В помощь педагогу.
Понедельник, 06.05.2024, 15:15
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Оцените мой сайт
    Всего ответов: 79
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » Технология

    Алжапқыш пен орамалды көктеп тігу
    Сабақтың тақырыбы: Алжапқыш пен орамалды көктеп тігу
    Сабақтың мақсаты:
    1. Оқушыларға алжапқыш пен орамалды көктеп тігу жолдарын үйретуде білімдерін қалыптастыру.
    2. Қол тігісі түрлерін орындатуда білім-білік дағдыларын дамыту.
    3. Көргендерін еске сақтап, оны қайта жаңғыртуға, әсемдікке, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
    Сабақтың көрнекілігі:
    Тігін машинасы, интерактивті тақта, компьютер, деңгейлік тапсырмалар, құрал-жабдықтар:мата,қайшы,ине,жіп,сантиметр,оймақ,буклет т.б.
    Сабақтың типі: Қайталау сабағы.
    Сабақтың түрі: Дәстүрлі
    I. Ұйымдастыру кезеңі:
    1. Оқушыларды түгендеу.
    2. Құрал-жабдықтарын тексеру.

    II. Үй тапсырмасы:
    1. Қол тігістерінің түрлерін ата?
    2. Тігін машинасы неше топқа бөлінеді?
    3. Тігін машинасының түрлерін ата?
    4. Тігін машинасымен тігін тігушінің ара-
    қашықтығы неше см болу керек?
    5. Тігін машинасына жарық қай жағынан түсуі
    керек?
    6. Қауіпті құрал-жабдықтардың түрлерін ата?
    7. Өлшемді өлшеу кезінде адамның қай жақ
    бетінен өлшейміз?
    8. Қайшының түрлерін ата?
    9. Алжапқыш пен орамалды қандай матадан
    тігеміз?
    10.Алжапқыш пен орамалды қай жерлерде
    қолданамыз?

    Қауіпті құрал-жабдықтардың түрлері (суреттер)

    III. Білімді тексеру:
    1. Алжапқыш пен орамалдың бөлшектерін ата?
    2. Қол инесімен тігілетін тігіс түрлерін ата?
    3. Тігін машинасымен тігілетін тігіс түрлерін ата?
    4. Алжапқыш пен орамалды қандай матадан тігеміз?
    5.Қайшының түрлерін ата?
    6.Алжапқышты қандай қайшымен қиямыз?
    7.Алжапқыш пен орамалды қай жерлерде пайдаланамыз?
    8.Алжапқыш пен орамалды қандай қол тігісімен тігеміз?
    9.Алжапқыш пен орамалды көктеу кезінде матаның шетін неше рет бүктейміз?
    10. Қол инесімен көктеп тігу кезіндегі техника қауіпсіздігі ережелерін атап айт?
    11. Қол инесінің жібі неше сантиметр болу керек?
    12. Алжапқыштың шетін неше сантиметр қайырып тігеміз?
    13. Досың ине сұрағанда қалай бересің?

    Орамалдың пішілген бөлшектері (суреттер)

    Алжапқыш пен орамалдың түрлері (суреттер)

    Қол тігістерінің түрлері (суреттер)

    IV. Жаңа материалдың алынғанын тексеру

    1.Көктеп тігу кезінде қол инесінің жібін 30-35 сантиметр сабақтаймыз.
    2.Қайшының түрлері: мата қиятын,қағаз кесетін,шаш қиятын,тырнақ алатын,шөп кесетін,қойды қырқатын т.б.
    3. XV- ғасырда Леонардо да Винчи –тігін машинасының жобасын ұсынды.
    4.1870 жылы АҚШ-та Исаак Зингер – “Зингер” фирмасын ашты.
    5.Алжапқыш пен орамалды ас бөлмесінде,тігін шеберханасында, шаштараз бөлмесінде т.б.жерлерде қолданамыз.
    6.Өлшем кезінде адамның сол жақ бетінен өлшейміз.
    7.Тігін машинасы 2 -топқа бөлінеді.
    8. Тігін машинасының 4 -түрі болады.
    9.Ине тігін машинасының сол жағында орналасқан.
    10.Тігін машинасымен тігін тігушінің ара-қашықтығы 10-15 см болу керек.
    11. Қауіпті құрал-жабдықтар түрлері: тігін машинасы, ине, қайшы, үтік, пышақ, алмас, түйреуіш, біз, ілмек біз.

    V. Жаңа материалды бекіту.
    Флипчартта көрсетілген сұрақтарға жауап беру (суреттер)
    Алжапқыштың бөлшектерін жасырын сурет арқылы табу

    VI. Үйге тапсырма.
    1. Мата, ине, жіп, қайшы алып келу.
    2. Техника қауіпсіздігі ережелерін қайталау.
    Бағалау.
    Категория: Технология | Добавил: gulsan1978 (02.04.2014) | Автор: Қыдырбаева Гулсанат Кадиркановна E
    Просмотров: 2749 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024