В помощь педагогу.
Понедельник, 06.05.2024, 12:11
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » Технология

    Бисерден «Бақтағы құс» картинасын жасау жолдары
    Сабақтың тақырыбы: Бисерден «Бақтағы құс» картинасын жасау жолдары.
    6 сағат (1 сағ теория, 5 сағ практика)
    Сабақтың мақсаты:
    1. Білімділік: Оқушыларға бисерден картина жасау жолын түсіндіру.
    2. Дамытушылық: Оқушылардың орындағандағы еріктілігін дамыту, алған білімдерін өз бетінше қолдана білуін қадағалау, этетикалық талғамын қалыптастыру.
    3. Тәрбиелік: Әсемдік пен сұлулықты меңгерген, шығармашылыққа қабілетті, құзіретті, дара тұлғаны тәрбиелеу.
    Сабақтың түрі: аралас сабақ
    Құрал – жабдықтар: Бисер,суреттер, желім
    Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап
    Сабақтық барысы:
    I.Ұйымдастыру кезеңі.
    1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
    2. Оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару.
    II. Үй тапсырмасын сұрау. Бисердің шығу тарихы.
    ІІІ.Өткен сабақты бекіту.
    1. Бисердің ең көп тараған жері?
    2. Бисер қай уақытта қолданысқа еніп,өте танымал болды?
    3. Бисер жапсырмалаудың әдістері туралы айту?
    4. Бисерден не жасауға болады?

    ІҮ. Жаңа тақырып.
    Балалар, мен сендерді бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын. Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп тұрмын. Бүгін біздің сабағымыз аптаның сәтті күнінде яғни, сәрсенбі күні өтіп жатыр. Сондықтан сабағымыз сәтті өтсін

    деп тілейік. Моншақ – ақ, қызыл, сары, көк тағы тасқа көп түсті пішіні домалақ немесе сопақша (өзге де пішінді) болып келетін зат. Онымен неше түрлі картиналар жасап шығаруға болады. Негізіне, қазақ халқындағы әйел кісілер әшекей бұйымдарды тұтынуы өткен замандардан бері болғандығы белгілі. Бисер – моншақтың кішірейтілген түрі. Бисер тоқу ертеден келе жатқан қолөнер. Бұл өнер түрі соңғы кезде қарқынды даму үстінде. Онымен жай суреттерден бастап, өте күрделі түрлі – түсті жұмыстар жасауға болады, Сонымен қатар, ойыншықтар да тоқуға болады. Бисермен жұмыс істеудің тағы бір тиімді тұсы, одан жасалған картиналарды сатып,табыс табуға да мүмкіндік бар. Бисерді таңдау, онымен жұмыс істеу өте үлкен шеберлікті қажет етеді. Олардың түстері мен өлшемдері де сан алуан. Сондықтан жасалған картиналарға байланысты бисерді мөлшеріне қарай, түс үйлесімділігін ескеріп, ұтымды таңдай білу қажет етеді. Қолдан жасалған картиналар көршілес Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында бисер өте танымал болып үлгерді. Бұл ерекше сәулелі моншақ ХХ ғасырдың ортасында мүлдем жоғалып кеткендей болған. Алайда 70 жылдардан бастап бисер өнері қайта жандана түсті. Ал ХХ ғасырдың 90 жылдары бисер танымал қолөнер болып халыққа жетті.
    Бисер қолөнері басқа да көркем өнер шығармашылығының түрі сияқты әрдайым жылдан – жылға халыққа тез тарап отырады. Туындылар жылдан- жылға шыңдана түсіп, күрделі әрі қиындап, түрленіп дамып жатыр.
    Ал, енді балалар бисерден әр түрлі картиналар жасауға болады. Бүгінгі сабақта «Бақтағы құс» картинасын жасайық.
    Практикалық жұмыс.
    1. Жұмыс ережесін еске түсірейік
    2. Қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып,
    жұмыс жасаймыз. «Бақтағы құс» картинасын
    жапсырмалау.
    1.Тақырып таңдап аламыз.
    2. Қағазға суретін сылып аламыз.
    3. Суретті түрлі – түсті краскамен бояп аламыз.

    3. Түрлі – түсті бисерді арнайы ыдыстарға салып қоямыз.
    4. Дайын болған суреттің бетіне ПВА клейін жағып бисерді
    жапсырмалаймыз.
    5.Дайын болған картинаның айналасын рамкалаймыз.
    6.«Бақтағы құс» картинасы дайын болды.
    «Бақтағы құс».
    Ү. Шығармашылық жұмыс. Бисермен «Бақтағы құс» картинасын жабыстыру. Оқушылар бисерден жабыстырып жұмыстарын аяқтайды.
    ҮІ. Қорыту. Қорыта айтқанда бисерден әр түрлі тақырыпта, басқа да көптеген картиналар қолдан жасап шығаруға болады. Бисер қолөнері – ең қызықты, жұмбаққа толы өнер.
    ҮІІ. Бағалау. Білімдеріне, жасаған жұмыстарына қарай бағалаймын.
    ҮІІІ. Үйге тапсырма беру. Бисерден картина жасау жолдары.
    Категория: Технология | Добавил: АЛМА4621 (13.12.2015)
    Просмотров: 1894 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024