В помощь педагогу.
Пятница, 26.04.2024, 13:09
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Оцените мой сайт
    Всего ответов: 79
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » Начальная школа

    Біздің еліміздегі ғажайып көрме
    Тақырыбы: «Біздің еліміздегі ғажайып көрме»
    Мақсаты: ЭКСПО көрмесі туралы мәлімет бере отырып білімдерін тереңдету, көрменің біздің еліміз үшін қажеттілігі мен маңыздылығы туралы білім қалыптастыру. Қоғамдағы өзгерістер мен жаңалықтардан тыс қалмауға, шығармашылыққа баулу. Отан ына деген сүйіспеншілігін арттыра отырып жеткен жетістіктеріне мақтаныш сезімін ояту.

    Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу, еңбекке баулу.
    Көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты суреттер, бейнероликтер, тақырыпқа байланысты түрлі тапсырмалар, таныстырылым.
    Барысы:
    Қыран құс, күн, қазақстан жалауы суреттер бойынша топқа бөлу.

    Қызығушылығын ояту:
    Оқушыларға сұрақ қою:
    1. Біз қай елде тұрамыз?
    2. Біздің республикамыз қалай аталады?
    3. Елбасымыз кім?
    4. Қазақстан Республикамыздың астанасы қай қала?
    5. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата?
    Оқушылар сурет қиындыларының артына жазылған сұрақтарға жауап бере отырып «Экспо-2017» көрмесінің эмблемасын құрастырып шығарады.
    - Бұл суретте не бейнеленген? Оқушылардың ойын тыңдау.
    Мұғалімнің түсіндірмесі:
    - Тәуелсіздігімізді алғаннан бері еліміз Елбасының бастауымен экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс - шаралардың өтуіне ұйытқы болып келеді. Осындай істердің жалғасы ретінде Қазақстан ЭКСПО - 2017 көрмесін өткізу құқығын жеңіп алды. Астана ұсынған көрменің тақырыбы "Болашақтың энергиясы" деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және "жасыл" технологияға арналған.

    Мағынаны тану: Топтарға сұрақ қою.
    - Балалар, ЭКСПО дегеніміз не?
    - Оның мақсаты қандай?
    - Оның біздің елімізге қандай пайдасы бар?
    - Балалар экспо деген сөздің мағынасын білесіздер ме? Қане кім айтады екен?
    «Экспо» деген не?
    Ол көрме. «Экспо» деген сөздің өзі «көрме» дегенді білдіреді. Бірақ Экспо жай көрме емес, бүкіләлемдік көрме. Оның World Expo деп аталатыны да сондықтан. Ауқымы жағынан бұл шараны тек Олимпиада ойындарымен салыстыруға болады. Әлем елдерінің ғылымдағы, өндірістің сан саласындағы жетістіктері осы көрмеге қойылады. Жаңа ғасырдың көптеген көкейкесті мәселелері талқыланатын, ғаламшар экологиясын жақсартуға қатысты ұсыныстар айтылатын жер де – осы көрме.
    Топтарға мәтін таратып беру.
    «қалпына келтіру» әдісі бойынша мәтін бөліктерін құрастыра отырып оқиды.
    Дамыған елдер соңғы бір жарым ғасырдан бері бір - біріне жетістіктерімен мақтанып, табыстарын таразылап қою үшін өзара бас қосып, барын базарлап отыруды дәстүрге айналдырып келеді. Бұл дәстүр ел арасында халықаралық көрме немесе "ЭКСПО" деп аталады ЭКСПО" атауы – өзінің аты айтып тұрғандай, "экспонат" деген сөзден шыққан. Қазақшаласақ, жәдігер болады, яғни ол – жер жүзін мекендеген барша халықтардың өмірдің түрлі саласында қол жеткізген жетістіктерін, жәдігерлерін көрсететін алаң. Онда ЭКСПО - ның кезекті таңдаған тақырыбына орай жұрттың бұрынғы - соңғы жеткен жетістіктері көпшілік назарына ұсынылады. Жалпы, ЭКСПО көрмесінің екі түрі бар. Оның бірі - халықаралық әмбебап көрме. Ол бес жылда бір рет өткізіледі. Келушілер көрмеге қойылған экспонаттарды алты ай бойы тамашалай алады. Екіншісі - халықаралық мамандандырылған көрме. Ол белгілі бір тақырыпқа арналып, 2 - 2, 5 жылда бір рет өткізіледі. Мерзімі – үш ай. Қазақстанның әлем елдері үшін өткізетіні – екіншісі. Мамандандырылған халықаралық көрменің өтетін уақыты 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегінің аралығы деп белгіленді. 2012 жылғы 22 қарашада Халықаралық көрмелер бюросына мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана жеңіске жетіп, ЭКСПO - 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын ретінде таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. ЭКСПО - 2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ. Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады. Оған әлемнің 100 - ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатыса алады. Көрмеге 2 миллионнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр.

    - Иә, балалар, бүгін сіздер көрме туралы біршама мәлімет алатын боласыздар.
    Халықаралық көрмелер тарихы туралы жинақтаған мәліметтерге назар аударайық.

    "ЭКСПО тарихы " таныстырылым көрсету

    Ой толғаныс:
    Ал енді, балалар EXPO-2017 көз алдыларыңызға қалай елестетесіздер, соны қағаз бетіне түсіріп, талдау жасап беріңіз.
    Рефлексия
    Оқушыларға сабақтың басында топқа бөлуге ұсынылған суреттерге бүгінгі сабақ жөнінде өз ойларын білдіріп, тілек жазу ұсынылады.(қыран құс, күн, қазақстан жалауы )
    / оқушылар тапсырма орындап отырған уақытта қатысып отырған ұстаздарға көрме туралы бейнеролик қосып қоямын/

    Сыныппен бірге “Көк тудың желбірегені” әнімен аяқталады.
    Категория: Начальная школа | Добавил: Мака (12.05.2017) | Автор: Бейсенбаева Марал Тлеугалиевна E
    Просмотров: 540 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024