В помощь педагогу.
Пятница, 27.12.2024, 21:17
Форма входа

Категории раздела
Мои файлы [1]
В помощь учителю [84]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Оцените мой сайт
    Всего ответов: 80
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 228
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог файлов
    Главная » Файлы » Мои файлы

    Адамды бейнелеу
    [ Скачать с сервера (17.3 Kb) ] 19.01.2017, 00:15
    Адамды бейнелеу
    Сабақтың мақсаты: сурет өнерінде қолданылатын схемалық әдіс-тәсілдермен жұмыс жасауға үйрету.
    Сабақтың көрнекілігі: заттың немесе әр түрлі денелердің, адам басының бейнелеу жолдары көрсетілген кестелер.
    Сабақтың барысы. Мұғалім сабақты сурет салудағы схемалық әдіс жайлы әңгімеден бастайды. Әрбір кезең суретшілерінің өзіндік мектебі, сурет салу жолдары болған. Мысалы, Египет суретшілері адамды бейнелегенде немесе алып мүсіндер жасағанда өзіндік әдіс-тәсілге бағынып жасаған. Олар адам мүшелері мен пропорциялық өлшемдерін өте дәл математикалық есепке негіздеп жасаған.
    Бір нәрсенің жалпы сипаттамасын, бір құбылыстың қарапайым түрдегі көрінісін көрсетуді схема деп атайды. Сурет салғанда схемалық әдіс кеңінен қолданылады. Күрделі объектіні суретте толығымен көрсету өте қиын. Сондықтан бейнелеудің де оңай жолдарын пайдаланған жөн.
    Схемалық әдістерге координаттар, кесінділерді ( мысалы бастың айқас сызықтары, адам денесінің сызықтары және т.б.) , сүйкеніш нүктелерді және орталық нүктені пайдалануды ұсынады. Бастың айқас сызықтары екі қиылысқан сызықтан тұрады. Біріншісі- беттің орта сызығы, ол маңдай мен мұрынды ортасынан екіге бөліп, иктің ортасынан өтеді; екіншісі басты айналдыра көздің сызықтары арқылы өтіп, екі сызық бір-бірімен қаңқа құрайды. Егер бас тура қарап тұрса, бастың айқас сыызқтары тік сызықтыр сияқты көрінеді. Егер бас тура қараған түрде болып, аздап артқа қарай шалқайса, орта бет сызық тік қалпында қалып, көлденең сызық жұмыртқа сияқты сопақ сызық түрінде орналасады. Егер бас бір қырына қарай аздап бұрылып тұрса, көз сызығы сол қалпында қалып, орта сызық сопақша овал түрінде көрінеді. Егер бас оң жақ қырынан қисайыңқырап тұрса, оның айқас сызықтарының екеуі де овал сызықтармен белгіленеді.
    Адамның басы өзінің құрылысы және пропорциялары бойынша әр адамда әр түрлі. Осы өзіндік жеке-дара орташаланған схемасымен жақынырақ танысу керек. Егер сызықтар арқылы басты, бет әлпетті бөлшектеп көрсек, көздің орта сызығы бастың жалпы биіктігінің дәл жартысынан өтеді, яғни көзден жоғары тұрғанның бәрі одан төмен тұрғандар қанша орын алса, сонша орын алады.
    Бір қарағанда мұрын, ауыз, иек орналасқан төменгі бөлік жоғары бөліктен, яғни маңдай мен төбеден әлдеқайда көп орын алатын сияқты болып көрінеді. Шындығында олай емес. Көз сызығы беттің дәл ортасы бойынша өтетінін анықтап алған соң, беттің қалған бөліктерін орналастыруға көшеміз. Көздердің арасындағы қашықтық мұрын қанатының ең шеткі нүктелерінің арасындағы сияқты көздердің ұзындығын, көздердің ең шеткі нүктелеріне дейінгі қашықтық – бәрі де бір өлшемге тең нүкте. Осы деректерді пайдалана отырып, беттің алдынан қарағандағы құрылысының схемасын жасап көрелік. Адам басын салу натюрморт шығармасын орындаған сияқты бірнеше кезеңдерден өрбиді. Бірінші кезеңде суреттің негізі, жобасы жасалады. Ең алдымен бастың бұрылу бағытын көрсетіп, оның тік ортаңғы сызығын сызып, сызықты шүйде, қас арасы, мұрын ұшы және иектің тірек нүктелерінен басып өтіп, доға тәрізді сызық түземіз.
    Мұғалім бұл кезеңдердің бәрін тақатаға сызып көөрсетеді.
    Үйге тапсырма: адам басының долбар суретін жасау тапсырылады.
    Категория: Мои файлы | Добавил: лязка
    Просмотров: 664 | Загрузок: 2 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024