В помощь педагогу.
Понедельник, 16.06.2025, 21:53
Форма входа
Категории раздела
Русский язык и литература [3]
Казахский язык и литература [20]
История и обществоведение [8]
Английский и немецкий языки [4]
Физика [2]
Химия [1]
Уроки музыки [0]
Классному руководителю [0]
Начальная школа [11]
НВП, ОБЖ [1]
Новые технологии [1]
География [4]
Гуманитарий [0]
Школьная библиотека [0]
Школьный лагерь [0]
Школьный психолог [0]
Физкультура [3]
Внеклассные мероприятия [8]
Поделимся опытом в работе [0]
Про компютеры и не только. [0]
Разное [4]
О трудностях нашей работы [0]
Опыт и советы [1]
Директору и завучам [0]
Дошколёнок [3]
Самопознание [2]
Стихи и проза [0]
Мастер класс [0]
Математика и геометрия [7]
Театр и сцена [0]
Творческие работы [1]
Биология [0]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 228
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 228
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог файлов
    Главная » Файлы » В помощь учителю » Самопознание

    «Өзімшілдік пен көпшілдік»
    [ Скачать с сервера (310.9 Kb) ] 18.03.2015, 10:37
    Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

    Мектеп: Ұзынкөл ЖОББМ Мерзімі ______________________
    Тақырып: «Өзімшілдік пен көпшілдік» 20 сабақ
    Құндылық: «Қиянат жасамау» Қасиеттер: өзгелерді ренжітпеу, , ұжымда жұмыс жасау, бірлік. Мұғалiм: Мурзакаева Н.Б Сынып: 4 Оқушылар саны:
    Сабақ мақсаты: Оқушылардың «қиянат жасамау» құндылығы және «көпшілдік» адами қасиет туралы түсініктерін кеңейту.
    Міндеттері:
    1. Оқушыларды ұжымда жұмыс жасай білуге, бірлікке үйрету;
    2. Өзгелерді ренжітпеу, өзара сыйластық қатынастарын дамыту;
    3. Өзімшіл болмай көпшіл болуға тәрбиелеу. Ресурстар:
    (құралдар, мәлiметтер)
    Сабақ барысы:
    1. Ұйымдастыру кезеңi.
    «Нұрға бөлену» Тыныштық сәтi.(баяу әуен)
    Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
    Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
    Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
    Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті.Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
    Нұр бірте- бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге,достарыңызға,таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз.Олардың да жүрегі нұрға толсын.
    Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан- жануарларға, өсімдіктерге,тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір- түкпіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын »
    Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
    Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындайәсемқалыптасақтаңыз.
    Жаймен көзіңізді ашуғаболады.
    2. Үй тапсырмасын сұрау «Қызғаныштың кесірі» әңгімесі 20 – сабақ
    1. Маржанның бойынан қандай қасиетті байқадыңдар?
    2. Өзімшілдік неге апарады? Сабақ барысын талқылау:

    3. Дәйек сөз. «Болмағын кекшіл,
    болсайшы көпшіл»
    Абай Құнанбаев
    деген даналық сөзінің мәнісі мынада: Көпшіл адам көптің көңілінен шығып, көппен бірге жұмыс істеп, барын көппен бөлісіп, айналасындағылармен тез тіл табыса алатын , жеке басының ғана емес көптің қамын ойлайтын адамдарды айтуымызға болады. Өзімшіл адам басқалардың мүддесімен санаспай,тек өз мүддесін ойлайды. Мұндай адам достары, сыныптастары, туыстарының арасында тек өзінің ғана қамын көздейді.
    Абай Құнанбаев
    (1845-1904)
    Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы.
    Ақынның арғы тегі Орта жүзТобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады.


    4. Әңгiмелеу (сұхбат).
    Кәрі сиқыршы
    (Моңғол ертегісі)
    Баяғы өткен заманда кәрі сиқыршы өмір сүріпті. Бір күні оны хан шақыртыпты. Ол хан өмірінде еш қиындық көрмеген, ешкімге жақсылық жасамаған, өзімшіл, өте қатал болатын.
    Сиқыршы ханға келеді, ал ол:
    - Мен сені ұлы сиқыршы деп естідім. Қанекей, өз өнеріңді көрсет! –деді.
    - Хан ием нені көруді қалайды екен?
    - Бәрібір! –деп тағатсыздана жауап қатты хан.
    - Жақсы. Шыныға ыстық шай құй, оны осында қойда, өзің есіктің сыртына шық.


    Хан оның айтқанының барлығын жасап, сыртқа шыққанда әдемі жылқыны көреді. Жылқы ханға қатты ұнайды. Ол атқа мініп алып шаба жөнеледі. Шаба, шаба ол белгісіз жерлерге тап болады. Бір кезде ат үстіндегі адамды түсіріп тастап әрі қарай шаба жөнелді, ал хан болса айдалада жалғыз қала берді.
    Оның шалшық су ішіп, шегіртке мен қоректенуіне тура келді. Аштықтан азып-тозған хан далада әрең-әрең жүріп, жейтін нәрсе іздестірді.
    Бір күні ол кәрі әйел мен екі арық баланы кезіктірді. Әйел ханға оның барлық дүниесін ханның терімшілері тартып алғандығын, енді балалары аш қалғанын айтты. Хан олармен бірге өмір сүре бастады. Оның көктемде бір баласы ауырып, қайтыс болады. Ханның оған қатты жаны ашыды. Ол тасқа отырды да, қатты жылай жөнелді.
    Осылайша хан қаншалықты отырғаны белгісіз, тыныштанып, жан-жағына қарағанда, өзінің балдахинастындағы тағында отырғанын,
    ыдыстағы шайдың да суып үлгермегендігін көреді.
    - Қалай екен, хан ием, адамдардың қайғысын көре алдың ба? –деп сұрады кәрі сиқыршы.
    - Көрдіңбе сен ренжіткен адамдар қалай өмір сүріп жатқанын?! –деді де кәрі сиқыршы жоқ болып кетті.

    1. Сиқыршының ісі дұрыс па?
    2. Қиянат жасамау деген не? Ертегіде кім шындықты айтты?
    3. Сиқыршы ханға қандай жол көрсетті?

    5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

    Өзімшіл адаммен көпшіл адамға тән қасиеттер ажыратыңдар.

    Бауырмалдық, өркөкірек, ақкөңілдік, өз басының пайдасын ойлау, жомарттық, менмендік, белсенділік, басқалармен санаспау, тәкаппарлық, жанашыр, кешірімшіл,кекшіл

    Өзімшіл Көпшіл
    өркөкірек, Бауырмалдық,
    өз басының пайдасын ойлау ақкөңілдік,
    менмендік, жомарттық,
    басқалармен санаспау белсенділік,
    тәкаппарлық жанашыр,
    кекшіл кешірімшіл

    6. Топпен ән айту.
    Жақсы адамдар
    Әні мен сөзі: А. Оралов
    Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,
    Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.
    Табаныңның астында жатады әлі
    Пенделіктен өресі аспағандар
    Қайырмасы:
    Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
    Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.
    Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
    Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.
    Жақсы адамдар.
    Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,
    Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.
    Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,
    Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!
    Қайырмасы:

    8. Үй тапсырмасы. Дәптермен жұмыс
    Оқушылар дәптерде берілген кестеге өзімшіл адам мен көпшіл адам туралы өз ойларын жазады.
    21-сабақ «Қойшы қаһарман» ертегісін оқуға
    9. Соңғы тыныштық сәтi.
    Балалардың денесі, ойы сергітіледі.
    Денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, көздеріңді жұмыңдар ауаны терең жұтып еркін тыныс алыңдар.Барлық тіршілік иесі сендерді аялап,қоршап, қамқор болып тұрғанын сезініңдер.Тұла бойларың жақсылыққа,махаббатқа толғанын сезінуге тырысыңдар.
    Осылай 2 минуттай отырады.
    Категория: Самопознание | Добавил: Бигалиевна
    Просмотров: 1905 | Загрузок: 25 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 1
    1 қасымова60  
    Сәлеметсіз бе. Сіздің мақалаңыз маған өте ұнады. сізге шығармашылық табыс тілеймін.

    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2025