В помощь педагогу.
Пятница, 26.04.2024, 13:37
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Оцените мой сайт
    Всего ответов: 79
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » Уроки музыки

    Оқушыларға ұлттық өнердің құдіреттілігін таныту арқылы тәрбие беру.
    Ұрпақтан- ұрпаққа тараған қазақ халқының өнері негізгі төрт санаттан тұрады: Шертпелі домбыра, үрмелі сыбызғы, дауылпаз және қобыз.
    Қобыз – ерекше саналатын көне аспап, оның тынысы кең, адам дауысына ұқсаған сырлы сазы құлаққа тиісімен – ақ жан дүниеңді тебірентіп, жүрек қылын шертеді. Қобызда орындалатын күйлердің сазында, елін, жерін қорғаған баатырлардың қажырлы ерлігін паш етеді. Теңсіздік заманда сүйгеніне қолы жете алмаған қалыңдықтардың мұңы, шаттыққа толы лирикалық әуендер, бұлбұлдай сайраған құстардың әсем үндері тыңдаушыларын ерекше сезімге бөлейді.
    Басқа өркениетті елдермен тереземіз тең болу үшін терең мағыналы, кең ауқымды «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген мақал тегін айтылмағаны жөнінде ойланған артық емес. Егеменді елдің ертеңі – оқу-біліммен өнегелі тәрбиемен өлшенеді.
    Бала болашағы – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның, халықтың, тұтас бір ұлттың бүгінін ертеңмен жалғайтын алтын көпір – асыл мұрат.
    Әр отбасында дүниеге келген сәби, өсіп жатқан жас буын, ата-анасының ғана емес, туған елінің ертеңі арқасүйер азаматы, төл ұрпақтың дені сау болып өсіп, уақытында білім алып, жүрек қалауы мен еңбекке араласып, туған Отанына қызмет етуіне қамқор болу бір ғана ата-ананың емес, қоғамның, оны басқаратын мемлекеттің биік борышы, абыройлы міндеті екені даусыз.
    Бүгінде еліміздің мектептерінде тәрбиеленіп жатқан оқушылардың арасынан болашақ небір майталман өнерпаздар, әншілер, күйшілер, ақындар, қайраткерлер бір сөзбен айтқанда талай-талай мамандық иелері шығуы әбден ықтимал.
    «Бұлақ көрсең – көзің аш» демекші, солардың бойындағы әлі бүршік жармаған небір адами қасиеттерін ерте бастан байқап, жақсы нышандарға қарай баулу ең алдымен ата-ана мен тәрбиешілердің сезімталдығы мен ізденімпаздығына көп байланысты.
    Сол тәрбиенің бір саласы – музыкалық-эстетикалық тәрбие. Музыкалық-эстетикалық тәрбие дегеніміз – сұлулықты, көркемдікті сездіртіп үйрету, сондай сұлулық пен көркемдікті тек көріп қана қоймай өз бойына қалыптастыра білудің әдет-дағдыларын меңгеру.
    Эстетикалық тәрбие мектеп жасындағы оқушылардың әсемдікті қабылдап, сезіну және түсіну, сондай-ақ сұлулықты тек көріп қана қоймай өз бойына сіңіре білуді әдет-дағдыларына айналдыру. Осы маңызды міндетті орындау үшін оқушының жалпы музыкалық қабілетін дамыту керек.
    Бірінші мақсат музыкалық шығарманың, яғни қобыз күйінің сипатын сезіну, естігеніне бірге қуану не күйіну, музыкалық бейнені түсіне білу. Күй оқушыларды толғандырады.
    Екіншіден оқушының тыңдау қабілеттерін арттыру, неғұрлым жарқын және түсінікті әуендік құбылыстарды салыстыруға, баға беруге баулу. Қобыз күйлерін өзінше сипаттауға, қабылдауға үйрету. Мұның өзі ең қарапайым әуендік дыбысты тыңдап, ести білу мәдениетін, кейбір бейнелеу құралдарына ден қойып, еркін тыңдау қабілетін ояту. Мысалы, оқушылар музыкалық дыбысты ең қарапайым қасиеттерін (қобыз бен домбыраның дыбысын ажырата білу), музыканың ең қарапайым құрылымын (күйдің бастамасын, қарама-қарсы сипаттағы күйдің бастамасының биязы жұмсақ орындалатынын), орындалу айырмашылығын байқайды. Бара-бара оқушылардың өздері бар ынтасымен тыңдайтын және орындайтын сүйікті шығармаларының қоры жинақталады, музыкалық талғамдарының алғашқы негіздері қаланды.
    Үшіншіден оқушы музыканы тыңдай отырып, күйді, ойынды, көркем кеіпкерлерді, биді көз алдына елестете отырып өзінше қабылдайды. Мысалы, оқушы салтанатты адымдап келе жатқан сарбаздарға, маң-маң басқан аюдың, аққу қиқуы, қасқыр ұлуына т.б. бейнелі қимылды іздейді, өзі орындайды.
    Қобыз күйлері оқушы сезімдеріне тікелей әсер ете отырып адамгершілік бейнесін қалыптастырады, жалпы бейімдеушіліктің дамуына қарай оқушылардың әуенге деген әсерлі көзқарасы қалыптасып, есту қабілеті жетіле түседі, шығармашылық елестету сезімі пайда болады. Оқушыларды мазмұны әр түрлі шығармалармен таныстыра отырып, біз оларды қосыла әсерленуге баулимыз. Мысалы, Қорқыттың «Сарын», «Елім-ай» күйлері арнайы тақырыптарға арналып жазылған болса, олардың мазмұны әр түрлі. Жаугершілік заманда Қорқыт күйі халқына дем беріп, ықылас танытқан. Ықылас күйлерін тыңдатқан кезде оқушылардың күйден алатын әсерлері жеткілікті болады.
    Әртүрлі халықтардың күйлері мен олардың әдет-ғұрыптарын білуге ыньаландырады. Музыкамен айналысу мектеп жасындағы оқушының мінез-құлқына, мәдениетіне әсерін тигізеді. Түрлі тапсырмаларды, іс-қимыл түрлерін (ән айту, әуен тыңдау, балалар аспаптарында ойнау) алма-кезек ауыстырып оқытса, оқушылардың ықыласын қоюын, тапқырлық көрсетуін тез қабылдап, тез қимыл жасауын, ұйымшыл болуын қалыптастырады. Жігерлі күш қимылды күйді дер уақытында бастап, аяқтауды, ойындарда тезірек жүгіріп кеткісі, озып кеткісі келетін ықтиярсыз тілекке берілмей, музыкаға бағынып, қимылдай білуді талап етеді. Осының бәрі ұстамдылықты жетілдіреді, ерік жігерді тәрбиелейді. Сөйтіп, музыка оқушының жеке басының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар туғызады, болашақ адамның жалпы мәдениетін алғашқы түп негіздерін қалайды.
    Музыканы қабылдау ақыл- ой үрдісімен де тығыз байланысты, яғни оқушылардың дыбыс үніне зейіді байқағыштығы, тапқырлықты талап етеді. Оқушылар дыбыс үніне құлақ салғанда, ұқсас және өзгеше дыбыстарды салыстырып, олардың бейнелік мәнімен танысады, көркем бейненің мағыналық ерекшеліктерін байқайды, шығарманың құрылымын түсіне білуді үйренеді. Шығарма орындалып болған соң, мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап бергенде оқушы алғашқы тұжырымдарымен салыстыруларын айтады. Музыкалық шығарманың жалпы сипатын анықтайды, күйдің үнін музыкалық құралдар арқылы жарқын бейнелегенін ескертеді. Мұндай сезімді баға беруге алғаш ұмтылуда ақыл-ойдың алғыр болуын қажет етеді және оған ұстаз бағыт беріп отырады.
    Оқушының эстетикалық және ақыл-ой тұрғысынан жетілдіре отырып, оның қабылдау және көз алдына елестету қабілетін жандандыратын, ой қиялын оятатын кішкентай да болса шығармашылық көріністерін барынша демеп, қолдап отыру керек.
    Өнер оқушылардың әлемді тануына, саналылыққа, халықтың мәдени мұрасы байлығынан рухани сусындауына, батылдық сезімдеріне, азаматтық, адамгершілік қасиеттерге бір сөзбен айтқанда жан-жақты адам болып қалыптасуына тәрбиелейді.
    Мектеп оқушыларын өнерге деген құштарлығын арттырудың бірден-бір жолы – сазды әуен мен сиқырлы күй тыңдатып, әсіресе ұлтық аспаптардан домбыра мен қобыз үнін тыңдатып, олардың музыка сырын түсіне білуіне жол ашу, еліктіру.
    Күй – қазақтың рухани мәдениетінінң аса маңызды саласы. Халық композиторларының күйлері ұлы оқиғаларды, өмір шындығын суреттеген. Халық күйшілері әр түрлі ортада, әрқилы тұрмыста өмір сүретіндіктен күйлердің айтайын деген ойы-мағынасы сан алуан. Сондықтан біздің оқушыларға өнерде де жақсы мен жаманның, өтірік пен шындықтың қатар жүретінін әрқашанда шындық, әділдік жеңетінін, нағыз халық үшін жазылған музыкалық шығарма ғана мәңгі өмір сүретінін білдіру басты мақсатымыз. Сонымен қатар, халық сазы оқушылардың ақыл-ойына, сезіміне әсер етіп эстетикалық тағлым береді және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырады.
    Күй өнері және оны өмірге күйші-сазгердің өмірін насихаттаға көп көңіл бөлеміз. Ол үшін күй тыңдар алдында шығарма туралы қысқаша мәлімет беріп, көрнекті құралдар арқылы оқушылардың санасын оята отырып, қобызбен немесе күй табақтан күйді тыңдатуға үйретеміз. Ол жас оқушыларды өз халқының мәдениеті мен өнерін түсініп, бойына сіңіре білуге бір тиек боларына күмәніміз жоқ.
    Сонымен қобыз күйлерінің қандай сезімді білдіретінін, не жайында толғайтынын ұғыну бір күнде пайда бола қалатын қасиет емес. Ол адам бойындағы барлық асыл қасиеттерді қастерлеп, мәпелеп, аялап баптау арқылы мысқылдап жиналады да біртіндеп кәсіпке, одан шеберлікке ұласады.
    Оқушының қай нәрсеге қызықтыра білсек, оқушы қабілетінің ұщан-теңіз екендігіне көзіңіз жетеді.
    Күйлерді түсіндіру барысында ұлттық дәстүрді сақтаған жөн. Ел ішінде әуелі күй тарихы айтылып, сонан соң күй орындалады.
    Категория: Уроки музыки | Добавил: Мадина (06.02.2018) | Автор: Мадина E
    Просмотров: 562 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024