Сабақтың тақырыбы: Кальцийдің маңызды қосылыстары СаО жəне
Са(ОН)2
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Кальцийдің маңызды қосылыстарымен таныстыру, физикалық-
химиялық қасиеттерін түсіндіру.
Дамытушылық: Студенттердің ойын дамыту, белсенділігін арттыру.
Тəрбиелік: Ұқыптылыққа, бір-бірінің жауабын тыңдап, одан қорытынды шығара білуге тəрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, жеке студенттермен жұмыс
Түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Өткенді қайталау мақсатында қойылатын сұрақтар: Са химиялық таңбасы. Са – дің салыстырмалы атомдық массасы. Са-дің валенттігі жəне тотығу дəрежелері. Са-дің табиғатта кездесуі. Са-ді қалай алуға болады? Са-дің физикалық қасиеттері. Са-дің жай заттармен əрекеттесуі. Са-дің күрделі заттармен əрекеттесуі
ІІ. Жаңа сабақ
СаО- сөндірілмеген əк деп аталады. Кальций сілтілік жер металл болғандықтан СаО сумен əрекеттесіп сілті, яғни кальций гидроксидін түзеді Са(ОН)2 .
Са(ОН)2 - суда нашар еритін негіз. Ерітіндіде толығымен иондарға диссоцияцияланады Са(ОН)2 Са2+ + 2ОН-.
Ол сілтілік ерітінді болғандықтан фенолфталиннің түсі таңқурай түске боялады.
Ғаныш – СаSO4 • 2H2O
Əктас – CaCO3
Күйдіргіш ғаныш немесе алибастер – СаSO4• 0.5H2O
Барлықтарыңа белгілі цемент те кальцийдің силикаты мен алюминатынан тұрады -(2CaO•SiO2 2CaO•AI2O3)
Кальцийдің барлық қосылыстары күнделікті тұрмыста маңызды рөл атқарады. Соның ішінде бүгінгі сабақта біз кальцийдің оксиді мен гидроксидінің физикалық- химиялық қасиеттеріне тоқталамыз

Зертханалық тәжірибе көрсету: СаО – ның сумен әрекеттесуі. Сәйкес теңдеуін жазу.
СаСО3 - ( əктас , бор , мəрмəр ) құрылыс материалдары ретінде .
СаО - əксүтін алуда;
Са(ОН)2 - əк сүті деп аталады. Оны əктеуге, құммен, сумен қоспасын кірпіш қалағанда сылаққа қолданады;
СаSO4•2H2O - медицинада, құрылыста, мүсіндер жасауда;
СаSO4•5H2O - құрылыста;
Са(NO3)•2CaCI2 – газдармен сұйықтарды құрғату үшін қолданылады.


Сабақ соңында есте сақтау кестесін қолдану арқылы студенттердің бүгінгі сабақта алған жаңа білімдерін тиянақтау.

Сабақты қорытындылау мақсатында қойылатын сұрақтар:
1. Бүгінгі сабақта кальцийдің қандай маңызды қосылыстарымен таныстыңдар?
2. Кальцийдің маңызды қосылыстарын қайда қолданылады?
Студенттерді бағалау.Үйге тапсырма §-37-38, 104 бет, №4 есеп. |