Ұзынкөл жалпы орта білім беретін мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы:
«Аққу-Ана-Бала»
/М.Мұқағалиевтың «Аққулар ұйықтағанда»/
Өткізген: Құсайынов О.С
Тақырыбы: «Аққу-Ана-Бала»
/М.Мұқағалиевтың «Аққулар ұйықтағанда»/
Мақсаты: б) Ақын шығармасының тақырыбы мен идеясын, көркемдік тілін ашу;
д) Өз бетінше іздене отырып, проблемалық сұрақтармен жұмыстану, поэзия әлеміне, сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, өзіндік ойын дамыту;
т) Отанын сүюге, табиғатты қадірлеуге, адал болуға жан-жақтылыққа тәрбиелеу;
Көрнекілігі: Итерактивті тақта, көркем әдебиеттер, «Аңыз адам» журналы.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, жаратылыстану.
Сабақ барысы
І Ұйымдастыру.
ІІ Үй тапсырмасын пысықтау.
Мұғалім: Біз өткен сабақта М.Мақатаевтың өмірімен және оның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасымен таныстық. Олай болса М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын пысықтайық.
№1
1. М.Мақатаев қай жерде, қашан дүниеге келді?
2. Ақынның шын аты кім?
3. Мұқағалидың әкесі мен анасының есімі кім?
4. Ақын кімнің қолында тәрбиеленген? Оның аты кім?
5. Ақынның қандай өлеңдерін білесіңдер?
ІІ Ақынның «Ақулар ұйықтағанда» поэмасының мазмұнын кім айтады.
ІІІ №2 Мағынаны ашу.
Поэманың тақырыбы
№3
басталуы
Поэманың құрылымы байланысуы
дамуы
шеленісуі
шарықтау шегі
шешімі
ІҮ Проблемалық сұрақтар
1. Көл неге Жетімкөл атанды?
2. Аққудың суретін ақын қалай берген?
3. Аққуды атуға итермелеген кім?
4. «Тәуір» деп кімді айтады?
5. Аластау деген мағынаны қалай түсінесіңдер?
6. Поэманың арқауы кім? /негізгі кейіпкер/
7. Әкесінің жауабы қандай еді? Дұрыс деп ойласыңдар ма?
8. Көл қасында отырған ананың көңіл-күйі қандай еді?
9. Оқ атылғаннан кейін көл басына кім келді? Не айтты?
10. Осы поэмада ақын аққуға оқ атқан ананы кінәлай ма?
Ү Өздік жұмысы.
№5
Сірә, сорлы жоқ шығар, менен өткен,
Құлынымның қасынан неге кеткем?!
Ошақ қасы, от басы, көрмеппін ғой,
Дүние –ау, сен осындай керемет пе едің?!
а) Үзінді кімнің сөзі?
ә) Оны қалай түсіндірер едің?
ҮІ Кейіпкерлер келбеті
№6
Аққу Ана Бала
ҮІІ Сабақты қорыту
1. Поэма сіздерге несімен ұнады?
2. Аққуды атқан ана әрекетіне қандай баға берер едіңіздер?
3. Егер сіз автор болсаңыз, поэманы қалай аяқтар едіңіз?
4. Осы сабақты қорытуда қандай мақал-мәтелді алуға болады?
Мұғалім: Міне, біз бүгін Мұқағали ағаларыңның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын толық талдап шықтық. Енді осы поэмадан біздерге қандай тәрбие алуға болады?
Мұқағали Мақатаев ХХ ғасырдың ең озық, ең мәнді, ең сезімді ақындарының бірі. Оның жырлары әрдайым әр жүректен табылатына мен сенімдімін.
Ол жаралы жүректі жұбатады.
Қуаныш нұрын себеді,
Өмірге сені қайта әкеледі-дер едім.
ҮІІІ М.Мұқатаевтың өміріне арналған суреттер топтамасын көруді ұсыну.
ІХ сабақты бағалау.
Х Үй тапсырмасы. Үзінді жаттау. |