В помощь педагогу.
Пятница, 20.06.2025, 08:59
Форма входа
Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Оцените мой сайт
    Всего ответов: 80
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 228
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » Химия

    «Тұздардың жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері және қолданылуы »
    «Тұздардың жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері және қолданылуы »

    Сабақтың мақсаты:
    Оқушыларға тұздар, олардың құрамы, жіктелуі және химиялық қасиеті жайлы түсінік беру, оларда химиялық формула мен теңдеуқұру ,есеп шығару дағдыларын дамыту, өздігінен жұмыс істеуге бейімдендіру, танымдық , ұйымшылдыққа, іскерлікке тәрбиелеу мен қатар алған білімдерін бірлескен топтық оқуда, өмірде пайдалануға үйрету.
    Күтілетін нәтижелер :
    Тұздардың құрамын біледі.
    Тұздардың жіктелуін меңгереді;
    Тұздардың алыну жолдарын үйренеді;
    Тұздардың формулаларын талдап, басқа күрделі қосылыстардан ажырата алды.
    Тұздардың физикалық қасиеттеріне назар аударады;
    Тұздардың химиялық қасиеттерін зерттейді, нақтылы тәжірибелер арқылы қорытынды жасайды;
    Химиялық сауаттылықтарын, химиялық тілдерін және химиялық дағдыларын дамытады.
    Сабақта қолданылған әдіс тәсілдер: Сыни оқыту технологиясы элементтері,
    Тапсырмалар: Химиялық диктант, өздік,жұппен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар , постер қорғау, сәйкестендіру тапсырмалары , бағалау.
    Керекті жабдықтар: АКТ, үлестірме парақшалар, электрондық оқулық, плакат, маркерлер, ас тұзы, әк.
    Сабақтың барысы:
    Ұйымдастыру кезеңі : Оқушыларды тексеру, назарларын сабаққа аударып, психологиялық ахуал туғызу үшін оқушыларды ортаға шақырып «Жылы тілек» айтқызу, «Қайырлы күн болсын, сабағымыз сәттілікке толсын!»
    І кезең: Үй тапсырмасын қайталау « Кім жылдам» әдісі бойынша
    Үй тапсырмасын тексеріп, өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында оқушыларға химиялық диктант жазуды ұсындым.
    Сұрақтарға жауап бер:
    1.. Негіздер дегеніміз не?
    2. Судағы ерігіштігіне қарай негіздер қалай жіктеледі?
    3. Күйдіргіш сілтілер дегеніміз не?
    4. Негіздер қышқылдармен қалай әрекеттеседі?
    Химиялық диктант:
    1.Фосфордың (V валентті) оксиді мен су әрекеттескенде ....... түзіледі.
    2. Оттексіз қышқылдарға мына қышқылдар жатады :......,.......,.......,.......,
    3. Екі негізді қышқылдарға ...........,..........,........, жатады.
    4. Тұрмыста .................. қолданылады.
    5. Сутек атомына байланысты қышқылдар .............. болып бөлінеді.
    Оқушы жауаптары :
    1. H3PO4, фосфор қышқылы
    2. H2SO4, HNO3, H2SiO3,H2CO3,H3PO4
    3. H2S, H2CO3, H2SO4, H2SiO3
    4. Сірке, лимон қышқылдары қолданылады.
    5. Бірнегізді, екінегізді және үшнегізді
    Оқушылар болған соң дұрыс жауаптармен салыстырып өзара бірін – бірі тексереді.
    Қышқылдардың алыну реакцияларын жазыңдар :
    1. Р2О5 + 3Н2О → 2H3PO4
    2. Н2 + Сl2 → 2НСl
    3. N2O5 + Н2О → 2HNO3
    II кезең. «Қызығушылықты ояту»
    Қышқылдар металдармен әрекеттескенде қандай заттар түзіледі?
    Ал енді осы сұраққа жауап беру үшін қышқыл мен металдар арасында жүретін бірнеше химиялық теңдеу жазайық.
    Са + H2SO4 → СаSO4 + H2↑
    2Аl + 6HNO3 →2 Аl(NO3)3 + 3H2↑
    Fe + 2HCl → FeCl2 + H2↑
    К + H3PO4 → К3PO4 + H2↑
    Түзілген қосылыстардың аттарын атайық : «Ойлан тап »
    СаSO4 - кальций сульфаты
    Аl(NO3)3 – алюминий нитраты
    FeCl2 - темір II хлориді
    К3PO4 – калий фосфаты
    Алынған заттар қандай құрам бөлшектерден құралған?
    Бүгінгі өтетін тақырыбыз осы тұздар туралы болмақ. Дәптерлерімізге жаңа тақырыпты жазайық. «Тұздардың жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері және қолданылуы »
    Балалар тұздар құрамына қандай заттар кіреді?
    Осыдан қорыта келе тұздарға қандай анықтама береміз?
    Тұздар дегеніміз – металл атомы мен қышқыл қалдығынан құралған күрделі заттар.
    III кезең : «Мағынанытану»
    оқушыларға үлестірме парақшалар таратамын: мұқият қарап, кестені толтырындар.
    Білемін Білгімкеледі
    Тұздардың құрамын
    Тұздардың аттарын атауды
    Формулаларын құрастыруды
    Физикалық қасиеттерін Химиялық қасиеттерін
    Металдармен, тұздармен әрекеттесуін,
    Қолданылуын, жіктелуін
    Білгім келеді.

    Жана сабақ. Түсіну
    Себебін түсіндіріп жаз және бір-біріңе түсіндір «Жигсоо» әдісі бойынша «Тұздар» тақарыбын өздері талқылап, өздері ашу. Оқушылар көлемді мәтінді әрқайсысы жеке-жеке топ ішінде оқып шығып топпен талқылайды, сосын топтар құрамы өзгертіліп, құрамында әр бастапқы топтан бір белсенді оқушы бар жаңа (сарапшылар тобы) топтар құрылды.Құрылған сарапшы топ берілген тапсырмаларды біріге талқылап орындайды. Осыдан кейін олар өз топтарына қайта оралып, өздерінің бұрынғы топтағы достарына кезекпен өз жанұяларында түсінген материалдарын тиянақты түрде жеткізіп, үйрету керек.
    Тұздар
    Орта тұз Қышқыл тұз Негіздік тұз
    NaNO3 NaHSO4 MgOHCI
    K2SO4 KH2PO4 AI(OH)SO4
    Тұздардың құрылымдық формуласы:
    O
    Na-O -N Na --O -- O
    O S CI -- Mg – O -- H
    H — O-- O
    Тұздардың алынуы:
    CO2 + СаO = NaOH + H2S =
    SiO2+ NaOH = CaSO4 + HCI =
    Cu + HgCI2 = CuSO4 + KOH =
    Тұздардың химиялық қасиеті:
    К2SiO3 + CaСI2 = CaCO3 ----- =
    Na2SO4 + HCI = FeCI3 +HNO3 =
    AI(OH)3 + K2SO4 = Zn+ Hg(NO3) =
    Топпен жұмыс. IV топқа. тұздардың алынуы, IV топқа. химиялық қасиеттері, IVтопқа.тұздардыңқолданылуы жайлы мәтін мен таныса отырып ортада басқа топтарға таныстырып қорғау жұмысы беріледі. Оқушылар топта бірлесе талқылап, қорытынды таныстыруларын қағазға түсіріп ортада қорғайды.
    Өзіндік жұмыс: Мына тұздарды жіктеп, аттарын атаңдар.Өзбетінше жаңа тақырыпты меңгерту.
    СаSO4, NaNO3, K3PO4, СаSiO3, FeCl3,MgSO3, Al(OH)SO4, CaHPO4, КН2РО4 ,
    Жауаптары:Ортатұздар - СаSO4 (кальцийсульфаты), NaNO3(натрийнитраты), K3PO4 (калийфосфаты), СаSiO3 (кальцийсиликаты), FeCl3(темірхлориді), MgSO3 (магнийсульфиті).
    Қышқылдықтұздар - CaHPO4 (кальцийгидрофосфаты), КН2РО4 - калийдигидогидрофосфаты.
    Негіздіктұздар - Al(OH)SO4 (алюминийгидроксосульфаты)
    Оқушыларбірін – бірітексеріпбағалайды. (тақтадағыдұрысжауабынақарап)
    Жұппен жұмыс :Оқушылар бірлесе отырып реакция теңдеулерін аяқтайды.
    1. Na + ...... → NaNO3 + ….
    2. CaO + CO2 → .......
    3. Си + ...... → СиСl2
    4. KOH + ……→ K3PO4 + …..
    5. NaOH + SiO2 → ……+ H2O
    Жауабы: (дұрысжауаптарыарқылыбілімдерінтексеріліпбағаланады)
    1. 2Na + 2HNO3→2 NaNO3 + H2
    2. CaO + CO2 → CaCO3
    3. Си + HgCl2 → СиСl2+ Hg
    4. KOH + H3PO4 → K3PO4 + H2O
    5. 2NaOH + SiO2 → Na2SiO3 + H2O
    Деңгейлік тапсырмалар.Үш деңгейлі тапсырма (тапсырманы орындауды оқушылар бір уақытта бастайды, әрқайсысы өз қабілеттеріне қарай алынған ақпаратты қолдана отырып жетеді.)
    «3» - мына тұздардың формулаларын жаз: натрий силикаты, алюминий (III) фосфаты, натрий гидросульфаты, барий динитраты, темір(III) силикаты.
    «4» - Мына химиялық реакцияны аяқтап, алынған өнімдегі тұздардың атын ата.
    Al(OH)3 + HI → …….
    CuSO4 + H2S → …….
    CO2 + NaOH → …….
    KCl + AgNO3→ …….
    «5» - 51 г натрий хлоридін алу үшін қанша моль тұз қышқылымен неше грамм натрий гидроксиді реакцияға түседі.
    Жаңа сабақты бекіту.
    Сәйкестік тест.
    1. Калий хлориді Na2SiO3
    2. Натрий силикаты KCl
    3. Литий фосфаты FeS
    4. Темірсульфиді Al2(SO4)3
    5. Алюминий сульфаты Li3PO4
    Қорытынды: Оқушылар үйрендім бағанын толтырады.
    1. Тұздардың жіктелуін.
    2. Химиялық қасиеттерін.
    3. Күнделікті өмірде қолданылатын тұздарды
    4. Алыну жолдарын
    5. Реакция теңдеулерін құрып, есеп шығарды.
    Жаңа сабақ бойынша алған білімдерін лездік сұрақтар қою арқылы бекіту.
    Жеке жұмыс
    Қажетті ақпаратты дәптерге түсіреді, берілген теңдеулерді өздері аяқтайды, теңестіреді.

    10г күкірт (IV) оксидін 300г суда еріткенде түзілген ышқылдың массасы, ерітіндідегі оксидтің массалық үлесі

    90г күкірт қышқылымен калий гидроксиді әрекеттестіргенде түзілген тұздың массасы

    Бағалау. Оқушыларәртүрліжұмысформаларынорындаукезіндеалғанбағаларынөзін - өзібағалау парақшаларынақояды.

    Жұмыс
    түрлері Химиялық диктант Ойлан тап Топтық
    жұмыс Өздік
    жұмыс Жұппен
    жұмыс Деңгейлік
    тапсырмалар Сәйкестендіру Қорытынды
    Баға
    Смайликтер және бағалау критерилер арқылы іске асыру

    Үйгетапсырма: Тұздар мен қышқылдарға Венн диаграммасын құрастыру,
    № 7,8,9 есеп.
    Категория: Химия | Добавил: Исабековна (12.07.2015) | Автор: Битаброва Хадиша Исабековна E
    Просмотров: 3332 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2025