В помощь педагогу.
Вторник, 07.05.2024, 22:34
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Оцените мой сайт
    Всего ответов: 79
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » Начальная школа

    елбасы мұраты-ел бақыты
    Елбасы мұраты-ел бақыты.
    Тәрбие сағатының мақсаты:
    Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алатын, Отанын сүйетін, әдет-ғұрпын құрметтейтін ел азаматын тәрбиелеу.
    Тәрбие сағатының әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын.
    Тәрбие сағатының түрі: саяхат сабақ.
    Көрнекі құралдар: суреттер, слайд, сөзжұмбақ, карта, кластер.
    Тәрбие сағатының тақырыбын ашу: ойын сөзжұмбақ шешу –« Елбасы».
    -Елбасы кім?
    1-желтоқсан қандай мейрам?
    1991-жылы 16-желтоқсанда Қ.Р. Президенті сайлауы өтіп, Н.Ә.Назарбаев сайланды. 1-желтоқсан-тұңғыш Президент күні болып белгіленуі көрсетіліп отырған орынды құрмет. Тұңғыш Президентіміз қайда барса да, қандай мәртебелі орындарда сөйлесе де бір ғана саясатты ұстанумен келеді. Ол –халқым аман, бейбітшілікте, бірлікте болсын деген бір ғана мақсат.
    -Бүгінгі тәрбие сағатымызда «Ел тарихына саяхат» жасап Елбасы туралы мағлұмат аламыз.
    1-аялдамамыз: «Ғұмырнама». Бұл аялдамада Елбасының өміріне қысқаша шолу жасайық.
    1-оқушы: Ділназ
    1940 жылы 6-шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Әкесінің аты -Әбіш, анасының аты-Әлжан.
    2-оқушы: Жан.
    Сәбиге ат қоюдың өзі хикаяға айналды. Тойға жиналған туыстары түрлі есімдер айтты. Ең ақырында әжесі-Мырзабала «менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін»-деп Нұрсұлтан есімін қояды.
    3-оқушы: Тахмина
    Нұрсұлтан өз әкесінің ешқашан қол қусырып қарап отырмағанын көріп, оған үнемі көмектесуге ұмтылды. Үйде, бақшада, алма бағында әкесінің жанында картоп пен алма өсіруге көмектесті.Нұрсұлтан мал бағумен айналысты. Әкесімен тауға барып шөп шапты.
    4-оқушы: Ердос
    Мемлекеттік жоғарғы қызмет бос уақыт қалдыра бермейді. Алайда жұмыс арасында үзілістерді Нұрсұлтан өзі үшін сүйікті істеріне арнайды. Ол –табиғат аясында демалуды, спортпен шұғылдануды, музыка тыңдауды, кітап оқуды ұнатады.

    5-оқушы: Ақмарал
    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз қызметі кезеңіндегі маңызды деген оқырманның зор қызығушылығын тудырған кітаптары бар. Олар : «Жүз жылға татитын 10 жыл», «Ғасырлар тоғысында», «Бейбітшілік кіндігі», «Қазақстан жолы», «Тәуелсіздік белестері», «Ой бөлістім халқыммен», «Тарих тағылымдары және қазіргі заман».
    6-оқушы: Камила
    Мемлекет басшысының қызметінің көлемі кең және көп қырлы. Ол саясат және мемлекеттік басқару салаларымен ғана шектеліп қоймайды. Нұрсұлтан: Ұлт көшбасшы, Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы, Дүние жүзі қазақтар қауымдастығының төрағасы.
    Түйіндеу. Елбасы туралы не білдік? Кластер.


    Тәуелсіздік алған күнімізге дейінгі өткен өмір жолымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры тарихы бар. Осы жылдарды ой елегінен өткізіп, өткен жолымызға, жеткен жетістіктерімізге үңілу өскелең ұрпақ үшін тағылымы мол сабақ болуы сөзсіз.
    2-аялдамамыз: «Шежіре»-слайд.
    Сұрақтар.
    -Н.Ә.Назарбаев елбасы болып қай жылы сайланды? \1991-ж, 1-желтоқсан\.
    -Тәуелсіздік туралы заң қай жылы қабылданды? \1991-ж, 16-желтоқсан\.
    -Президент мектебі Астанада қай жылы ашылды? \2009ж\
    Сергіту сәті.
    3-аялдамамыз: «Астана».
    Әсем қала Астанамызды тамашалайық.
    Сұрақтар: -Астанамыздың қандай сәулетті жерлерін көрдік? \спорт сарайы, бәйтерек, ақорда\
    4-аялдама: «Кел ойнайық».
    Ойын « Ойы жүйрік – ойланады!»
    Оқушыларды екі топқа бөлу.
    1-топ: «Алғырлар» 2-топ «Тапқырлар».
    1-тапсырма: «Сиқырлы әріптер».
    «Қазақстан»- сөзінен бірнеше сөз құратыру.
    2-тапсырма:
    Мың бір мақал «Отан, ел, туған жер» туралы.

    а\ Отан –елдің анасы ә\ Туған жердей жер болмас
    Ел –ердің анасы. Туған елдей ел болмас.

    б\ Ел іші-алтын бесік. в\ Ел елдің бәрі жақсы,
    Өз елің бәрінен де жақсы.
    г\ Отансыз адам- ормансыз бұлбұл.

    д\ Отан-оттан да ыстық.

    3-тапсырма: Сұрақ-жауап: «Кім шапшаң?».
    Мемлекеттік әнұранның сөзін жазғандар кімдер? Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
    Тудың түсі қандай, не бейнеленген?
    Тәуелсіздік күні қай күн?
    Біз қай облыста тұрамыз, орталығы қай қала?
    -Балалар енді өз қаламыз Өскемен қаласына саяхат жасап қайтайық.
    5-аялдама: «Алтын бесік»-слайд «Өскемен қаласы» \аймақтық компонент\.
    -Балалар Отан, туған жер, ел туралы өлеңдер білесіңдер ме?
    6. Оқушылардың Отан туралы өлеңдерін оқу.
    1-оқушы:
    Қазақ елі желбіреп көк байрағың.
    Гүлге оранды ауылың мен аймағың.
    Нұрсұлтаның биіктерге бастады,
    Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағың.
    2-оқушы:
    Әйгілісің әуенімен әлемге,
    Әнұраным пәктігіңді дәлелде,
    Қазағыма қайсар шабыт бергенде.
    Ұран болып айтыла бер әр елде.
    3-оқушы:
    Гүлдердің ертемен
    Қауызын ашқанын,
    Көктемнің көкпеңбек,
    Мөп-мөлдір аспанын.
    Таулардың қол жетпес асқарын,
    Ұнатам бәрін де,
    Өйткені ол-Отан,
    Ұлы Отан
    Бәрін де, бәрін де ұнатам,
    Өйткені ол-Отан, Ұлы Отан.
    4-оқушы:
    Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
    Ағынды өзен,асқар тау, гүлін сүйем.
    Мен оның қасиетті тілін сүйем,
    Мен оның құдіретті үнін сүйем,
    Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған.
    Бәрі маған «Отан » деп сыбырлаған,
    Жаным менің кеудемді жарып шық та,
    Бозторғайы бол оның шырылдаған.
    Отан,Отан бәрінен биік екен.
    Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
    8. Қорытындылау.
    «Менің өз Отаныма қосар үлесім»-оқушылар өз ойларын жапыраққа жазып ағашқа әкеліп жапсыру.
    .
    Категория: Начальная школа | Добавил: erdos (05.04.2014) | Автор: Лейла E
    Просмотров: 1177 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 3
    3 888777  
    Тәрбие сағат өте жақсы құрылған,Отанын сүйетін, әдет-ғұрпын құрметтейтін ел азаматын тәрбиелеуге бағытталған.Шығармашылық табыс тілеймін!рахмет!

    2 dma  
    Сәлеметсиз! Тәрбие сағатыңыз ұнады және өзіме көшіріп алдым, қолдануға дұрыс деп таптым. Көп рахмет!

    1 Гукали  
    Құрметті, әріптес! Сізге шығармашылық табыс тілей отырып, бөліскен тәрбие сағатыңызға алғысымды білдіремін!

    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024