В помощь педагогу.
Пятница, 26.04.2024, 18:47
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Оцените мой сайт
    Всего ответов: 79
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » Начальная школа

    "Нашар көрші "
    Сыныбы: 2 сынып
    Пәні: Әдебиеттік оқу
    Тақырыбы: Нашар көрші
    Мақсаты: Шығарманы түсініп оқып,өмірмен байланыстыра әңгімелеу, адамдар арасындағы қарым-қатынастың әртүрлілігін байқауға мүмкіндік беру.
    Міндеті: 1. Шығармадағы негізгі ойды оқушыларға ұғындыру.
    2. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы ойлауын, сөйлеу тілін дамыту.
    3. Өз ойын қорыта білуге, сыни тұрғыдан ойлауға бейімдеу.
    Күтілетін нәтиже: А.Мәтін мазмұнындағы кейіпкерлер бейнесі арқылы оның идеясын ашады.
    Ә.Шығармашылық тапсырмалар арқылы бала қиялы, жазу мәдениеті дамиды.
    Б.Адам бойындағы жақсы қасиеттерді көре,байқай біледі.Сыни тұрғыдан ойлауға машықтанады.
    Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
    Сабақ түрі: Аралас сабақ .
    Сабаққа кіріктірілген модуль: 1.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен және оқу.
    2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.3.Оқыту үшін бағалау және оқуды
    бағалау.4.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
    Әдіс-тәсілдер: Сыни ойлау стратегиялары, диалог, топтық,жұптық жұмыс.
    Керекті жабдықтар: Интерактивті тақта, слайдтар ,плакат,маркер
    Сабақтың барысы:
    Сабақ кезеңдері: Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
    Ұйымдастыру кезеңі
    3 минут
    Ынтымақтастық
    атмосферасын қалыптастыру

    Бағалау критерийі «Көңілді күн» тақырыбында видеоролик көрсету.

    Түстер арқылы топқа бөлемін.

    Бағалау критерийін таныстырып, тақтаға ілемін.

    Оқушылар видеороликтегі балалардың іс-қимылын қайталайды.
    Оқушылар топтарға бөлінеді.

    Оқушылар бағалау критерийімен танысады.
    Үй тапсырмасын тексеру
    5 минут
    «Не айтар едің?» әдісі Үй жұмысын «Не айтар едің?» әдісі бойынша сұраймын. Жауап берген топты формативті түрде ауызша бағалап отырамын.
    1-топ: «Дәрменсіздік» сөзі
    2-топ: «Қатігездік» сөзі
    3-топ: «Ұялу» сөзі
    4-топ: «Түйін сөз» сөзі Оқушылар «Не айтар едің?» әдісі бойынша топқа бөлінген кезде құрастырған сөздері бойынша өз ойларын айтады.
    Қызығушылықты ояту
    5 минут
    «Биопоэма» әдісі

    «Биопоэма» әдісі арқылы сауалнама жүргізуді ұсынамын.
    Көршіңнің есімі:
    Сипаттайтын 1 - 2 қасиеті:
    Болашақтан күтетіні:

    Көрші туралы оқушылардан білетіндерін сұрап өтемін. Оқушылар алдымен жеке, содан соң жұптаса отырып бір-бірімен сауалнама жүргізеді.

    Оқушылар көрші туралы өз пікірлерін ортаға салады.
    Мағынаны тану
    15 минут
    «Оза оқу» әдісі

    «Араласып кеткен оқиғалар» әдісі

    Дәптермен жұмыс
    Сөздікпен жұмыс

    «Қарлы кесек» әдісі

    «Оза оқу» әдісі бойынша «Нашар көрші» мәтінін үйден оқып келуге тапсырған болатынмын.

    «Араласып кеткен оқиғалар» әдісі бойынша мәтінді бір бет қағазға теріп алып, бірнеше бөлікке (бөлімдер бойынша) бөліп, оқушыларға беремін.

    Сөздікпен жұмыс:
    Тарихи шығарма- өткен өмір туралы жазылған шығарма.
    Борыштымын- қарыздармын.
    Мұра- артына қалдырған дүние - мүлік.
    Қайырымдылық қоры- жетім-жесірлерге көмектесу үшін ақша немесе заттар жинайтын қор.
    Менмен көзқарас- менсінбей, паңдана қарау.

    Оқушыларға мәтін мазмұны бойынша сұрақтар беремін.
    -Көршінің неліктен «нашар көрші» атанғанын қалай түсіндіресіңдер?
    -Нағашысының Тәкекеннің әкесіне берген тәрбиесі туралы не айтуға болады?
    -Көршісі қайтыс болғанда Тәкеннің әкесі неліктен жылады?
    -Көрші шынында қандай адам болған еді?
    Оқушылар мәтінді үйден оқып дайындалып келеді.

    Әр топ сол қиындыларды дұрыс орналастыру үшін, оқушыларға әр бөлімді түсініп оқулары керек болатын. Соңынан оқушы тізбек бойынша мәтіннің мазмұнын айтып шығады.

    Сөздікті дәптерлеріне жазып алып, жаңа сөздердің мағынасымен танысады.

    Оқушылар топта ақылдаса отырып сұрақтарға жауап береді.
    Ойтолғаныс
    8 минут
    «Рөлдегі оқушылар»
    әдісі Төрт топқа тапсырма беремін. Әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындайды.
    1-топ: «Бейнелеуші-суретшілер» - кейіпкердің мінезін суреттейді.
    2-топ: «Жазушылар»- кейіпкердің атынан хат жазады.
    3-топ: «Мақалшылар» -көршімен арадағы қарым-қатынас туралы мақал айтып, мазмұнын ашады.
    4-топ: «Дәнекерлер» - «Нашар көршінің» бойындағы қасиеттерді өмірдегі адаммен байланыстырады.
    Бағалау
    5 минут
    Өзін-өзі бағалау, өзара бағалау. Оқушыларға өздерін бағалауды ұсынамын. Бағаның нақты және әділ болуын қадағалаймын. Оқушылар бүгінгі атқарған жұмыстарын ескере отырып, сабақ барысында жинаған балдарын санап, оны бағаға айналдырады.
    Үйге тапсырма беру
    2 минут Мінезі «нашар көршіге» ұқсайтын бір досын бейнелеп жазуды тапсырамын. Оқушылар үй жұмысын күнделіктеріне жазып алады.
    Кері байланыс
    2 минут Оқушыларға кері байланыс сұрақтарын қоямын:
    -Бүгінгі сабақ сізге ұнады ма?
    -Өз жұмысыңа көңілің тола ма?
    -Сабақты қаншалықты түсіндің? Оқушылар өз ойларын ай арқылы көрсетеді.
    Толық ай – сабақты толық түсіндім, өз жұмысыма көңілім толады, бүгінгі сабақ ұнады.
    Жарты ай - мен сабақты толық түсінбедім, өз жұмысыма көңілім толмайды, бүгінгі сабақ қызық болмады.
    Жаңа ай – мен сабақты мүлдем түсінбедім, бүгінгі сабақ ұнамады.
    Категория: Начальная школа | Добавил: Алтын2211 (16.05.2016) | Автор: Султекенова Алтынгуль Кариевна
    Просмотров: 777 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024