Сын есімнің мағыналық түрлері
[ Скачать с сервера (23.9 Kb)
]
| 17.02.2015, 13:47 |
Сын есімнің мағыналық түрлері Сабақтың мақсаты: Білімділік: сын есімнің мағыналық ерекшелігін таныту, жасалу жолдарын ажырата білуді меңгерту. Дамытушылық: оқушылардың ой қабілетіне әсер ету арқылы өздігінен жұмыс әрекеттерін дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін арттыру. Тәрбиелік: Сөз мағынасына мән беруге тәрбиелеу, білімге, оқуға құштарлық сезімінің артуына ықпал ету. Сабақтың типі: жаңа білім беру. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс- тәсілдері: сұрақ –жауап, талдау, топтастыру, танымдық ойындар. Сабақтың көрнекіліктері: интербелсенді тақта, семантикалық карта Пәнаралық байланыс: әдебиет, халықтық педагогика Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Балалармен амандасып, түгендеп, зейіндерін сабаққа аудару ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 1.145- жаттығудың орындалуын тексеру 2. Зымыран сұрақтарға жауап алу 1. Сын есім дегеніміз не? 2. Тұлғасы жағынан сын есім нешеге бөлінеді. 3. Негізгі сын есім дегеніміз не? 4. Туынды сын есім дегеніміз не? 5. Сын есімнің құрамына қарай бөлініуі 6. Дара сын есім дегеніміз не? 7. Күрделі сын есім дегеніміз не? 8. Сын есім жасайтын жұрнақтарды ата. ІІІ. Жаңа сабақ. Сын есімнің мағыналық түрлері (Слайд арқылы схема бойынша сабақты түсіндіру) Сын есім мағынасына қарай Сапалық сын есім Қатыстық сын есім (заттың түсін, сынын тікелей анықтайтын (заттың түр- түсін, сын- сипатын негізгі түбір сын есімнің түрі) басқа сөз табының қатысы арқылы Мыс: қызыл, мата, ащылау тағаманықтайтын сын есімнің түрі ) Мыс: орманды алқап, өнерлі жігіт IV.Сергіту сәті (Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру мақсатында) Бір сөзбен айтқанда. 1. Қиыстырып, тауып сөйлейтін сөзге ұста адам (шешен) 2. Айтқанға сене салатын, еш нәрсені байқамайтын адам (аңқау) 3. Тез ашуланатын адам (ашушаң) 4. Көрінгенге соқтыға беретін адам (ұрыншақ) 5. Керексіз көп сөйлейтін адам (мылжың) 6. Бойы ұзын адам (бойшаң) 7. Әркімнің сыртынан жаман сөз айтып жүретін адам (өсекші) 8. Бір сыныпта оқитын балаларды бір сөзбен айтқанда (сыныптас) V.Дәптермен жұмыс 146- жаттығу. Сапалық сын есімдерді бір бөлек, қатыстық сын есімдерді бір бөлек жазу Сапалық сын есімдер Қатыстық сын есімдер Ақшыл аттылы 148- жаттығу. Құрамындағы сапалық, қатыстық сын есімдерді тіркесетін сөздерімен теріп жазу VI.Ойлан, ізден тап. 1. Оңға қарай оқысың да, солға қарай оқысаң да сын есім болатын сөздер (қызық,...) 2. Екі әріптен ғана тұратын сын есімдер (ақ, ез, өр,...) 3. Құрамында үш а әріпі келетін сын есімдер (ап- аласа,...) 4. Тек қ әпіпінен басталатын сын есімдер (қара, қоңыр,...) 151- жаттығу.Төмендегі өлең жолдарын есте сақтап жазып, сын есімдерді мағынасына қарай ажырату Жайлау қандай тамаша, Көзді тартар қараса. Қызыл- жасыл төңірек Бейне жайған алаша. VII. Семантикалық картамен жұмыс № Мысалдар негізгі туынды дара күрделі сапалық қатыстық 1 Биік 2 Таулы 3 Ірілі- ұсақты 4 Кішірек 5 Қара торы 6 Ұялшақ 7 Жылы 8 Қой көзді 9 Сөзшең 10 Ауыспалы 11 Ардақты 12 Пайдалы VIII. Жылдам жауап Сын есімнің астына қатарлап сын есім жазыңдар. Тігінен оқығанда бірінші сөз шығатын болсын. Үлгі: Асқақ----- тәтті----- жақсы----- аласа сезім----- ә---------- а----------- л------ қасқа------- т--------- қ----------- а------ ақылды---- т--------- с----------- с------- қоңыр------ і---------- ы----------- а------- IX.Терме диктант (Интербелсенді тақтада орындалады) Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, сын есім жаса қаңтар---лы, шы---амды, айла---ер, т---йінді, то---ғақ, ас---л, көкпе----бек, кү---гірт. қы---қыл, бай---улы X.Педагогикалық жағдаят (сергіту сәті) Әрбір адам. Кімім? Туысым, досым, жұрағат Әрбір сабақ. Не істеу? Үйрену, ұғу, ұлағат Әрбір ісім. Не? Тірлік, еңбек, адамдық Әрбір сөзім. Қандай? Шындық, бірлік, адалдық. 154- жаттығу (ауызша) Сын есімдерді тауып, әдебиетпен байланыстыр (Портрет) XI.Сабақты бекіту. Өзімді- өзім сынаймын (Тест) 1. Сын есім а) заттың сынын білдіреді ә) заттың атын білдіреді б) заттың қимылын білдіреді 2. Сапалық сын есімді тап а) қорқақ ә) білгіш б) ашушаң 3. Сын есімнің сұрақтары. а) не істеді?, ә) қандай?, қай? б) қанша?, неше? 4. Жұмбақты шешіп, сын есімді тап. Белі бүкір, алысқа түкір 5. Туынды сын есімді тап 6. а) жалтыр, ә) тәртіпті б) биік 6. Сын есімді тап. а) кеше ә) әлсіз б) жүгірді 7. Негізгі сын есімді тап а) таза ә) әлсіз б) кешкі 8. Қатыстық сын есімді тап. а) заңгер б) ымырт б) өнегелі 9. Жұмбақты шешіп, сын есімді тап. а) Аттан биік, иттен аласа 10. Дара сын есімді тап. а) тап- таза ә) ақ б) өте жақсы XII. Қорытынды (Сұрақ- жауап) 1. Сын есім дегеніміз не? 2. Сын есімнің мағыналық түрлері? 3. Сапалық сын есім? 4. Қатыстық сын есім XIII Үйге тапсырма 150- жаттығу. Өз сыныптасыңды бейнелеп мінездеме жазу XIV.Бағалау. Оқушыларды сабаққа қатысуына қарай бағалаймын. |
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Муратовна
|
Просмотров: 1268 | Загрузок: 10
| Рейтинг: 0.0/0 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]
|