В помощь педагогу.
Воскресенье, 29.12.2024, 05:06
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [3]
Казахский язык и литература [20]
История и обществоведение [8]
Английский и немецкий языки [4]
Физика [2]
Химия [1]
Уроки музыки [0]
Классному руководителю [0]
Начальная школа [11]
НВП, ОБЖ [1]
Новые технологии [1]
География [4]
Гуманитарий [0]
Школьная библиотека [0]
Школьный лагерь [0]
Школьный психолог [0]
Физкультура [3]
Внеклассные мероприятия [8]
Поделимся опытом в работе [0]
Про компютеры и не только. [0]
Разное [4]
О трудностях нашей работы [0]
Опыт и советы [1]
Директору и завучам [0]
Дошколёнок [3]
Самопознание [2]
Стихи и проза [0]
Мастер класс [0]
Математика и геометрия [7]
Театр и сцена [0]
Творческие работы [1]
Биология [0]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Оцените мой сайт
    Всего ответов: 80
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 228
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог файлов
    Главная » Файлы » В помощь учителю » История и обществоведение

    Ерте орта ғасырлардағы славяндар
    [ Скачать с сервера (63.5 Kb) ] 30.05.2015, 00:06
    Дүниежүзі тарихы сынып-7
    Тақырыбы: Ерте орта ғасырлардағы славяндар
    Білімділік мақсаты; Ерте орта ғасырлардағы славян тайпалары мекдеген жерлерді атап көрсету. Көрші елдерімен жүргізген сыртқы қатынастары жайында мағлұмат беру.
    Дамытушылық мақсаты; Оқуға ынталығын, оқулықпен және жекелей жұмыс түрлерін, азаматтық жауапкершілігін дамыту.
    Тәрбиелік мақсаты; Адамгершілікке, ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
    Сабақтың түрі:
    Аралас сабақ
    Сабақтың әдіс-тәсілдері;
    Ауызша және жазбаша сұрақ-жауап, баяндау, сызба сызу, оқулықпен жұмыс.
    Сабақтың көрнекілігі:
    Карта «Орта ғасырлардағы Еуропа», кестелер.
    Сабақтың барысы
    І. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа бағыт беру.
    ІІ. Өткен тақырыпты еске түсіру, үй тапсырмасын тексеру:
    1. Эфталит мемлекетінің жерін картадан көрсетіңдер.
    2. Эфталиттер мемлекеті қашан құрылды?
    3. Эфталит тайпаларының шаруашылығы қандай болды?
    4. Эфталит мемлекетінің ежелгі мәдениетінен қандай белгілер сақталған?
    5. Түріктер мен Ирандықтар Эфталит мемлекетін қай жылдары, неліктен жаулап алды?
    ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары.
    1. Батыс және оңтүстік славяндар.
    2. Шаруашылығы.
    3. Қоғамдық құрылымы.
    ІҮ. Жаңа білімді меңгерту:
    Шығыс Еуропа жерін ежелден, яғни ҮІ ғасырдан бастап үш славян тайпасы мекендегенін айта отырып, олар Батыс, Оңтүстік және Шығыыс болып бөлінетіндігін, олардың ішінде Батыс славян тайпалары: венед, полян және вислян, лужица; Оңтүстік славяндар: протоболгар, славин, ант; Шығыс славяндар: древлян, волынь, улучи, бутан, словен т.б. аталатынын айтып, оқулық картасынан олардың орналасқан жерін көрсету керек. Бұл тайпалардың қазіргі Ресей, Украин, Белорус жерлері болғанын, Балқан түбегіндегі Серб, Хорват, Словен, сондай-ақ Чехословак, Польша елдерінде тұратын славян халықтарыныың арғы ата-бабасы екенін түсіндіру керек.
    Батыс, Оңтүстік, Шығыс славян тайпаларының шығуымен орналасқан жерлерін түсіндіргеннен кейін, олардың шаруашылығына және қолданған құрал саймандарына тоқталып өту қажет. Мысалы, славяндар ежелден жер өндеудің бірнеше әдістерін білген. Жерлерінің көбін орманды алқап алып жатқандықтан, ағаштарды кесіп, өртеп, жерді тазалап, егін еккен. Далалы жерлерді жыртып, дәнді дақылдар егіп, мол өнім алып отырған. Славяндар қара биидай, арпа, сұлы, бұршақ, тары, кендір дақылдарын еккен.
    Егін егуден басқа, мал шаруашылығымен де айналысқан. Сиыр, жылқы, қой, ешкі және шошқа өсірген. Ежелден славяндар аң, балық аулауды жақсы білген. Славяндар қолөнермен айналысып, ағаштан үйге қажетті бұйымдар: ыдыс-аяқ, сандық, есік-терезе, т.б. жасаған. Алтыннан, күмістен, сүйектен, темірден өте тамаша бұйымдар соққан. Соғыста славян тайпалары батырлықтарымен көзге түскен. Су астында өте ұзақ мерзімде шыдай алатын жауынгерлер жауларына тосын шабуыл жасап, жеңіске жетіп отырған. Оқушыларға мұғалім ежелгі тайпалардың тұрмыс салты жайында айтқанда мүмкіндігінше өз ауылдарынан да мысал келтіріп отырған жөн. Оқушылардың мысалды өздері ойлап тапқаны дұрыс.
    «Славян тайпаларының құрылымы қандай болды?» деген сұрақты қойғаннан кеййін, оқушылардың бұдан бұрыңғы сыныпта оқығанын қайталап, славян тайпалары алғашқы қауымдық құрылысты және құл иеленушілікті басынан кешпегенін ескерте кеткен абзал. Оның негізгі себебі өндіріс құралдарының тез жетілуі, өндіргіш күштің өсуі көршілік қауым құрылысының тез дамуына әкелгендігін айту керек. Бұл тайпалар егін шаруашылығында темір тісті ағаш соқа, темір тырнауыш қолданып, егіннен көп өнім алып отырды. Славян қоғамында ерікті еңбек құлдық еңбектен әлдеқайда тиімді болды әрі көп пайда келтірді.
    ҮІ-ІХ ғасырлар аралығында шаруашылықтың дамуы мүлік теңсіздігін күшейтті. Жеке отбасы болып жер өндеу етек алып, байлар мен кедейлердің ара жігі біліне бастады. Дами келе феодалдық қоғам қалыптасып, негізгі байлық иесі феодал мен оған жұмыс істейтін шаруалар тобы пайда болды.
    Славян тайпаларында биліктің негізгі тұтқасы көсемдердің қолында болған. Көсемдер кейбір күрделі мәселелерді ақылдасып шешіп отырған. Тайпалар жиналысы вече (совещать) ақылдасу деген сөзден шыққан. ІХ ғасырдан бастап көсемдердің орнына жеке кінәздердің билігі күшейіп, олар мәселелерді жеке өздері шешіп отырды. Олар халықтан алым-салықтар жинап, кінәз сарайларының байып отыруына мүмкіндік жасады. Кінәз тұқымдары тайпаларды біртұтас билеу негізінде ІХ ғасырда славян мемлекеттері пайда болды. Мысалы: Батыс славяндарда Ұлы Моравия, Оңтүстік славяндарда Болгар патшалығы, Польша мемлекеті, Шығыс славяндар жерінде Киев Русі мемлекеттері пайда болғанын айтқаннан кейін, оларды құрған ұлы кінәздердің аттарын атаған дұрыс. Мысалы Польшаны – ұлы кінәз – Мешко, Чех мемлекетін – І Болеслав, Бірінші Болгар патшалығын – Аспарух, Киев Русі мемлекетін – кінәз Олег т.б. құрғандығын еске түсірген жөн.
    Славян тайпаларының діни нанымдары туралы оқушыларға түсіндірген кезде барлық халықтар сияқты оларда табиғат күшіне жалбарыну рәсімі болғанын айтады. Мысалы, олар найзағай, су тасқыны, жер сілкіну сияқты құбылыстың құдайы бар деп, соған табынып, құрбандық шалған. Әр түрлі діни нанымдары болған. Мұғалім бұл сабақты түсіндіргенде де өмірден көп мысал келтіріп, балалардың өздеріне сұрақ қою арқылы сабақты толықтыра түсуі керек.
    7-сынып оқушыларына тарих сабағынан жоспар жаауды үйретуге болады. Жоспарды құру үшін тақырыбын анықтап, соған сәйкес жоспарды алғашқыда мұғалім құрып, кейіннен өздері жоспар құруға үйрену оқушылардыың ойлау түсінігін жетілдіре түседі. Мысалы, «Ерте орта ғасырлардағы славяндар» тақырыбына мынандай жоспар құруға болады:
    1) ҮІ-ІХ ғасырлар аралығында үш славян тайпасының тараған жерлерін анықтау.
    2) Славян тайпаларының шаруашылығы және қол өнері.
    3) Славян тайпаларының қоғамдық құрылымы.
    4) Славян тайпаларының діни нанымдары.
    Оқушылардың құрған жоспарларын оқытып, қатес болса түзеп, өткен сабаққа қорытынды жасау.
    Ү. Бекіту: Тақырып соңындағы тапсырмалар мен сұрақтар арқылы.
    ҮІ. Бағалау.
    ҮІІ. Үй тапсырмасы: Мәтінді оқып, мазмұндарын айту.

    Ерте орта ғасырлардағы славяндар
    1. Кестені толтыр.

    Батыс славяндар Шығыс славяндар Оңтүстік славяндар

    2. Төмендегі бұйымдарды неден жасағанын берілген геометриялық фигураларды тұсына қою арқылы көрсет.

    Киім-кешек

    Ыдыс-аяқ

    Балта, қол орақ, шалғы, пышақ, семсер, қылыш, қалқан

    Қайық
    Категория: История и обществоведение | Добавил: tz_rahimovna | Теги: славяндар, VI-ғасырдағы славяндар, батыс славяндар, 7 сынып, орта ғасырлардағы славяндар
    Просмотров: 2053 | Загрузок: 15 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024