В помощь педагогу.
Воскресенье, 29.12.2024, 04:41
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [3]
Казахский язык и литература [20]
История и обществоведение [8]
Английский и немецкий языки [4]
Физика [2]
Химия [1]
Уроки музыки [0]
Классному руководителю [0]
Начальная школа [11]
НВП, ОБЖ [1]
Новые технологии [1]
География [4]
Гуманитарий [0]
Школьная библиотека [0]
Школьный лагерь [0]
Школьный психолог [0]
Физкультура [3]
Внеклассные мероприятия [8]
Поделимся опытом в работе [0]
Про компютеры и не только. [0]
Разное [4]
О трудностях нашей работы [0]
Опыт и советы [1]
Директору и завучам [0]
Дошколёнок [3]
Самопознание [2]
Стихи и проза [0]
Мастер класс [0]
Математика и геометрия [7]
Театр и сцена [0]
Творческие работы [1]
Биология [0]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 228
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 228
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог файлов
    Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

    Алтыннан жасалған бұйымдар. Тәуелдік жалғау
    [ Скачать с сервера (22.3 Kb) ] 09.01.2015, 15:50
    Сабақ тақырыбы: Алтыннан жасалған бұйымдар. Тәуелдік жалғау. Мақсаты: Білімділік: алтынның қандай металл екенін айту, алтыннан жасалған бұйымдар туралы түсінік беру, тәуелдік жалғауды қайталау. Дамытушылық: оқушылардың өзіндік ой-пікірін, көзқарасын, таным-толғамын қалыптастыруға және жаңа сөздермен таныстырып, оларды ауызекі тілде қолдана білу дағдыларын дамытуға жағдай жасау, шығармашылыққа баулу. Тәрбиелік: мемлекеттік тілді құрметтеуге, әдептілікке, әдемілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу, еңбексүйгіштікке баулу. Сабақтың түрі: сайыс Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрсету, аудару, сөздікпен жұмыс, топтық жұмыс, ойын элементтерін қолдану. Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, кеспе қағаздар, түрлі түсті қарындаштар, қағаз. Пәнаралық байланыс: орыс тілі, технология, бейнелеу өнері. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. (Оқушылар екі топ болып отырады: «Зергерлер» мен «Ұсталар») А) оқушылармен сәлемдесу. Ә) кезекшімен сұхбат. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.(тест арқылы) 1.Зергерлік бұйымды табыңдар. А) балға Ә) сақина Б) өнер 2. Әшекей бұйымдар неден жасалады? А) судан Ә) ағаштан Б) металдан 3. Толықтыр. Менің ... А) сырғам Ә) сырғасы Б) сырғаңыз 4. Орыс тіліне аудар. Өреді А) вырезают Ә) рубят Б) сплетают 5) Зергерлік бұйымдарды кім жасайды? А) ұстаз Ә) зергер Б) дәрігер ІІІ. Жаңа сабақ. - Жақсы, балалар! Ал зергер қандай бұйымдарды жасайды екен? - Әшекей бұйымдар... - Дұрыс айтасыңдар. Ал енді мына презентацияға назар аударыңдар. (алтыннан жасалған бұйымдар көрсетіледі). Балалар, байқадыңдар ма? Осы заттар неден жасалған? Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабағымыз не жайлы болмақ? - Алтыннан жасалған бұйымдар. 3.1 Сөздік жұмысын жүргізу. Бағалы-драгоценный Алтыннан жасалған әшекей бұйымдар- украшения из золота Табылған-найденный Қару-жарақ – оружие Тиын-монета Мойынтұмар- кулон 3.2 Сағат тілімен. - Оқушылар, алтыннан жасалған қандай бұйымдарды білесіңдер? (сырға, Алтын адам киімі, алқа, сағат) Сағаттың неше тілі бар? Неше цифр бар? Ендеше алдағы сағаттың 12 цифрына бір-бірден алтыннан жасалған бұйым жазыңдар. 3.3 Семантикалық кесте. жұрнақтар жүзік сырға сағат сақина алтын алқа -ым -ім -м -ың -ің -ң -ыңыз -іңіз -ңыз -ңіз -сы -сі -ы -і 3.4 1- жаттығу, 62 бет. Мәтінді түсініп оқы. Сұрақтарға жауап бер. Тәуелдік жалғаулары бар сөздерді теріп жаз. Алтын – бағалы металл. Сондықтан одан әшекей бұйымдар жасайды. Зергер алтынға өрнек салады және тас орнатады. Алтыннан жасалатын бұйымдар: алқа, білезік, жүзік, сақина, сырға. Есік қорғанынан табылған «Алтын адамның » бас киімі, бешпенті, шалбары мен етегіне дейін 200-ден астам аң, құс сипатты алтын әшекейлермен безендірілген. Қару-жарағы, сақинасы да алтын. Оның «Алтын адам» аталуы да сондықтан. 1. Алтын қандай металл? 2. Одан не жасайды? 3. Әшекей бұйымдарға не жатады? 4. Алтын адам қайда табылған? 3.5 Мақал-мәтелдердің жалғасын табыңдар «Зергерлер» тобы «Ұсталар» тобы 1 . Алтын кемер белге сән, 1. Алтын балдақ қол сәні, ( ? ? ? ? ? ) ( ? ? ? ? ? ) 2. Атадан көріп оқ жонар, 2.Шебердің қолы ортақ, (? ? ? ? ? ) (? ? ? ? ? ) 3. Аз сөз –алтын, 3. Алтын, күміс – тас екен, (? ? ? ? ? ) (? ? ? ? ? ) 1 . Алтын кемер белге сән, Ақылды жігіт елге сән. 2. Алтын балдақ қол сәні, Әшекей кесте тон сәні. 3. Атадан көріп оқ жонар, Анадан көріп тон пішер. 4. Шебердің қолы ортақ, Шешеннің сөзі ортақ. 5. Аз сөз – алтын, Көп сөз – көмір. 6. Алтын, күміс – тас екен, Арпа, бидай ас екен. 3.6 Кластер құру. Алтынның түсі қандай? Сары түсті заттардын атын жазыңдар. Тәуелдеңдер. ІV. Сабақты бекіту: «Келісемін/келіспеймін» әдісі 1.Сақинаны дәрігер жасайды. Келісесің бе? 2.Сақинаны құлаққа тағады. Келісесің бе? 3.Білезікті ұл балалар тағады. Солай ма? 4.Әшекей бұйымдарды зергер жасайды. Келісесің бе? 5.Сырғаны қолға тағады. Келісесің бе? 6.Зергерлік бұйымдардың денсаулыққа да пайдасы бар. Келісесің бе? V. Сабақты қорытындылау. Біз бүгін не жайлы өттік? Алтыннан нелер жасалады? (сабақты қорытындылап, женген топты анықтаймыз) VІ.Бағалау VІ. Рефлексия. Әр оқушы өзіне ұнайтын алтыннан жасалған бұйымның суретін салып, қасындағы сыныптасына сыйлайды. Үйге тапсырма. Мақал–мәтелдерді жаттау, алтыннан жасалған бұйымға ребус жасау.
    Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Аселек
    Просмотров: 872 | Загрузок: 14 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024