В помощь педагогу.
Понедельник, 06.05.2024, 16:29
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Оцените мой сайт
    Всего ответов: 79
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » Технология

    Тігін машинасының шығу тарихы
    Сабақтың тақырыбы: «Тігін машинасының шығу тарихы»
    Сабақтың мақсаты:
    1. Оқушыларды тігін машинасының шығу тарихымен таныстырып, білімдерін қалыптастыру.
    2. Тігін машинасының түрлері және олардың құрылысы туралы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
    3. Көргендерін еске сақтап, оны қайта жаңғыртуға, әсемдікке, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
    Сабақтың көрнекілігі:
    Тігін машинасы, интерактивті тақта, компьютер, деңгейлік тапсырмалар, құрал-жабдықтар: мата, қайшы, ине «Тігін машинасы» тақырыбындағы презентация.
    Сабақтың типі: Жаңа сабақ
    Сабақтың түрі: Дәстүрлі

    I. Ұйымдастыру кезеңі:
    1. Оқушыларды түгендеу
    2. Құрал-жабдықтарын тексеру

    II. Білімді тексеру:
    1. Қол тігістерінің түрлерін ата?
    2. Инешаншым дегеніміз не?
    3. Тігім дегеніміз не?
    4. Тігіс дегеніміз не?
    5. Тігістің ені дегеніміз не?
    6. Тігін машинасы неше топқа бөлінеді?
    7. Тігін машинасының неше түрі болады?
    8. Тігін машинасымен тігін тігушінің ара- қашықтығы неше см болу керек?
    9. Тігін машинасына жарық қай жағынан түсуі керек?
    10. Қауіпті құрал-жабдықтардың түрлерін ата?

    III. Жаңа сабақтың мақсатын қою:
    Тақырыпты өткен сабақтармен байланыстыра отырып, оқушылардың білімін пысықтау, машинатану негіздері, тігін машинасының шығу тарихымен таныстыру, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, көргендерін еске сақтап, оны қайта жаңғыртуға, әсемдікке, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке үйрету.

    IV. Жаңа материалды өту:
    Тігін машинасының тарихы.
    Ең алғаш рет тігін машинасының жобасын XV – ғасырда Леонардо да Винчи ұсынған. 1755 жылы Карл Вайзенталь қол тігісін жүргізетін инесі бар машина ойлап тапты. 1834 жылы Уолтер Хант шөлмекті машина жасады. Ал 1850-1851 жылдары американдық Ален Уилсон мен Исаак Зингердің күшімен қазіргі замандағы машина түрлерінің негізі дүниеге келді.Зингер қол тігін машинасынан бастап, аяқпен жүргізетін қондырғыны ойлап тапты.Мұндай жағдайда тігіншінің екі қолы бос болуы аса ыңғайлы болды. Сөйтіп 1870 жылдан бастап АҚШ-та Исаак Зингер «Зингер» фирмасын ашты. Зингер тек қана өз елінде емес, сонымен қатар Ресейде де өз филиалын ашуды жөн көрді. 1900 жылы Ресейдегі Подольск қаласында “Зингер” зауытын ашты.Онда шетелден әкелінген машина бөлшектерінен тігін машинасын құрастырды.Бұрындары тек аяқ тігін машинасы мен қол тігін машинасы ғана шығарылған.Ал қазіргі заманға сай техниканың дамуына байланысты электрлі тігін машинасының түрлері көбеюде. Осылай әрдайым тігін машинасын шығарған сайын,оның конструкциясы да,дизайны да шыңдала түсті. Тігін машинамен тіккен тігіс қол тігісіне қарағанда, жылдам орындалады ,әрі сапалы, біркелкі түзу,мықты болады.Үйде тұрмыстық қол машинасын немесе аяқ машинасын пайдаланады.Тұрмыстық тігін машинасы механикалық және электрлі машина болып екіге бөлінеді.Мұндай машина түрлері тіке тігістен басқа ирек тігістерді де орындайды,сонымен қатар арнайы қондырғыларды қою арқылы әр түрлі операциялар жасайды.Ал электр тігін машиналары компьютердің көмегімен неше түрлі тігіс түрлерін орындайды. Мысалы, түзу тігістер,ирек тігістер,тор тігістер,түймелікті тігетін тігістер,кестелеу,ілмек жасау және т.б. Тігін машинасы 2-топқа бөлінеді. Электрлі тігін машинасы және механикалық тігін машинасы. Сонымен қатар тігін машинасының 4-түрі болады.1.Қол тігін машинасы.2.Аяқ тігін машинасы.3.Арнайы тігін машинасы.4.Электрлі тігін машинасы.


    Тігін машинасының түрлері (суретте)

    Тігін машинасының құрылысы

    1-шөрнек құрылғысы;
    2-басу табаны;
    3-мата жылжытқыш;
    4-жіптартқыш;
    5- жіп бағыттағыш;
    6- жеңқап;
    7- жіп орағышқа арналған өзек ;
    8-жіп орағыш;
    9- айналма дөңгелек;
    10-тігіс ұзындығын көрсеткіш;
    11- кері жүргіш тетігі;
    12-тегіс адымын реттегіш тұтқа;
    13-жеңқап тіреуі;
    14-тұғыр;
    15-жіп бағыттағыш;
    16-ысырмалы пластина;
    17- жіп оралған шөлмек;
    18 – шөлмектің бетін жапқыш.


    Тігін машинасының инесі (сурет)

    Ине – тігін машинасының ең маңызды жұмыс органы. Ине конструкциясын Америкада XIX ғасырдың 30 – жылдарында ойлап тапқан.

    Тігін машинасының инесінің құрылысы:

    1 – колба
    2 – қысқа және ұзын сызық ойық сызықшалары
    3 – алмас
    4 – көзі
    5- ұшы

    V. Жаңа материалдың алынғанын тексеру: (Флипчартта жасырын пердесімен жұмыс)
    1. XV – ғасырда Леонардо да Винчи тігін машинасының жобасын ұсынды.
    2. 1755 жылы Англияда Карл Вайзенталь бір жіпті тігін машинасын ойлап тапты.
    3. 1834 жылы Уолтер Хант шөлмекті машина жасады.
    4. 1870 жылы АҚШ-та Исаак Зингер «Зингер» фирмасын ашты.
    5. 1900 жылы Ресейде Подольск қаласында «Зингер» зауытын ашты.
    6. Тігін машинасы 2- топқа бөлінеді.
    7. Тігін машинасының 4- түрі болады.
    8. Ине тігін машинасының сол жақ бетінде орналасқан.
    9. Тігін машинасымен тігін тігушінің ара-қашықтығы 10-15 см болу керек.
    10. Қауіпті құрал-жабдықтар түрлері: тігін машинасы, ине, қайшы, үтік, пышақ.
    11. Тігін машинасына жарық сол жақтан түсуі керек.

    VI. Сабақты бекіту. Флипчартпен жұмыс
    Тігін машинасының құрылысын сәйкестендіріп, атауларын табу
    VII. Үйге тапсырма.
    1. Мата, ине, жіп, қайшы алып келу.
    2. Техника қауіпсіздігі ережелерін қайталау.
    Бағалау.
    Категория: Технология | Добавил: gulsan1978 (01.04.2014) | Автор: Қыдырмаева Гулсанат Кадиркановна E
    Просмотров: 5780 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/1
    Всего комментариев: 1
    1 Гульнар83  
    отличная разработка спасибо

    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024