) 1742 жылы
    С)1732 жылы
    Д) 1734 жылы

    Жауаптары: 1) С 2) В 3) С. 4) А. 5) В. 6) В. 7) В. 8)С. 9) Д. 10) А.

    1729ж ( 1730ж.) болған Аңырақай шайқасында ол дәстүрлі жекпе-жекке шығып, жоңғардың Шарыш деген батырын өлтірді. Содан кейін жауға қарсы «-----»деген ұранмен ұмтылды. Осы шайқаста қазақтар жоңғарларға күшті соққы берді.



    Жаңа сабақтың жоспары:
    1. Абылай- қазақ хандығының аса көрнекті саяси және мемлекет қайраткері
    2. Абылай ханның ішкі саясаты
    3. Абылай тұсындағы Қазақ хандығының сыртқы саясаты
    4. Абылайдың Қазақстан тарихында алатын орны

    Негізгі оқиғалар :
    1711ж.-Абылай Түркістан қаласында дүниеге келді. Шын аты Әбілмансұр
    1740ж.-Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен Абылай Ресейге ант берді.

    1756ж.-Қытаймен дипломатиялық қатынас орната бастады.
    1758ж.-Қытай Жоңғария мемлекетін түгел бағындырды.
    1767ж.- Қытай қазақтарға Тарбағатай аймағы мен Іле өзені бойындағы жайылымдарды пайдалануға рұқсат етуге мәжбүр болды.
    1771ж.- Абылай Түркістан қаласында үш жүздің ханы болып сайланды.
    1778ж.- Ресей үкіметі Абылайды тек қана Орта жүздің ханы деп таныды.
    1781ж.-Абылай қайтыс болып ,Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне жерленді

    Абылай ханның жеке басының қасиеттері:

    -мұсылманша жақсы білім алды ;
    -шығыстың жеті тілін білген ;
    -домбыраны жақсы тартып, 20-дан астам күй шығарған ;
    -батыл,ержүрек ;
    -дене күші зор ;
    -сөзге шебер әрі тапқыр ойлы ;
    -сөзіне берік ,алғыр ойлы ;
    -керемет шешен,қазақтың әдет заңдары мен шежіресін өте жақсы білген ;
    -барынша адал әрі әділ ;

    Абылай ханның ішкі саясаты :

    -бір орталықтан басқарылатын мемлекет құрды ;
    -сот билігін күшейте түсіп,ықпалды кеңесшісі Бұқар жырау болды ;
    -қазақ рулары мен тайпалары арасындағы қақтығыстарды тоқтатты ;
    -қазақтардың егіншілікпен, шөп шабумен, балық аулаумен айналысуына қолдау көрсетті ;
    -керуен саудасын күшейтуге көңіл бөлді ;
    -қазақ даласында темір ұстаханаларын салудың бастамашысы болды ;
    -ақын-жырау,әнші-күйшілерге қамқорлық жасады ;

    Абылай ханның сыртқы саясаты:
    -Қазақстан аумағына ешкім қол сұқпайтын тұтастығын қамтамасыз ету;
    -Ресей мемлекетімен дипломатиялық және сауда байланыстарын орнатты ;
    -қазақтарды ресейлік әскерилердің орынсыз талаптарынан батыл қорғай білді;
    -Ресейдің қол астына өтуді қабылдағанына қарамастан ,іс жүзінде тәуелсіз ішкі және сыртқы саясат жүргізді ;
    -Қытай үкіметімен де дипломатиялық қарым-қатынас орнатты;
    -негізгі күш-жігерін жоңғар шапқыншылығын тойтаруға бағыттады ;
    -қазақ-қырғыз шекарасында тыныштық орнатты ;

    Абылай қайтыс болғаннан кейін хан тағына оның үлкен ұлы Уали отырды. Бірақ ол өзінің атақты әкесінің бастаған ісін жалғастырып әкете алған жоқ.Шыңғыс тұқымының арасындағы алауыздық салдарынан айтыс-тартыс басталды.1795ж. қаңтарда 2 сұлтан,19 старшын, 120 мыңнан астам қазақ II Екатерина атына өтініш жолдап,өздерін орыс императорына тікелей бағынатын етіп қол астына қайтадан алуды сұрады. 1798жылы ертіс бойындағы қазақтардың оның оң жағалауындағы көшіп-қонған жеріне қайтадан баруына рұқсат етілді. Бір кездегі біртұтас Орта жүз екіге бөлінді.

    Оқушыларды Абылай хан туралы кітап пен «Аңыз адам» журналында жарияланған материалдармен таныстыру .

    Жаңа сабақты бекіту. Әрбір топқа өзге топтарға қою үшін жаңа тақырып бойынша 2сұрақтан әзірлеу

    Қорытынды. Абылай хан қазіргі тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуында,оның аумағының осы күйінде сақталып жетуіне зор еңбек сіңірді.

    Оқушыларды бағалау.

    «Білемін» «Білдім» «Білгім келеді»


    Үйге тапсырма : § 8 Абылай тұсындағы Қазақ хандығы.

    1

    Категория: История и обществоведение | Добавил: Мустафа
    Просмотров: 1162 | Загрузок: 36 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 1
    1 kakebaeva83  
    Сабақ жақсы құрылған. Шығармашылық табыс тілеймін!

    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024