В помощь педагогу.
Суббота, 27.04.2024, 21:58
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » Начальная школа

    К дыбыс мен әрпі
    Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы
    «№3 жалпы орта білім беретін мектеп-кешені» КММ
    Бастауыш сынып мұғалімі
    Кутешова Жадыра Серикалиевна

    Сауат ашу
    Тақырыбы: К к дыбысы мен әрпі
    Мақсаты:Дауыссыз К дыбысы мен әрпі туралы білімдерін пысықтау.
    Мәтінді мазмұнын ашу.
    Сабақтың міндеттері:
    1.К дыбысы бар сөздерді сөздерді оқи, жаза білуге үйрету. Мәтінді оқи отырып, талдау жасау.
    Оқушылардың сөздік қорын дамыту, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту.
    Ой — өрістерін кеңейту.
    3. Кітап оқуға, кітапты құрметтеуге шақыру. Білімділікке, тәрбиелілікке баулу.
    Сабақтың әдісі: түсіндіру, ой қозғау, ой қорыту, талдау, жинақтау.
    Сабақтың көрнекілігі:суреттер, плакат,мәтін жазылған парақ.
    Сабақтың түрі: Аралас сабақ
    Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
    Сабақтың ұраны: «Оқу – білімде,
    Білім — кітапта»
    ІІ. Өткен сабаққа шолу
    - Өткен сабақта қандай дыбыспен, әріппен таныс болдық?
    - К дыбысымен, әрпімен.
    Сөздік диктант
    Кеме, кесе, терек, шелек, мереке, береке, кебеже, текемет.
    - «Кеме» мәтінін тізбектеп оқимыз. Мәтінді талдау.
    ІІІ. Жаңа сабақ
    1.Ой қозғау . Көбелек өлеңін оқу.
    Қызыл, сары, қоңыр, көк
    Алуан-алуан көбелек
    Торға түсіп қалмашы,
    Торғайға жем болмашы.
    К дыбысы бар сөздерді табу.
    2. «Сөз ойла, тез ойла!» ойыны (Сөздер ойлай отырып, к дыбысының орнын анықтату)
    К – дауыссыз дыбыс. Сөздің барлық буынында кездеседі.
    3. «Сауатты оқып дағдылан!»
    ► Бағандағы жаңа сөздерді оқып таныстыру, мағыналарын түсіндіру.
    Кесте кептер кеше еңбек
    кеспе керуен кешен кетпен
    ► Сөздерді оқушыларға оқыту
    4.« Дәптермен жұмыс Дыбыстарды анықта!» (дыбыстық талдау жасау)
    ► кебек, керек, кесек, кеуек.
    5. Мәтінмен жұмыс
    ► «Спорт алаңы» мәтінін оқып түсіндіру
    ► Оқушыларға тізбектей оқыту
    ► Мазмұнын сұрау
    Сергіту сәті
    Қанатымызды жаямыз,
    Көбелек боп ұшамыз.
    Жұпар иісі аңқыған,
    Гүлге келіп қонамыз.
    6.«Сен білесің бе?»
    ► Дүние жүзіндегі ең кішкентай құс – колибри
    ► Мүлдем ұя салмайтын құс – көкек
    ► Дүние жүзіндегі ең үлкен балық – көк кит
    ► Хат таситын құс – кептер
    7.Сызбасын сал.
    - Анау не?
    - Ол – кептер.
    - Ол қайда отыр?
    - Ол шатырда отыр.
    - Бұл не?
    - Бұл – текемет.
    - Ол қайда жатыр?
    - Ол еденде жатыр.
    8. «Білгенге маржан»
    - Жыл мезгілдері нешеу?
    - Жыл мезгілдері төртеу.
    - Солардың ішінде к дыбысынан басталатын мезгіл бар ма?
    - Көктем, күз.
    - Олай болса, осы екі мезгіл туралы әңгіме өрбітейік
    9. Бекіту сұрақтары:- К дыбысы қандай дыбыс?
    - Сөздің қай жерінде кездеседі?
    - Қандай мәтінмен таныстық?
    - Онда не туралы айтылған?
    - Бүгін тағы не білдік?
    ІУ. Қорытындылау. Мадақтау.
    10.Мақалдың мағынасын ашу. «Кітап – білім бұлағы,
    Білім — өмір шырағы»
    (Кітапты құрметтеуге, күтіп ұстауға тәрбиелеу. Кітап оқуға, кітапханамен байланысуға шақыру)
    Категория: Начальная школа | Добавил: zhkc (15.11.2014) | Автор: Кутешова Жадыра Серикалиевна E
    Просмотров: 1840 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024