Жалпы мақсат: Мұғалімдерге сабақтағы кері байланыс жайлы, оның түрлері, әдістері жайлы мәліметтер алуға жағдай жасау. Оқушылардың көңіл- күйіне, сабақтағы іс -әрекетке, оқу материалдарына рефлексия жасау жолдарын жоспарлауды бірлесіп қарастыру.
Оқу нәтижесі:Мұғалімдер сабақтағы кері байланыс жайлы, оның түрлері, әдістері жайлы мәліметтермен таныс болады. Кері байланыстың мәнін, оның түрлерін түсінеді. Оқушылардың көңіл-күйіне, оқу материалдарына қалай кері байланыс жасау керектігін біледі. Түйінді идеялар: Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер арқылы табысты оқытуға қол жеткізу. Сабақтағы кері байланыс, оның түрлері, әдістері. Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 105-бет Үлестірмелі нұсқаулық Оқу нәтижесі Мұғалімдер сабақтағы кері байланыс жайлы, оның түрлері, әдістері жайлы мәліметтермен таныс болады. Кері байланыстың мәнін, оның түрлерін түсінеді. Оқушылардың көңіл-күйіне, оқу материалдарына қалай кері байланыс жасау керектігін біледі. Түйінді идеялар: Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер арқылы табысты оқытуға қол жеткізу. Сабақтағы кері байланыс, оның түрлері, әдістері. Сабақта қолданылатын материалдар: А- 4 парақтары, стикер, интерактивті тақта, флипчарт, маркер, қалам, бағалау парақтары. Оқыту әдістері: АКТ Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету 1. Диалог 2. Жеке жұмыс 4. Топтық жұмыс Дерек көздері: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді оқыту жөніндегі нұсқаулық Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері /А.Әлімов/ Мұғалімге арналған нұсқаулық Power Point Тапсырмалар: «Кері байланыс ұйымдастыр» топтық жұмыс, өзін-өзі және бірін-бірі бағалау, топтық тапсырма және қорғау, рефлексия. Тапсырмалар Коучтың іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті І. Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу (3 минут) «Комплименттердің бұрқасыны» (бір сөйлем) тренингін ұйымдастыру. Шарға тілектер жазады. (тұтас сөйлем жазу) Сессияға қатысушы мұғалімдер орындарында отырып, шарға комплименттер жазады, шарларды басқаларға лақтырады. Тілектерді оқиды. Топқа бөліну (1 минут) Шар түстері арқылы топқа бөлу. (қызылдар, көктер, жасылдар) Шар түстерін таңдау арқылы Үш топқа бөлінеді . «Миға шабуыл» (7 минут) (жеке, жұптық, топтық жұмыс)
Бастапқы кері байланыс. Көңіл - күй мен эмоциялық жағдайға кері байланыс. Мұғалімдердің коучингке эмоциялық тұрғыдан дайындығын байқау. Мұғалім сабақ басында және аяғында қалаған карточкасын көрсетуді сұрайды. (бұдан көңіл күйінің өзгерген, өзгермегенін білуге болады)
Мұғалімдер сабақ басында және аяғында қалаған карточкасын көрсетеді. (қызыл, көк) Бірлескен талдау. - Қалай ойлайсыздар, сабақтағы кері байланыс немесе рефлексия деген не? - Кері байланыстың (рефлексияның мақсаты) мақсаты не? - Кері байланыстың қандай түрлерін білесіздер? - Қандай әдіс - тәсілдері бар? (ойларын флипчартқа түсіреді, топ мүшесі қорғайды) Қызығушылықты ояту (2 минут) «Данышпан мен адам» Ертеде бір данышпан өмір сүріпті. Ол бәрін біледі екен. Ал бір адам оны көре алмапты. Елдің көзінше оның да бірдеңені білмейтінін дәлелдегісі келіпті. Бірде көп адамдар отырған жерде әлгі адам алақанына бір көбелекті қысып ұстап тұрып, данышпаннан «- Айтшы данышпаным, менің қолымдағы қандай көбелек, тірі ме? өлі ме?» - деп сұрайды. Ол өзі ішінен «Егер тірі десе - мыжып жіберемін, ал егер өлі десе - онда қоя беремін.» деп ойлап тұрады. Данышпан болса, сәл ойланып тұрып «бәрі сенің қолыңда» депті. Аңызда айтылғандай баланың өзін табысты, алғыр сезінуінің бәрі біздің қолымызда екен Мұғалімдер тыңдайды. бейне ролик "Үміт гүлі" Пікірталас Сұрақ-жауап (3 минут) Оқушылардан алынатын топтық кері байланыс сұрақтарын талқылау. - Оқушылардан топтық кері байланыс алуға да болады екен. Осы сұрақтарды оқып талқылап көрейік. Топта талқылап,топтың бір мүшесі жауап береді.
Қорытынды кезең Рефлексия (3 минут) Сабақ соңындағы кері - байланыс. Қатысушы мұғалімдердің коучингтен не білім алғандарын көрсетеді. Бағалау (1 минут) 2 жұлдыз, 1 тілек әдісімен бағалау Әр топ бір-бірін бағалайды.