Тақырыбы:Білім берудегі жаңа педагогикалық технологияны тиімді пайдалану – өмір талабы. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан – жақты, білімі қажет. Қазіргі мұғалім: • Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын; • Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін; • Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын; • Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын; • Білімді, іскер, шебер болу керек; Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұрға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Қазіргі оқушы: • Дүниетаным қабілеті жоғары; • Дарынды, өнерпаз; • Іздемпаз, талапты: • Өз алдына мақсат қоя білу керек; Осындай тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа технологиясы қажет. Оқыту үрдісінде осындай әдістерді пайдалану мұғалімнің өзінің шеберлігі қарай жүзеге асады. Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша математика және жаратылыстану пәндеріне көп көңіл бөлініп отыр. Математика пәні бойынша ең бастысы - оқушылардың ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру деп ойлаймын.Сондықтан да санмен және сәйкес цифрлармен таныстыра отырып, сол санның құрамын жаттату ауызша есептеуге көп септігін тигізеді. Бұл кезеңде сан сызғышпен жұмыс көп көмегін тигізеді.
«Бір – біріне қарсы жүгірген сандар» ойыны тиімді әсер етеді. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
«Шырша құру» ойыны арқылы да сан құрамын оқушыларға жаттатуға болады. Шыршаның сол жағына сандарды өсу ретімен, ал оң жағына кему ретімен жаз дей отырып, сол санның құрамын шығаруға болады. 8 0 8 1 7 2 6 3 5 4 4 Ауызша есептеуге төселдіру үшін сандар құрамы кестесін жаттап алуға тапсырмалар беремін:
«Сан құрамын» толық меңгергеннен соң тексеру, бекіту мақсатында «Сан үйшіктер» ойынын ұсынамын.Оқушылар бос терезеге тиісті санды жазып толтырады. Бұл тапсырманы әр оқушыға жеке-жеке берген тиімді.
Сан құрамын толық меңгергеннен кейін, «Математикалық жаттықтырғыштар» тапсырмаларын беруге болады. Меңгерген білімдеріне сүйене отырып, өрнектердің мәнін тез табады. Сан құрамын толық меңгерген оқушы әр өрнек мәнін табуға 1-2 секунд қана уақыт жұмсайды. Ал 1 минутта 25-30 өрнектің мәнін таба алатыны сөзсіз. Кейбір үздік оқушылар 1 минутта 40-50 өрнектің мәнін таба алады. А Б В Г Д 3+6 7-4 20+50 70-30 90-60 5+3 6-3 10+80 90-20 6-2 4+6 8-2 30+60 60-20 100-20 2+7 6-6 20+40 80-30 8-8 0+5 10-8 40+60 100-0 70-70 9+1 6-2 30+40 90-50 9-5 Ал есептер шығару барысында С. Н. Лысенкованың «Түсіндіре басқарып оза оқыту» технологиясын пайдалана отырып, тірек сызбаларын қолданамын.
?
Сондай-ақ Лысенкованың жүргізе отырып жаздыру әдісін қазақ тілі мен математика сабақтарында қолданамын. Бұл әдіс оқушылардың дауыс ырғағын түзеп, анық айтуға үйретеді. Математикада оқушылардың логикалық және математикалық ойлауын, есте сақтауын, зейінін, дамыту мақсатында төмендегідей тапсырмалар беремін:
1 1 1 1 1=1 2 2 2=6 1 1 1 1 1=8 2 2 2 2 2=8 1 1 1 1 1=3 2 2 2=2 2 2 2 2 2=6 2 2 2 2 2=2 Мұндай тапсырмаларды дарынды оқушылармен жұмыстарда жиі қолданамын. Жаратылыстану (дүниетану) пәні – айналадағы дүниедегі кең қамтитын, оқушылардың дүниетанымын кеңейтетін маңызды ғылым. Осы пәнді оқытуда «Семантикалық карталарды» қолданамын. Семантикалық карталар бір тақырыпты аяқтағанда немесе бір бөлім, тараудан алған білімдерін бақылау, есепке алу мақсатында өте қолайлы. Ол арқылы оқушылардың осы тарау немесе бөлім бойынша қай жерден қандай тақырыптан ақсайтынын, не жақсы білетіндігін анықтауға болады. Су еріткіш Еритін Ерімейтін Тұз Қант Марганец Саз Құм Әдебиеттік оқу пәні бойынша да бұл дидактакалық материалды қолданған тиімді. Аты-жөні Жазушы Ғалым Сазгер Ақын Хан Абай Құнанбаев Ыбырай Алтынсарин Абылайхан Қабанбай Ахмет Жұбанов Тоқтар Әубәкіров Қажымұқан Мұңайтпасов Біздің мемлекетіміз бойынша басты мәселе – тіл мәселесі болып отыр. Сондықтан да қазіргі қазақ сыныптарында қазақ тілін оқыту мен сауатандыру мәселесі алдыңға орында тұр. Тіл сауат ашудан басталады. Сауат ашу кезінде әріп таныта отырып, қосымша топшамалармен де жұмыс істелінеді. Топшамалар оқушылардың деңгейіне байланысты алынады. Өз сабақтарымда «Деңгейлеп оқыту технологиясының» әдіс – тәсілдерін қолданамын. 1-деңгей: 1. Әрпін қоршап сызып шық. О Ю С Б О С Р С Э С А С О С 2. Өзге әріптің астын сыз. С С С С С С Э С С С З С 3. Оқы: Ас ос ус са со су сы си сас аса осо сус сис ыс сы 2-деңгей: 1. Оқы: Са-ра, са-бақ, сан. Са-зан, сау-ды, се-гіз, са-на, са-ғат, ма-са, тас, со-қа, қыс. Са-ра са-бақ о-қы. Са-мат са-на. 3-деңгей: 1. Оқы: Сай-ра мен Са-нат – сы-нып-та ке-зек-ші. О-лар сы-нып-қа ер-те кел-ді. Са-нат шаң сүрт-ті. Са-ра су құй-ды. Сы-нып-та са-бақ бас-тал-ды. Жеке суреттермен, кеспе буындармен жұмыс істей отырып, мазмұнды суреттермен де жұмыстанып отыру тіл дамытуға елеулі үлес қосады. Мазмұнды суреттерді көрсете отырып сұрақтар қойып, оған толық жауап беруді талап ете отырып, оқушылардың толық сөйлем құра білуге үйретеміз. Мысалы: «Мұрыныңнан айналдым» тақырыбы бойынша сөйлем құрастыру:
Жоспар: -Қоян даладан нені көрді? -Қоян аққаладан не сұрады? -Аққала не деп жауап берді? -Қоян қандай ұсыныс жасады? «Айдос пен аққала» тақырыбына әңгіме құрастыру Мазмұнды суреттермен жұмыс келесі сыныпта да өз жалғасын табады. Енді сурет бойынша әңгіме құрастырып жазуға үйрете бастаймыз. Екінші сыныптан бастап диалог сөйлемдердің жазылу грамматикасына көп көңіл бөлемін. Бастауыш сыныпта тез оқу дағдысын қалыптастыруға да көп көңіл бөлінеді. Бұл мақсатта Зайцевтің «Ызыңдап оқыту» әдісін пайдаланамын. Әр сабақтың алдында 2-3 минут мәтінді түгел сынып оқушылары ызыңдап оқып шығады. Бұл әдістің нәтижесі көрініп келеді. Кейбір оқушылардың оқу жылдамдығы 1 минутта 95-115 сөзге дейін жетті. В.Ф. Шаталовтың «Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы» әдістерін қолдануға тырысамын. Қазақ тілі сабақтарында ережелерді тез түсініп, жаттап алу көбіне оқушыларға қиындық тудырады. Мұндайда тірек сызбаларының көмегі зор. Мысалы: