В помощь педагогу.
Понедельник, 06.05.2024, 23:57
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » Физика

    Заттың тығыздығы
    Пәні: Физика
    Сынып: 7Б
    Күні:
    Сабақтың тақырыбы: §24. Заттың тығыздығы
    Сабақтың мақсаты :
    а) білімділігі :Заттың тығыздығына жалпы түсініктеме беру және осы физикалық шаманы салыстырмалы түрде анықтау. Масса мен көлем берілгендегі заттың тығыздығын, тығыздық пен көлем берілгендегі заттың массасын, заттың массасы мен заттың тығыздығы берілгендегі көлемін анықтауға арналған формуланы есепте шығарта отырып, есептер шығаруға, эксперименттік есептер шығаруға пайдалана білуге үйрету. Болжамдарды дәлелдеу.
    ә) дамытушылығы : Формуламен жұмыс, жаңа өлшем бірлікпен танысу және есептер шығару.
    б) тәрбиелілігі: дүниетанымды қалыптастыру; құштарлыққа тәрбиелеу; адам баласының сезім мүшелері мүмкіндігінің шектеулілігіне қарамастан әлемді тануға болатындығына көз жеткізу; еңбекке, ынталылыққа және қиындықтарды жеңуге табандылыққа тәрбиелеу
    Сабақ түрі: түсіндірмелі-практикалық.
    Сабақ әдісі: дербес жұмыс (тест)
    Сабақ көрнекілігі: слайд, тест, карточкадағы есептер, таразы, гір тастар, әртүрлі көлемдері бірдей қатты денелер: алюминий,резеңке, ағаш заттар.
    Сабақтың барысы:
    І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:
    II. Үй тапсырмасын тексеру:
    III. Жаңа сабақ:
    IV. Бекіту
    V. Үйге тапсырма беру
    VI. Бағалау
    І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:
    Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау. Оқушыларды түгендеп, таңдаған денелер бойынша үш топқа бөлу.
    II.Үй тапсырмасын тексеру:
    Әр топқа жеке тапсырма беру
    I -топ
    1. Молекула дегеніміз -
    A. Заттың химиялық қасиетін бойына сақтаған ең кіші бөлшегі.
    B. Заттың құрамдас бөлшегі.
    C. Заттың ұсақ бөлшектері.
    D. Заттың химиялық элементтерінің қасиетін бойына сақтаған ең кіші бөлшегі.
    E. Дұрыс жауабы жоқ.
    2. Диффузия құбылысы дегеніміз -
    A. Бөлшектердің тез қозғалысы.
    B. Газдағы (сұйықтағы) бөлшектердің ретсіз қозғалысы.
    C. Қатты денедегі бөлшектердің ретсіз қозғалысы.
    D. Бөлшектердің баяу қозғалысы.
    E. Бөлшектердің ретсіз қозғалысы.
    3. Жылдамдықтың өлшем бірлігі қандай?
    A. м/с2
    B. м2/с2
    C. м2*с2
    D. м/с
    E. м2/с
    4.Дененің бастапқы орнымен сызғы орның қосатын кесіндіні не деп атайды?
    A. Орын ауыстыру
    B. Жел
    C. Тректория
    D. Нүкте
    E. Тректория мен орын ауыстыру
    5. Жылдамдықтың формуласы?
    A. t=S/V
    B. V= A /S
    C. S=V*t
    D. S=V/t
    E. V= S/t
    6. Материя дегеніміз -
    A. Тастар
    B. Ағаштар
    C. Өсімдіктер
    D. Табиғаттағы кез-келген зат
    E. Жануарлар мен адамдар.
    7.Физикалық шаманы көрсет:
    A. Жылдамдық
    B. Метр
    C. Найзағайдың ойнауы
    D. Телескоп
    E. Ағаш
    8. Жылдамдықтың өлшем бірлігін көрсет:
    A. км, см, м
    B. км/сағ, м/с, см/с.
    C. м3, см3, мм3
    D. сағат, минут, секунд
    E. км/сағ, см,см3
    9. Табиғаттағы құбылысты не зерттейді?
    A. Табиғат
    B. Физикалық құбылыстар
    C. астрономия
    D. Физика
    E. Механика
    10. «Физика» атауы нені білдіреді?
    A. Табиғат
    B. Адам
    C. Қоғам және техника
    D. Космос
    E. Жануарлар мен өсімдіктер
    II -топ
    Карточкамен жұмыс
    1. Денелердің өзара әрекеттесуі дегеніміз не?
    2. Мысалдар келтір
    3. Өзара әрекеттесу кезінде екі дененің жылдамдықтары қандай болады?
    4. Масса дегеніміз не?
    5. Массаны қандай әріппен белгілейміз?
    6. Массаны немен өлшейміз?
    7. Таразылардың қандай түрлері бар? ( желдің сәл лебін сезетін таразы, темір жол вагонының массасын өлшейтін таразы, электрондық таразылар, зертханалық таразылар)
    8. Массаның өлшем бірліктері
    III-топ
    Механиканың негізгі анықтамалыры
    № Физикалық атауы Физикалық белгіленуі Өлшем бірліктері Формуласы
    1 жол
    2 жылдамдық
    3 уақыт
    4 координата
    5 радиус
    6 масса
    7 көлем
    8 аудан
    III. Жаңа сабақ:
    І. Қызығушылықты ояту.
    1кг мақта ауыр ма, темір ауыр ма?
    а)m1=m2, V1> V2
    ә)m1>m2, V1= V2
    Дененің массасымен қатар,физикада заттың тығыздығы деген ұғым да енгізіледі.
    А) Табиғатты барлық заттар неше күйге бөлінеді?
    Б) Олардың бір-бірінен айырмашылығы неде?
    В) Қатты, сұйық және газды алатын болсақ, олардағы молекулалардың орналасуы әр түрлі. Олай болса, бірлік көлемге келетін заттың массасы әр түрлі, яғни тығыздығы әр түрлі.
    Бізді қоршаған денелердің барлығы қандай да бір заттан:ағаштан, темірден және тағы да басқа көптеген заттардан жасалған. Барлық денелердің өздеріне ғана тән пішіні, көлемі, ауданы, масасы болады.Қажет болған жағдайда, денелердің осындай сипаттамаларын өлшеулер мен есептеулер арқылы анықтай аламыз.Дененің массасын анықтау үшін оны таразыға тартып өлшейміз.Дененің массасы оның өлшеміне және қандай заттан жасалғанына байланысты. Әр түрлі заттардан жасалған денелердің массалары түрліше болады.
    Заттардың тығыздығын білу өте маңызды. Тығыздық ұғымы ауыл шаруашылығында, техникада құрылыста қолданылады:
    Ертеде ұшақтар алюминийден, болаттан жасалған және ауыр болған
    Қазіргі кезде ұшақтар титаннан жасалған және жеңіл.
    Заттардың тығыздығын мензуркаға су құю арқыл көлемі мен массасын анықтау арқылыда жүзеге асыруға болады.
    қатты Пішінін мен көлемін сақтау – қатты денелерге тән қасиет.
    Аққыштық, көлемін сақтау және пішінін оңай өзгерту – сұйыққа тән қасиет.
    Газдың тұрақты көлемі мен пішіні болмайды. Олар берілген көлемді түгелдей алады.
    Сонымен,заттың тығыздығы дегеніміз-сол заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шама.
    тығыздық = масса .
    Заттың тығыздығы деп сол заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шаманы айтады. Көлем бірлігіндегі заттың тығыздығына тең физикалық шама заттың тығыздығы деп аталады.
    ρ -заттың тығыздығы (ρο)
    m-заттың массасы
    V-заттың көлемі
    1м3 көлемдегі массасы 1кг болатын заттың тығыздығы.
    Осы өрнекке кіретін шамаларды әріптермен белгілелік: m — дененің массасы, V — дененің көлемі, ρ — дененің тығыздығы ( ρ — грек әрпі “ро”). Сонда тығыздықты есептеуге арналған формуланы мына түрде жазуға болады: СИ жүйесінде тығыздық бірлігі килограмм метр куб (1 кг/м3). Практикада заттың тығыздығын сондай-ақ грамм сантиметр кубпен (г/см3) өрнектейді. Осы бірліктердің арасындағы байланысты тағайындау үшін мынаны ескереміз:
    1 г = 0,001 кг, 1 см3 = 0,000001 м3.
    Сондықтан
    1 г = 0,001 кг = 1000 кг .
    см3 0,000001 м3 м3
    1 г/см3 =103 кг/м3 ; 1 кг/ м3 = 10-3 т/м3
    Қосымшадағы 6-7-8 кестелерде кейбір заттардың тығыздықтары берілген.Қатты денелердің ішіндегі тығыздығы ең көбі қайсысы екен? ( Платина)
    Ал, сұйықтардың ішіндегі ең тығыздығы көбі ше? (Сынап)
    Мыс: Кірпіштің тығыздығы 1,8*103 кг/м3 , өлшемі V = 0,25м* 0,12м*0,65м=0,002 м3, онда m= ρ * V , m= 1,8*103 *0,002 м3 =3,6 кг
    Эксперименттік тапсырма
    1. Әр қатарға көлемдері бірдей таңдау бойынша алюминий, резеңке, ағаш беріледі.
    2.Өздеріңе берілген заттың массасын анықтаңдар.
    3.Дене әр түрлі заттардан жасалған. Осы денелердің көлемін сызғышпен өлшеу арқылы анықтаңдар?
    4. Алынған нәтижелер арқылы заттардың тығыздығы формуласының орныны қойып, денелердің тығыздығын анықтаңдар?
    IV. Бекіту Енді осы кестелерді пайдаланып, есеп шығарып көрейік:
    І -топқа1) Өлшемдері 1м*0,8 м*0,1 м мәрмәр тасының массасын анықтаңдар.
    Бер: Талдау Шешуі:
    V=0,08м3 m= ρ * V m= 2700*0,08 = 216 кг
    ρ =2700 кг/м3
    m=?
    ІІ -топқа
    2) Ішіне 50 т мұнай сиятын болуы үшін цистернаның көлемі қандай болуы керек?
    Бер: Талдау Шешуі:
    m= 50т=500000кг V = m/ ρ V = 50000/ 800 = 6 2,5 м3
    ρ =800 кг/м3
    V =?
    ІІІ-топ
    1) Өлшемдері 1м*0,8 м*0,1 м мәрмәр тасының массасын анықтаңдар.
    Бер: Талдау Шешуі:
    V=0,08м3 m= ρ * V m= 2700*0,08 = 216 кг
    ρ =2700 кг/м3
    m=?
    Логикалық тапсырма
    Ыдысқа бір –бірімен араласпайтын керосин және су құйылған. Араластырғаннан кейін олар қалай орналасады.
    V. Үйге тапсырма беру.
    §24.105-бет; №9-жаттығу 107-бет
    VI. Бағалау
    Категория: Физика | Добавил: azik (21.01.2015) | Автор: ДЖуманазарова Турсын Бекмурзаевна E
    Просмотров: 1976 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 1
    1 arhatkz  
    Сабағыңыз мағыналы, түсінікті жазылған

    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024